Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан тауларының биіктік зоналылығының үш түрі

Автор:   •  Апрель 28, 2021  •  Контрольная работа  •  3,800 Слов (16 Страниц)  •  512 Просмотры

Страница 1 из 16

Зона атауы

Орналасуы

Жер бедері

Климаты

Топырағы

Өсімдік жамылғысы

Жануарлар дүниесі

Орманды дала

Қазақстан жерiне орманды дала зонасының тек оңтүстiк шетi суйiрленiп кiредi.Солтүстіктегі Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін, Қостанай облысының солт.шығысы, Солтүстік Қз облысының солтүстік және батысын алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%ын алып жатыр.

Казіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювийлі және көлтабанды-аллвийлі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. 

Каледон, герцин іргетасындағы жас платформалар учаскелері қамтиды

Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10°с-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200°с, Жазы қоңыржай ыстық, шiлденiң орташа температурасы 18°-20*.Қысы едеуiр суық, кей күндерi қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53С- қа дейiн темендейдi қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэфиценті 0,77-0,56. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылыө жылдардың қайталануы 20-30%.

Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Батыс Сібір жазығының рельефі және территориясының өте әлсіз дренажы жағдайында аймақ гидроморфизмнің жоғарылауымен, шалғынды қара топырақтардың кең таралуымен ерекшеленеді.

 Сусыз жерлерде және ақшыл жыныстарда зоналық топырақтардың ішіндегі ең солтүстік типті сұр орман топырағы кездеседі (кіші типтерімен - қою сұр, сұр және ашық сұр).Бұл жердегі шабындық қара топырақпен және басқа топырақтармен біріктірілген шағын учаскелерді құрайды.  Жоғарғы горизонттағы гумустың мөлшері 3-5% құрайды.  Топырақтар қолайсыз физикалық қасиеттерге ие және қолайсыз су режимімен сипатталады.  Сондықтан оларды жырту практикалық емес және оларды орманның астында қалдырған дұрыс.

   Шалғынды  қара топырақ зонасы.  Олар көбінесе орманды даланың солтүстік бөлігінде, көктемгі кезеңде жер асты сулары 2-3 м тереңдікте және аз дәрежеде орманды дала мен дала зонасында кездеседі.  Олар жер асты суларының тереңдігі 3,5-6 м-ге дейінгі алқаптарда, сондай-ақ еріген сулардың әсерінен көктемгі ылғалдылығы көп ойпаттарда таралған.  Топырақтар гумустың көптігімен 8-12% ерекшеленеді, сортаң және сортаң тұқымдарын қоспағанда, өте құнарлы.  Дәнді дақылдар мен басқа дақылдар үшін қолданылады.

 Интразональды топырақтардың ішінен орманды далаға ең тәні қайың мен көктеректі-қайыңды тоғайлар астындағы ойпаттармен шектелген уыттар болып табылады.  Олар жер үсті немесе топырақтың жоғары ылғалдылығында дамиды.  

Зонаны Батыс-Сібір орманды дала провинциясы құрайды.Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Жалпақжапырақты ормандар кең таралған . Олардың түрлері: қайың, көктерек, терек, алма және жаңғақ ормандары Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т.б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр..

Дәрілік өсімдіктеріне:шолпанкебас, Борец Крылова, Сібір Буниера,Алтын тамыр

Эндемик өсімдіктері :Нина астрогалы, қазақ тимьяны

Орманда қоңыр тістілер, ақкіс, орман тышқаны мекендейді. Көлдерде, өзендерде су жертесері, су егеуқұйрықтары, жарқанаттардан водяная ночница мен рыжая вечерница кездеседі. Ал қайыңды көктеректі орманның ылғалды жерлерде бұландар  мен ақ қояндар мекендейді.  Орманды далада Европейская Маньчжурская фауна таралған. Көбінесе кәдімгі кірпі кездеседі, ал Бұталар мен биік шөптесінде кішкентай тышқандар мекендейді.  Далалы жерде сарышұнақтар мен атжалмандар мекендейді. Ылғалы аз жерде дала алақоржыны және дала күзендері мекендейді.  Даланың шөлді жерлерінде жаруарлар аз, бұл жерде көбінесе соқыр тышқандар, корсак, қосаяқтар мекендейді. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ.

Қызыл кітапқа енген жануар;Орта тас суыры

Дала зонасы

 Орналасуы (науменко бойынша)  Солтүстік дала подзонасы Солтүстік Қаз-ның аллювиалды жазықтарында тараған.

