Варианттардың нормалану динамикасы. Варианттылық және синоним
Автор: 12112002 • Декабрь 7, 2022 • Реферат • 738 Слов (3 Страниц) • 201 Просмотры
Абай атындағы Қазақ Ұллық педагогикалық университеті
Филология институты
С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ №6
Тақырыбы: Варианттардың нормалану динамикасы. Варианттылық және синоним. Жазылым әрекетінде тақырыпты ашу мақсатында жоспар түрлерін құру, тірек сөздерді әдеби тіл нормасына сай орынды қолданып, мәтін құрастыру.
Орындаған: Қадырова Арнагүл
Тексерген: ф.ғ.д. проф. Қосымова Г.
Алдымен, варианттардың түрлерін айырып тану арқылы әдеби – әдеби емес қатарлардың соңғы сыңарларын әдеби тілде жазғанда не сөйлегенде қатыстырмау қажет. Ол сыңарлар: диалектизмдер, фонетикалық-орфограммалық дублеттер, қарапайым, дөрекі сөздер, варваризмдер. Мысалы, қолдан өсіріліп, адам, мал азығы ететін дақылдың әдеби атауы – жүгері сөзі тұрғанда, оның борми, көмбеқонақ варианттары уәжсіз қолданылмауға тиіс. Егер кейіпкері Шығыс Қазақстан тұрғыны болып, оны жергілікті тілде сөйлеткісі келсе ғана жазушы борми вариан тын жұмсай алады, бұл – уәжді қолданыс болмақ. Варианттарды тандауда көркем әдебиет стилінің басқа функционалдық стильдерден ерекше тұратындығы қатты ескеріледі. Ал ресми-іс қағаздары, ғылыми, публицистикалық стильдер варианттар қатарын пайдалануда жоғарыда берілген талдауларға құлақ асуы – тіл мәдениетінің басты талабы.
Жарыспалы варианттар мен синонимдер
Ал, дұрысында, фонетикалық, тұлғалық, мағыналық жақындығы жағынан жарыспа сөздер мен синонимдерді таза варианттық қатарлар деп қарауға болмайды. Бір заттың номинативтік атауы екеу (не үшеу) болса, олар – дублеттік варианттар болмақ, мысалы, иінағаш ~ күйенте дегендер – лексикалық варианттар, ал заттың сынын, қасиетін, қимылын, қимылдың амалын мағына жағынан жақын, бірақ түрлі сөздермен атаса, олар синонимдер болады. Мысалы, есерсоқ, кеңкелес, әумесер сияқты сын есімдер адамның бір қасиетін түрлі сөзбен білдіреді, олардың мағыналары жуық, бірақ сол мағына қосымша семантикалық реңктері (семалары) арқылы әр сөзді өз орнында қолданатын синонимдер етіп танытады. Демек, мағыналас бірліктердің (сөздердің) бәрі лексикалық варианттар болып шықпайды. Варианттар – фонетикалық, морфологиялық, генетикалық жағынан түрленетін жарыспа сөздер, ал синонимдер бұдан мүлде бөлек. Нормадан ауытқушылық көбінесе синонимдерді таңдауда байқалады. Мысалы, қайтыс болды, қаза тапты, өлді деген синонимдердің әрқайсысының қолданылатын орындары бар (бұлардың келмеске кетті, о дүниелік болды, көз жұмды деген сияқты ондаған бейнелі тіркес қатарларын былай қойғанда, олар да орын тандап, контекст таңдап жұмсалатыны белгілі). Теледидардан Шешенстанда болып жатқан қақтығыстар жайында хабар жүргізуші журналист: «пәлен жерде, пәлен күні болған айқаста федералды үкімет әскерлері жағынанпәлен адам қайтыс болды» деп хабарлағанын естідік. Ұрыста адам қайтыс болмайды, қаза табады, шейіт болады,аварияда опат болады, аурудан, жарақаттан қайтыс болады. Сол сияқты жылдың төрт мезгілінің келгенін білдіретін синоним сөздердің әрқайсысына дәл түсетін өз жыл мезгілдері бар: қыс түседі, жаз шығады, көктем туады, күз келеді. Жаз түсті, күз шықты, қыс туды деп қолданса, ол – лексикалық нормадан ауытқу болар еді. Баспасөз беттері мен көркем әдебиетте әдеби нормадан ауытқудың сөз тандауға қатысты түрі – ең жиі кездесетіні. Бұл ретте тек синонимдер қатарын таңдауда емес, жалпы жоғарыда көрсетілген варианттар қатарын тандап қолдануда үлкен ағаттықтар, білместіктер, салақтықтар кездесіп келеді.
...