Туризмдегі менеджмент түсінігі және мазмұны
Автор: Nursu14an • Март 19, 2026 • Лекция • 35,966 Слов (144 Страниц) • 13 Просмотры
1. ТУРИЗМДІ БАСҚАРУ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Туризмдегі менеджмент түсінігі және мазмұны.
Туризмдегі менеджмент ТМД –да ертеден келе жатқан сала. Бірақ оның теориясы әлсіз жетілген көптеген мақалалар туризм менеджментінің аспектілерінің әр бағытын сипаттау арқылы бұл пәннің тәжербиелі менеджментінің тәрбиелік түрі өсуін қолдап тұрады. Біз нарықты эканомиканың туризмге қатысты халықаралық сауда ұйымында көптеген өзгерістер мен төңкерістер кездерінен өттік. Туризм бүкіл әлемде өзіндік мәні бар эканомикалық сала, ал кейбір елдің негізгі қаржы табу көзі болып табылады. Ал сонымен қатар көптеген елдің жұмыс күші орындарын туризм саласы құрап отыр. Туризм көпшілікке белгілі сала, барлық уақытта жер шарымызда саяхатшылармен жаһанкездер кезіп жүрген. Бірақ та біртін келе туризм адамдардың арнайы қызмет формасы ретінде қайта жандандырып, қайта басқару керек болды.
Менеджмент ағылшын тілінен шыққан, тікелей мағынасы «басқару» дегенді білдіреді. Туризм менеджменті жайындағы ойларымызды жинақтап қорытындылайтын болсақ менеджмент функциясының негізгі саяхат жасау белсенділігі, қызмет көрсетудің бір саласы ретінде туризм менеджментін қарастыру, оған әр уақытта экономикалық, әлеуметтік және техникалық сонымен қатар мәдениет факторлары әсер етіп отыр. Жалпы алғанда менеджментті ғылым ретінде қарастыру қажет, еңбекті пайдалану арқылы өзінің алдына қойған мақсаттарға жете білу. Бұл адамдарға әсер ететін қалыптаспаған элементтерді тиімді өндіретін күшке айландыру. Басқаша айтқанда, менеджмент - бұл адамның барлық мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы ұйымның алдына қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жету. Негізінде «басқару» мен «менеджмент» синоним ретінде қолданылады. Классикалық түсінікте «басқару» категориясы «менеджмент» түсінігіне қарағанда кең мағыналы. Өйткені басқа жерлерде мысалы машина жүргізу немесе басқа күрделі техникалық құрылғыларды пайдалануда қолдана береді. Менеджмент әлеуметтік – эканомикалық процесстерді ұйымының деңгейінде, қызмет көрсету саласындағы және ондағы қызметкерлерді басқару.
Туризм түсінігін әр адам әр түрлі түсінеді, қиын жолдармен өту, палаткасы мен ошақтың алдында ән салу, ал кейбіреулері тарихи орындарға бару, ал үшіншілерге алыс шетелдерге шығу. Бұның бәрі дұрыс, себебі туризм әр түрлі болады.
Туризмді біз тек қана демалыс ретінде ғана емес, қазіргі таңда экономикалық фактор ретінде алып қараймыз.
Туризмді даму процестерін ерекше түсіну үшін мынадай критериййлер пайда болады.
- Орын ауыстыру – бұл өзінің тұрғылықты орнынан басқа тыс жерге шығу. Бірақ жұмысқа немесе оқу орнына барып келуді турист деп санауға болмайды, себебі бұл олардың күнделікті ортасы.
- Тыс жерде болу – ең негізгі өзінің күнделікті ортасы болмауы тиіс және қаржы табу мақсатында болмауы тиіс, және 12 айдан аспауы керек.
- Барған ортадан еңбек ақы алу – басқа елге жұмыс істеуге шыққан кез келген тұлға турист емес мигрант болып саналады.
1.2 Туристердің түрлері.
Туризм менеджментін зерттеген кезде қай турист қандай туристік қызмет түрін пайдалануын білуі керек. Әр турист әр түрлі туристік қызмет түрін пайдаланады.
Осыған байланысты туристерді белгілеріне қарай бөлуге болады.
Олардың белсенділігіне қарай, өмір сүру жағдайына байланысты алты топқа бөлуге болады.