Умеренно-засушливая (қоңыржай құрғақ) дала Ертісалды жазығы, СҚО-ның, Қостанай обл-ның ылғалды су айдындары жағалауларын алып жатыр; Ал засушливая степь (құрғақ дала) таралған аумақ-Жалпы Сырт қыратының оңтүстігін, Мұғалжардың солтүстігін, солтүстік Қаз-да.

Оңтүстік дала зонасы умеренно-сухая және сухая степь деп бөлінеді

Орманды даладан оңтүстікте, Қазақ-ның 30%-ын алып жатыр. Каспий маңы ойпатының ең солтүстігінен Алтай тауының етегіне дейін 2000км-ге  созылып жатыр. Дала зонасының оңтүстік шекарасы 51-50 градус с.е. арқылы өтеді. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.

Жер бедеріне Орал алды үстірті, Мұғалжар тауы толығымен дерлік, Орал арты үстірті, Торғай үстірті, Сарыарқаның Есіл өзені салалары бастау алатын солтүстік-батысы, орталығы, Ерейментау (Акдым 901м), Баянауыл (Ақбет 1026м), Қарқаралы (1403м Комсомол) тауларын толығымен (қысқаша айтқанда Сарыарқаның солт-батысы, орталығы, солт-шығысын) алып жатыр. Ары қарай Батыс-Сібір жазығын (Есіл – Ертіс, Құлынды жазықтары) алып жатыр. Батыс-Сібір жазығының орташа биіктігі – 200 м.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 310-220

мм шамасында,

ылғалдану коэффициенті 0,56-0,27, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 135-170 күн. Қуаңшылық

жиі болып тұрады. Климат қуаңдығы солтүстіктен оңтүстікке жəне

батыстан шығысқа қарай күшейе түседі. Қуаңшылық жылдардың

қайталануы солтүстікте 40-50%, оңтүстікте 75-80%. Солтүстік дала подзонасындағы умеренно-засушливая (қоңыржай құрғақ) далада жауын-шашынның орташа мөлшері – 300-330мм,  жылдық орташа температура 0-1 градус, ал

засушливая (құрғақ) далада жауын-шашын мөлшері 300-250 мм,  орташа температура 2 градус. Оңтүстік дала подзонасында умеренно-сухая (қоңыржай құрғақ) далада жауын-шашын 240-270мм, ал орташа температура 1,7-3,0 градус, ал сухая степь (құрғақ) далада жауын-шашын 220-250мм-ге төмендеп кетеді. Құрғақ далада ылғ.коефф 0,49-0,35 (жеткіліксіз ылғалды).

Жалпы дала зонасы солтүстік дала,оңтүстік дала деп бөлінеді. Солтүстік далаға қоңыржай-құрғақ (умеренно-засушливая) және құрғақ ( засушливая) дала жатады. Қоңыржай-құрғақ далада кәдімгі қара (6,4-7,3 пр) және шалғынды қара топырақ дамыған. Құрғақ далада оңтүстік қара (4,6-6пр)  топырақ дамыған. Құрғақ дала таралған аумақ-Жалпы Сырт қыратының оңтүстігін, Мұғалжардың солтүстігін, солтүстік Қаз-да. Оңтүстік дала зонасы умеренно-сухая және сухая степь деп бөлінеді. Умеренно сухая дала зонасында қара каштан (3,4-4,5), ал сухая степьте орташа каштан(2,5-3,5) дамыған. Ал Наурызым қорығы территориясында Жарман және Ақсуат көлдерінің айналасында, Есіл өзенінің Атбасар қаласы маңындағы арнасында, Сілетітеңіз көлі, Теке көлдері мен Павлодар және СҚО обл-дағы көптеген көлдердің маңында, Теңіз көлінің айналасында сортаңдар өте көп тараған. Ал өзен жағалауларында шалғындар тараған.

