Сыныптағы оқушы санының оқу үрдісіне әсері
Автор: Goldenai11 • Декабрь 11, 2022 • Эссе • 517 Слов (3 Страниц) • 187 Просмотры
Сыныптағы оқушы санының оқу үрдісіне әсері
Жалпы мәлімдеме: Мектептегі оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуы оқушының қажетті деңгейде білім алуы үшін маңызды фактор болып табылады. Білім алушыларды жас ерекшеліктеріне қарай сыныптарға бөлінетіндігі белгілі, осы орайда кейбір сыныптардағы оқушылар санының артып кетуі жиі туындап жататын мәселе. Бұл жағдай Алматы сияқты халық тығыз орналасқан қалаларда жиі кезедесетін құбылыс.
Тезистік мәлімдеме: Ал сыныптағы оқушалар санынын дұрыс құрмау сабақтарды өткізу тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін.(Зерттелетін проблемалық сұрақ) Бұл эссе білім көрсетікішіне оқушылардың сыныптағы санына байланыстылығын қажетті білім алуы, мұғалімнің назарын аударуы және денсаулыққа қолайлы орта тұрғысынан қарастырады.
1 Пікір: 1 параграф. Біріншіден, сыныптағы оқушылар санының дұрыс жасақталуы олардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Зерттеулер барысында сыныптағы оқушылар санының аз болуы оқыту үдерісінің тиімді жүргізіліп, оқушылардың білім деңгейінің жоғары болатындығына ықпал жасайтындығы анықталған Зерттеуге сілтеме[1]. Сыныптағы оқушылар санының дұрыс жасақталуы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жүзеге асуына мүмкіндік береді. Осылайша оқушы өзін толғандырған сұрақтарға мүмкіндігінше толық жауап ала алады, ал сыныпта білім алушылардың көп болуы қарым-қатынас мәселесін күрделендіріп жібереді. Әсіресе, соңғы партада отырған оқушы үшін мұғалімінің айтқанын түсінуі, дауысын анық естуі, тақтаға жазылған ақпараттарды көруі сияқты қиындықтар туындайды. Осы жайттар әрбір оқушының қажетті деңгейде білім алуына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Екіншіден, ұстаз үшін шағын етіп шоғырландырылған сынып оқушыларының назарын толық қанды өзіне аударуына үлкен жеңілдіктер туындатады. Оқушылар назарының барынша педагогте ғана болуы олардың сабақ барысындағы басқа жайттарға алаңдамауына, тақырыптан тыс мәселені ойламауына септігін тиізеді. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар саны аз болған сайын оқытушы әрбір оқушыға жекелеген уақытын көп бөле алады және оларға қажетті мөлшерде көңіл бөле алады [2].
Сондай-ақ оқушы санының шамадан тыс артық болуы олардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Балалардың білім алатын бөлмелеріндегі кеңістік және ондағы ауаның жиі желдетіліп тұруы сияқты мәселелер денсаулыққа тигезер әсері бар екендігі анық. Егер оқушылар талап етілген норма көрсеткішінен асып кеткен жағдайда сыныптағы отегі мөлшері азайып кетуі мүмкін. Сонымен қатар тұмау сияқты жұқпалы аурулардың тез таралу қаупі ұлғаяды. Өкінішке орай Қазақстанның мектеперінде сыныптағы оқушылар санының ұлғаюына байланысты балалар денсаулығы жағдайының нашарлау көрсеткіші артып отырғандығы байқалады [3].
...