С. Асфендияровтың қызмет жолы
Автор: Aktore988 • Февраль 20, 2019 • Курсовая работа • 9,244 Слов (37 Страниц) • 923 Просмотры
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................ | 3 | |
1. | ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМЫ, БЕЛГІЛІ ҚАЙРАТКЕР САНЖАР ЖАҒЫПАРҰЛЫ АСФЕНДИАРОВ ............................. | |
1.1 | Санжар Жағыпарұлының балалық шағы және өскен ортасы | |
1.2 | Ұлы өлкетанушының үздік шығармалары | |
2. | ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ | |
2.1 | С. Асфендияровтың қызмет жолы | |
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауында жатқан халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болатын. Санжар Асфендияровтың саяси күреске, жалынды патриот, әрі ғалым, өз мамандықтарының білгірі болуы –кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Осы сынды белгілі қоғам қайраткерінің өмірін зерттеу жастарда патриотизмді оятатыны сөзсіз.
Санжар Жағыпарұлы – жан-жақты даярлығы бар, жазба деректерді терең білген, әмбебап тарихшы, ғалым.
Санжар Жапарұлы Асфендияров 1889 жылы 20 қазанда Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте дүниеге келген. С.Ж.Асфендияров 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкенттегі реалдық училищені бітірді. 1907-1912 жж. Санкт-Петербургтегі Әскери - медициналық академияда оқыды. С.Ж.Асфендияров – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери дәрігер қызметін атқарды.
Тақырыптың тарихнамасы: Санжар Жағыпарұлы қайраткерлік қызметінің негізгім кезеңдері.
- 1919-1925 жж. Ташкентте басшылық лауазымдарды атқарды:
- 1919-1920 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары;
- 1921-1922 жж. — Түркістан АКСР-ның Жер ісі халық комиссары;
- 1923-1924 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары.
- 1927-1928 жж. Мәскеуде Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры қызметін атқарды. Мәскеу Мемлекеттiк университетiнiң профессоры атағына ие болды.
- 1928 жылы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) қайтадан құрылуына атсалысты.
- 1929-1931 жж. Қазақ педагогика институтының директоры және тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
- С.Ж.Асфендияров Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931-1933 жж.) болды.
Ғылыми еңбектері: «Қазақстан тарихы» (1935 ж.), «Причины возникновения ислама» (Самарканд — Ташкент, 1928 ж.) және 1935-1936 жж. П.А. Кунтемен бірігіп жазған «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» екі томдық еңбек, «Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане» монографиясы (1936 ж.).
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақтың көрнекті ғалымы, белгілі қайраткер Санжар Жағыпарұлы Асфендиаровтың өнегелі өміріне шолу жасау, зерттеу, қайраткерлік қызметін жастарға насихаттау
Курстық жұмыстың міндеттері.
- Санжар Жағыпарұлының балалық шағы және өскен ортасы туралы мәліметтер жинақтау;
- Ұлы өлкетанушының үздік шығармаларын сараптау;
- С. Асфендияровтың қызмет жолын және жеткен жетістіктерін зерттеу.
Ол жазған еңбектерді тақырыптық жағынан жіктер болсақ, оның творчестволық ізденістеріне діннің шығу себептері, көшпелі шаруашылық, ұлттардың пайда болуы, тілдің рөлі, ұлт-азаттық қозғалыстары, «Қазан революциясының», республика партия ұйымының тарихы, ұлттық мәдениетті өркендету жолдары секілді қадау-қадау мәселелер арқау болғанын байқаймыз.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қурстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...