Солтүстік Дала-ның умеренно засушливая даласында Ертісалды жазығы, СҚО-ның, Қостанай обл-ның ылғалды су айдындары жағалауларындаәртүрлі-шөпті селеу дамыған, атап айтар болсақ, қызыл селеу мен шөптерден шалфей, зопник, жоңышқа өседі. Ал засушливая степь-те қызыл селеу, типчак, тонконог өседі. Оңтүстік дала подзонасының умеренно-сухая (қоңыржай құрғақ) даласында бетегелі-селеулі өсімдік түрлері дамыған қара каштан топ-та. Ксерофитті селеу Каспий маңы ойпат-ң солт-дегі теңіздік жазықта, Оралалды үстірті мен Торғайдың денудациялық жазықтарында, Сарыарқаның солтүстігі мен Ертісалды жазығында өседі. Өсімдіктің негізгі түрі -бетеге мен селеу. Орталық Қаз-да бұталардан караганники (қара каштанда), таволожниктер, миндальниктер мен ивняктар кездеседі. Қарқаралы тауында қарағайлы орман өседі. Ал құрғақ далада (сухая степь) жусанды-селеулі-бетегелі дала тараған. Ең көп тараған өсімдік – типчак (бетеге)(орташа каштан). Ал Ертіс жағалауы мен Торғайдың құмды даласында құмды селеу, Беккер сұлысы, құмды жусан, қарағай борлары тараған. Далада негізінен ксерофильді және тығыз дәнді дақылдыдар көп. Ең көп тарағаны – селеу мен бетеге. Селеулі далада қызыл селеу (қара топырақта), селеу (қара каштанда кең таралған, бірақ ол сортаңда және ашық каштанда да кездеседі), тарсик және тарс өсімдіктері (ашық каштанда ) өседі. Ал бетеге сортаң топырақта көп кездеседі. Біршама ылғалды ойпаңдарда өсімдіктердің шалғынды-далалық түрлерінен ақ беде, сібір анры т.б. кең тараған.

Кең өзен аңғарларының табанындағы өзен жағаллауларын бойлай терек пен тал, қалың қамыс нулары, шабуға жарамды шалғындар өседі.

Дала сүткоректілеріне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыны жатады. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі. Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбіреулерінің салмағы 16 кг- ға жетеді. Одан басқа безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай кездеседі, әсіресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардан дала бүркіті дала құладыны, кезқұйрық бар.

Сонымен қатар суда және батпақта тіршілік ететін құстар көп кездеседі. Бұлар - қаз, үйрек, тырна, шағала, балықшы, қамыс торғайлары, аққұтан. Сарыарқаның ұсақ шоқылар арасындағы бытыраңқы орналасқан көлдерде суда жақсы жүзетін құстар - сүңгуір, гагара, крохалб, турпан болады.

Шөлейт зонасы

Шөлейт ландшафтары үздіксіз суарусыз жəне агромелиорациялық өңдеусіз егіншілікке жарамсыз. Жайылым ретінде пайдаланылады

Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.

 Бұл зона Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған. Қазақстан жерінің 23%-н алып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының көп бөлігін, Ақтөбе обл орталығын, Қостанай обл оңтүстігін,  Қарағанды обл біраз бөлігін, ШҚО оңтүстігінде таулардан басқа аймақты алып жатыр.

Зонаның жер бедері  толқынды болып,  орташа абсолюттік h = 50 м. Шөлейт зонасына кіретін Каспий маңы ойпаты төрттік дәуірдің теңіздік  шөгінділері мен толғындырылған. Ал, Торғай үстіртіндегі орт h = 50 – 60 м ге жетіп, онда  аймақтар жиі қалыптасқан. Сонымен бірге шөлейт зоналарының  территориясына кіретін қазақтың қатпарлы өлкесі тақтатастар мен пварциттерден және әктастардан тұрып, орт h = 350-450 м ге тең.

Таулы-төбелі гранитті қызыларай сілемі (1565 м) — шөлейттегі әсем жазираның бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және cop жерлер де кездеседі. Cop жерлерде өсімдік өспейді, тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктері өседі. Шөл даладағы өзен жайылмалары өсімдікке бай. Оларда айрауық, құрақ, қамыс өседі. Жекелеген үлескілерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары жиі ұшырасады.

Зоналық климаты қуаң континентті типке жатады. Жауын – шашын орташа жылдық мөлшері 200 мм ден аспайды, бұл көрсеткіш оңтүстікке қарай төмендей түседі. Шөлейт зонасының қысы суық, қаңтар орт t – байланыста – 120С, шығыс – 200С  қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, ал жазы ыстық әрі ұзақ шілдедегі ауаның орт t  = +250C. Аймаққа жыл бойына келіп түсетін жауын – шашынға қарағанда булануы мөлшері көп.

Тым қуаң климаттық жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180 мм, 100С-тан жоғары оң мəнді температураның жылдық қосындысы 29000-33000С, вегетациялық кезең ұзақтығы 170 күннен астам. Ылғалдану коэффициенті 0,280,20, қуаңшылықтың қайталануы 90-95%-ға жетеді. Негізінен кешенділікпен сипатталады.

