Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Популяциялар санының динамикасы

Автор:   •  Ноябрь 6, 2018  •  Реферат  •  476 Слов (2 Страниц)  •  930 Просмотры

Страница 1 из 2

Популяция саны мен тығыздығы оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі. Популяциядағы даралар саны – бұл белгілі бір алаңдағы, аумақтағы немесе көлемдегі дербес организімдердің жалпы саны және экологиялық зерттеуде маңызды сипаттамалық көрсеткіш, әсіресе саны азайған, жойылуға жақын жануарлар мен өсімдіктер түрін зерттегенде. Табиғатта бұл көрсеткіштер өзгермелі.

Популяцияларды сипаттаған екі түрлі сандық көрсеткіштерді қолданады. Біріншісі: статистикалық – белгілі алаңдағы, уақыттағы және кеңістіктегі даралар саны; екіншісі: динамикалық көрсеткіштер – белгілі уақыт ( бір сағат, бір айт, бір жыл, он жыл, жүз жыл) өткендегі даралар саны. Сонымен бірге, популяцияларды сипаттайтын құрылымдық көрсеткіштері анықталады. Табиғи жағдайда популяциядағы даралар санын анықтау күрделі мәселе. Мысалы, ақбөкендер санын анықтау үшін AH-2 ұшағымен немесе тікұшақпен ұшып жүріп ақбөкендер үйіріндегі дараларды тікелей санайды немесе суретке түсіріп, сосын санайды. Колониальды ұя салатын құстар ( қарға, сауысқан, торғайлар, т.б) санын анықтауда да тікелей санау әдісін қолдануға болады. Ал, масаның, сонаның, бүгелектің санын анықтау тіпті күрделі проблема. Өйткені, масаның өзі күндіз өсімдіктер арасында оның сөлін сорып тіршілік етсе, түнде қанын сору үшін жануарларды іздейді, ал личинкасы басқа ортада – суда тіршілік етеді.

Популяциялар санының динамикасы – бұл уақыт және кеңістік бойынша организімдер санының көбейіп өрістеуі, таралуының күшеюі немесе нашарлауы, азаюы. Мысалы, Африкалық қызыл шегіртке үлкен топ құрған кезде популяция саны орасан көбейіп, бұрынғы өмір сүрген жерінен мыңдаған км-ге дейін ұшып таралады.

Қолайсыз табиғи жағдайда популяция майда топтарға бөлінеді. Атап айтқанда, Н.П. Наумовтың (1965) зерттеулері бойынша, күшті қуаңшылық болып, өсімдіктер нашар өсіп, саны азайған, қолайсыз жағдайда үлкен құм тышқандары майда таптарға бөлініп, өзендердің ескі арналарының бойында, аздаған шөптесін өсімдіктер бар жерлерде тіршілік етеді. Оларды « жан сақтау станциялары “  деп атайды. Жауын – шашын көбірек болып, қолайлы жағдай қалыптасқанда популяция саны көбейеді, жан – жаққа таралып, өмір сүру кеңістігі ұлғаяды.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (139.4 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club