- Тыныш демалуды әуестендірушілер – бұл топқа өзінің демалысын күнделікті ауыртпашылықтан босап демалысын тыныш жерде өткізуді қалайды. Олар адамдардың көп жиналған жерін қаламайды.
- Қанағат алуға әуестенушілер – бұл топқа жататындар, адам көп шоғырланған жерді, алыс жолға шыққанды қалайды.
- Белсенді демалушылар – Бұл топтағы туристер табиғатта серундеуді қалайды, өзінің денесіне ауыртпалық түсіргенді ұнатады. Таза ауада болғанды қалайды.
- Спорттық демалушылар – бұл туристердің белсенді туристерден ерекшелігі бұлардың жарыстарға қатысуы. Бұл демалушылардың ең басты мақсаты спорт.
- Тану- зерттеу мақсатындағы демалушылар – бұл топтағы туристер өзінің білімін жетілдірумен айналысады. Бұл топ (П1)-топтағы туристер - әр түрлі орындарға барушылар. (П2)-бұл туристер белгілі орындарға ғана емес өзіне ұнайтын жерлерге барады. (П3)- бұл
туристер негізінен мәдени және әлеуметтік - ғылыми қызығушылықтарын қанағаттандырады. Олар табиғатты жақсы көреді.
- Оқиға іздеушілер – тәуекелділікті жақсы көретіндер. Олар үшін тәуекелділік өздерін тексеру болып табылады.
Өмірінің стиліне байланысты үш топқа бөлінеді:
- Демалуға әуестенушілер– бұл топтың өкілдері демалудыңсапасына үлкен көңіл аударады. Олар үшін саяхат - өзін көрсету болады. Демалудан қанағат алу немесе өзіне спорттың ауыртпашылығын түсіреді.
- Тенденциоздық туристер – бұл топқа кіретін туристер үшін, демалу – бұл өзін өзі тұлға ретінде тану. Бұл демалушылар жоғары сұраныстарға ие, бірақ «демалуға әуестенушілерден» айырмашылығы, оларға люкс деңгейі қажет емес. Олар табиғатта, тыныш жағдайда, психологиялық дамуды қажет етеді.
- Жанұялық туристер – бұл топқа жанұялар балаларымен кіреді. Жанұялық туристер өзінің демалыстарын отбасымен, туыстары және жора – жолдастарымен өткізуді қалайды. Олар көбінесе өз-өздеріне қызмет етеді.
1.3 Туризмнің түрлері мен факторлары.
Туризмнің түрлерін белгілері бойынша топтастыруға факторлардың мотивациясын пайдалануға болады.
- Демалу мақсатындағы туризм – Бұл түрге қысқа немесе ұзақ мерзім ішінде, адам ағзасының психологиялық немесе физикалық жағдайын қалпына келтіру болып табылады. Бұдан басқа бұл топқа курорттық, сондай-ақ климат, топырақтың және теңіздің суымен емделу болып табылады.
- Мәдениетті зерттеу мақсаттағы туризм – бұл туризм басқа мәдениетті тану, негізінен танымдық және қажылық туризм жатады. Танымдық туризм, тарихи, мәдени және географиялық орындарға барумен байланысты. Негізінен туристер барған елдің әлеуметтік және экономикалық жағына қызығады.
- Қоғамдық туризм – қоғамдық туризмге, өзінің туыстарын таныстары және жандостарына баруды жатқызады.
- Спорттық туризм – спорттық туризмге спорттық жарыстарға белсенді қатысуды айтамыз. Сондай ақ жарыстарға пассивті қатысуын айтамыз.
- Экономикалық туризм – бұл комерциялық және кәсіби негізінде жасалатын саяхаттар: биржаларға, көрмелерге бару және т.б.
- Әлеуметтік туризм – бұл саяхаттарға субсидия ретінде әлеуметтік көмек беріледі. Бұл демалушылар негізінен: оқушылар, зейнеткерлер, студенттер, ардагерлер және т.б. азаматтарға беріледі. Бұл демалушыларды қаржыландыратын ұйымдар мемлекеттік және жекеменшік бола береді.
- Саяси туризм – бұл туризм түрі дипломатикалық конгрестерге қатысу, және де саяси жиындар мен оқиғаларға байланысты бөлінеді.
Жалпы алғанда туризмнің түрлері мен формаларының арасында үлкен ерекшелік жоқ.
...