Топырақ жамылғысында ашық каштан топырақ басым, ондағы гумус мөлшері 2-3% ылғалдың жетіспеуімен топырақ құрамында тұздар жинақталған. Зонаның оңтүстік бөлігінде құба топырақтар түзіліп, онда сортаң және сорланған өсімдіктер өседі. Ал сортаңдалған топырақтарда  жусан мен бітегенің бірнеше түрлері өссе, оңтүстікке қарай ксерофитті өсімдіктер бейімделген.

Зонаның оңтүстік шегінде шөлдің қоңыр топырағы, өзен аңғарлары мен шұраттарда, лимандарда интерзоналық шалғындық қара қоңыр топырақ кездеседі.

Ашық қызғылт қоңыр,сортаң және шалғынды қызғылт қоңыр топырақтар шағын қашықтықта бірін-бірі бірнеше рет алмастырады. Топырақ қабатының жиі алмасуы шөлейт ландшафтысына тән белгілердің бірі болып табылады.

Жазықтардағы шөлейттердің әлсіз сортаңданған ашық қара қоңыр топырағында далаға тән боз бен бетеге, тырса, қызыл және шығыс боздары, аз мөлшерде кәдімгі қылша кездеседі. Көктемде эфемерлер және эфемероидтер өседі.

Ашық қызыл қоңыр сортаңды жəне карбонатты топырақта жусанды-бетегелі, жусанды-көделі-еркек шөпті шөлейті мен ағынсыз көлдері, сорлары, құмды массивтері бар сазды жайпақ ойдымды құрылымдық жазықтар, ашық қызыл қоңыр топырақтағы жусанды-бозды-бетегелі шөлейтті, жер бедері толқынды-ағынды саздақты қабаттық жазықтар, құмдақты-саздақты, террасалы-аллювийлік құмды жазықтардың аллювийлік топырақтарындағы шөлейттер, шалғындар, түрлі шөпті-құрақты-астық тұқымдас өсімдікті шалғын, құмды төбешікті -қырқалы эол жазықтарының қара топырақ кейіптес құмды топырақтарындағы жусанды-көделі-еркек шөпті шөлейттер, тұзды көлдері, сорлары бар құмдақты-сазды кейде құмды, көлді-ойдымды жазықтардың ашық қызыл қоңыр топырақтарындағы еркек-шөпті-жусанды-бетегелі шөпті шөлейттер т.б. Ландшафтарының құрылымындағы қара жəне реңді шалғынды топырақта шалғын, шалғынды-бұталы дала, сортаңдарда қара жусанды шөл, сор-сортаңдарда шөл кездеседі. Ылғалданған құмды қазаншұңқырларда шалғын, қара теректің, қандыағаштың, талдың, қызыл талдың, қарағайдың, қайыңның, аршаның шоқтары өседі.

Жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар және бауырымен жорғалаушылар  бейімделген.

Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.

Шөл зонасы

Республиканың 44%, оңт. Қазақстанның жазық жерін алып жатыр. Каспий маіы жазығының оңт., Маңғыстау, Үстірт, Арал маңының солт., Сырдария жазығы, Бетпақдала оңт., Қызылқұм, Мойынқұм, солт./оңт. Балқаш маңы.

Жазықты, аласа қырат-таулы.

Қазақстан шөлдерінің климаты өзінің ыстық жазы мен аз қарлы салқын қысымен ерекшеленеді. Жаз темп. +25-28С, 10С жоғары темп. жиынтығы солт. 3200С, ал оңт. 4600С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150мм, ылғалдану коэфф. 0,12-0,15. Жауын-шашын ерте көктемде түсетіндіктен, көктемде табиғи-территориалдық кешендердің гумидті цикл бойынша, ал жазда аридті цикл бойынша дамиды.

Қазақстан аймағында қоңыр және сұр-коңыр болып бөлінетін қоңыр (бурые) шөл топырағы таралған. Шалғынды-қоңыр, тақыр тәрізді және құмды шөл топырақтары, тақырлар, солончаки, солонцы көп таралған.

Зоналалық бойынша мұнда шөлді жартылай бұталар (жусан, ащы шөп), эфемерлер, сексеуілдер өседі. Олардың көп таралуына шөгінділердің литологиялық құрамы әсер етеді. Соның ішінде құмды, тасты, сазды шөлдер.

