Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этносаяси қақтығыстар

Автор:   •  Апрель 5, 2021  •  Доклад  •  326 Слов (2 Страниц)  •  4 Просмотры

Страница 1 из 2

Этносаяси қақтығыстар - бұл саяси субъектілердің өздерінің саяси мүдделері мен құндылықтарын жүзеге асыруға деген ұмтылысы үшін саяси биліктің жетуіне немесе қайта бөлінуіне байланысты қақтығысы, бұл Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан мысалында айқын көрінеді. Сарапшылар жағдайға қатысты  аталған елдердегі этносаяси проблемалар және оларды шешу жолдарын көрсетіп отыр.

Тәжікстанда рулық бөліністердің кесірі азаматтық соғыстарға алып келді, ал Қырғызстанда. қақтығыстар қан төгістерге алып келді. Бұл елдерде жергілікті үкімет өзінің билігін жүргізе алмады және КСРО ыдырағаннан кейін  жаппай тәртіпсіздіктер сонымен қатар, елде ішінде миграциялық жағдайлар орын алды. Жергілікті халықтар елдегі басқа этнос өкілдерін қудалап ,  олардың құқықтарының бұзылуына жол берді. Сауатты оқыған адамдардың көп бөлігі елден кетті, ол өз кезегінде білікті кадрлардың азаюына алып келді.  Ел ішінде жұмыссыздардың саны артып, азаматтардың басқа елге жұмыс іздеуіне тура келді.

Сонымен қатар, бұрынғы екі республикада да діни топтар белсенді бола бастады. Жаңа ағымдар мен секталар ашылды. Тәжікстанда суниттік бағыттағы тәжіктер және исмаилит тәжіктері бағыт бойынша бөлінді, ал Қырғыз Республикасында радикалды ислам қалыптаса бастады.

Аталған келеңсіздіктер күштердің бағаланбауынан туындады. КСРО-дан шыққаннан кейін ел үкіметі өз бетінше басқару аппаратына дайын болмай шықты. Бұған дейін тапсырмалар Кенес Үкіметінің орталығынан шығып отырды, сондықтан жергілікті басқаруда жеңілірек болатын. Сонымен қоса Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін басқа да жағдайлар ұшығып кетті; қаражаттың жетіспеушілігі , көрші елдердің сес көрсетулері, және рулардың өзара қақтығыстары. Оларды қоныстандыру процесі ұзаққа созылды және оңай болған жоқ. Мәселелерді толығымен жою мүмкін болмады. Тәжікстан бұл мәселені ел ішінде дербес шеше алмады. Сондықтан ТМД мен Ресей Федерациясы этносаяси қақтығыстарды шешуге белсенді үлес қосты. Азаматтық соғыстан кейін ел қираған аймақтарды қалпына келтіріп, терең дағдарыстан шығуға және елден кеткен азаматтарды қайтаруға тырысты.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (37.4 Kb)   docx (214.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club