Мұнда осы зөнаның климат жағдайын бейімделген жануарлар таралған. Ыстық және сусыз климат болғандықтан, көп жануарлар түнгі тіршілік жүргізеді. Жер қазатын жануарлар көп: сарышұнақ, құмтышқан, қосаяқ. Құлақты кірпілер, құм қояндар көп таралған. Әртүрлі кесірткелер, дала сұр жыланы, боз жылан, құм тасбақалары тіршілік етеді. Құс әллемін бозторғайлар, дуадақ, сексеуілді жораторғай, тб. анықтайды. Үстірт пен Бетпақдаланың сазды шөлдерінде киік табыны сақталған, джейран бөкені кездеседі.    

Солт. Шөл подзонасы

Оңт. Қазақстанның көп бөлігін алып жатыр. Каспий маңы жазығының батыс шекарасынан Тарбағатай тау беткейіне дейін.

Бұл бағытта зона ені Каспий маңында 670км ден Арал маңында 350км дейін, солт. Балқашта 70-100км дейін өзгереді. Мұнда тасты, сазды шөлдер ландшафт көрініс береді.

Климаттық жағдай, шөгінділердің литологиялық құрам мен жер беті сулары ерекшеліктерінен мұнда қоңыр топырақ таралған. Сарыарқаның оңт мен Бетпақдаланың шығысында аз дамыған қоңыр тасты топырақ таралған.

Қоңыр  топырақта өсетін дәнді дақылды жусанды-ащы шөпті шөл таралған.Каспий маңының аккумлятивті жазықтарында жусанды-дақылды шөлдер, Бетпақдала мен Солт. Балқаштың

денудациялық жазықтарында тұзды шөл таралған.

Оңт. Шөл подзонасы

Маңғыстаудың аллювиалды және эолды жазықтарында, шығыс Арал маңы (Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Сырдария аллювиалды жазығы, Мойынқұм), Бетпақдала оңтүстігінде.

Климат аридттығының кұшеюінен солт. шөл подзонасын алмастырады. Орт. жылдық темп. 10-13С, активті темп. жиынтығы 4200-4600С – бұл Қазақстан территориясында максимум. Жылдық жауын-шашын 80-100мм-ге дейін төмендейді.

Солт.шөл подзонасының қоңыр топырағы сұр-қоңырға, құмды, тақыр тәрізді топыраққа алмасады. Гумус 0,5-1,2%

Сұр-қоңыр топырақтарында эфемер-жусанды шөлдер таралған. Өзен жағасында тоғайлар бар.Ылғал жетіспеушілігінен жаздың басына дейін эфемер мен эфемероидтар шөп жамылғысынан жойылады. Оңтүстік шөлдің өсімдіктері өте алуан түрлі. Бұл геологиялық түзілімдердің литологиялық құрамына байланысты. Оңтүстік Қазақстанның құмды массивтерін өсімдіктері ең бай. Ол ағаш-бұтақты қауымдастықтарынан тұрады: Ақ немесе құмды сексеуіл, құмды акация, жүзгіндер, жаңғыл, эфедра, сондай-ақ шөпті көпжылдықтар (селин) және бір жылды. Қазіргі және ежелгі өзен атырауларында жусан-эфемерлі қауымдастықтар басым. Көктемде Оңтүстік шөлдер гүлденген қызғалдақтармен таңғалдырады.

Жануарлар әлемінде кеміргіштер мен бауырымен жорғалаушылар басым. Тоғайлар мен қамыс төсектерінде жабайы қабандар, еліктер, қамыс мысықтар мекендейді; қырғауылдар, ақ құйрықты чибис және басқалар ұя салады.

Зона атауы

орналасуы

Жер бедері

климаты

топырағы

Өсімдік жамылғысы

Жануарлар дүниесі

Өзен көлдер

Пайдалы қазбалар

Алтайдың биіктік белдеу құрылымы - Қазақстандық Алтайдың таулы аймақтарына тән.

Зоналары : Оған тән белдеулер-тау алды және аласа таулы дала; далалы, биік таулы субальпілік және альпілік шалғын; таулы-тундра және нивалдық-мұздықты орта таулы орман.

№2

Сауыр Тарбағатай құрылымы

Зоналары: тау алды шөлейт, аласа таулы далалы бұта, орта таулы дала (Тарбағатай жотасы) және шалғынды орман.  Альпілі таулы-тундра және нивалдық-мұздық (Саур жотасы).  

Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.

Алтайдың өзіне тән географиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты.Тау жүйесінің ең биік шыңы - Мұзтау(4506м).Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Солтүстік-батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді.

Жер бедері: Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км.Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды.

Климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27,6°С)

Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.

Топырағы: Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді

Топырағы: топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді

Өсімдік: дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп. Сауыр ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр.

Жануарлар дүниесі: Тайганың жануарлары мекен етеді.Таулардың дала учаскілерінде және Альпіде дала паромы,суурлар, кездеседі. Оңтүстік елдердің мезофильді түрлерінен Алтайда кішкентай ак тіс, сұр хомяк, қабан және қызыл қасқыр бар. Кызыл кітаптан алтай арқары, қызыл қасқыр, сілеусін, дуадақ, қабан, қызыл қасқыр бар. Эндемиктер: алтайлық крот,пищуха, цокор.

Тағы аңдардан аю, жабайы шошқа, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұларлар кездеседі.

Жануарлары:

Арктикалық бурозубка, полевка-экономка, беляк қояны.  Кең таралған орман түрлерінің саны да азаюда.  Сонымен, аумақ ішінде Алтайда кездесетін тиіндер мен бағандар жоқ.  Мұнда таулы орман түрлері де ұсынылмаған.  Еуропалық-маньчжурлық түрлерінен молютка тышқандары жоқ.  Сонымен қатар, бұл аймақта шөлдің түрі - соқыртышқан кездеседі. 

Оны қоңыр аю, бұғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі және т.б. аңдар мекендейді. Тау жануарлары да, дала, шөлейт аңдары да кездеседі. Шөлейтті далада суыр, аламан тышқаны мекендейді. Бұл жерде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашұбар жылан, ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады.

Өзендері:Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған.Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, Бұлғын т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.

Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Зайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені - Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан.

Өзендері:Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Зайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол.

Пайдалы қазбалары: Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.

Жетісу Алатауы

Тау алды шөл,  аласа таулы шалғынды орман, дала,    субьалпілік, алпілі шалғынды, нивальды мұздық

Орналасуы:Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.

Жер бедері:Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370). Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптары тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлері құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.

Климаты Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар калыптасқан. Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады.

Топырағы

Онда шырша, самырсын ағаштары өседі.Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі.

Жануарлардан

Тау етегінде шөл зонасы фаунасының әсері басым. Кең таралған шөл жануарларынан көртышқан, ала мысық, шөл қояны, 1800 м биіктікте жарқанат, моңғолдық түрден- орташа сарышұнақ, ирандық-ауғандық түрден- биік тауларда мекендейтін сұртышқан кездеседі.

Дала жануарларынан дала күзені және суыр, тау арқары, шығысында табынды сұртышқан және ұзынқұйрықты сарышұнақ, қазақстандық бөлігінде кәдімгі атжалман ұшырасады.

.

Өзендері: Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты (өзен) Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Бүйен, Ақсу) Балқашқа бағытталған.

Тянь Шань таулары

(Солт. и батыс Тянь Шань)

Зонасы:

Тау алды шөл мен дала, аласа таулы дала және орманды дала, шалғынды дала, субьалпілік және алпілік шалғын, нивальды мұздықтар

орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі.

Тянь- Шаньның ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы.Орталық Тянь-Шанның үлкен жотасы Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан.Теріскей Алатаудың қазақстандық оңтүстік – батыс беткейі Сантас асуымен,Текес тау аралық жазығымен өтеді де, Күнгей Алатауымен жалғасады.

Климаты: Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тәңір тауының климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм.

Топырағы сұр, қызғылт қоңыр, бозғылт сұр, қоңыр

Оңтүстік-батыс Тәңір тауының сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тәңір тауында қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тәңір тауының оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі.Оңтүстік-батыс Тәңір тауында шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі.

Тянь-Шань фаунасы Жоңғар Алатауы фаунасымен өте ұқсас. Айырмашылықтары мынада: мұнда дала жануарларынан орта және ұзын құйрықты саршұнақ, аламан кездеспейді. Алайда орта тұсында реликті саршұнақ бар. Орманды түрлерінен бұл ауданда арктикалық жертесер, ақ қоян кездеспейді. Осылайша, бұл ауданда бірде-бір тайгалық түрі жоқ. Оңтүстік мезофильді түрлерінен баурайында сирек  жайра кездеседі.

Өзен көлдері:Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.

Пайдалы қазбалары: фосфорит, қорғасын, мырыш, гипс, цемент,

...

Скачать:   txt (56.4 Kb)   pdf (185.3 Kb)   docx (29.3 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club