Сұйық ортадағы микроорганизм жасушаларының санын анықтау
Автор: 87757418821 • Декабрь 13, 2022 • Контрольная работа • 551 Слов (3 Страниц) • 217 Просмотры
Зертхана №4.10. Сұйық ортадағы микроорганизм жасушаларының
санын анықтау.
Сабактың мақсаты: Сұйық ортадағы микроорганизм жасушаларының
санын анықтау әдісімен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандырылуы
жане қолданылатын құрал-жабдықтар: Жарықталған микроскоптар. Горяев- Томның есептеу камерасы, өлшегіш пипетка, эр турлі келемді мензуркалар мен колбалар, Петри тостаны, штапель, Пастер пипеткасы, елшегіш пипеткалар, пілте.
Сабақтың жоспары және қысқаша мазмұны: Зерттелуге арналған
сұйықталған ортадағы микроорганизм жасушаларын қоректік ортаға егу үшін, алдымен ерітілген қоректік ортаны Петри тостарына құйып, оның қоюлануына мүмкіндік бергеннен соң, онын бетіне өлшегіш пипетка арқылы 0,1 мл зерттелетін сынама сұйықтығын төгеді және ол штапель не болмаса Пастер пипеткасы арқылы қоректік орта бетіне мұқият жағылады.
Егер екпені қоректік ортаның ішіне жасау қажет болса, алдымен өлшегіш пипетка арқылы 1-ден 0,1 мл дейінгі алынған зерттелетін сұйыктық Петри тостағының түбіне құйылады. Ерітіліп барып 45-50°С дейін суытылған қоректік ортаны жанып тұрган білтеге жақындата отырып Петри тостағына
құйғаннан сон, тостақты баппен шайқай отырып онын араласуын қамтамасыз
етеді. Бір тостаққа 15 мл орта құйылады. Зерттеуге арналган суйықтық өте лас болган жағдайда, оны алдымен сұйылтып барып, аз көлемдегі - 0,1 мл мөлшері алынады.
Тостаққа кұйылған агарды зерттеу материалымен тез араластырады. Осы
кездері онын арасында ауа көпіршігінін қалып қоюына не болмаса ортаның тостақ сыртына төгіліп кетуіне жол берілмеуі қажет.
Егу жүргізілген соң ортаның қоюланып қатаюына дейін Петри тостағы үстел үстіне қалдырылады. Сонан сон Петри тостағын аударып, қағазға орағаннан кейін, өсіру мақсатында термостатка 24 - 48 сағатка қояды.
Белгіленген уақыт өткеннен кейін термостаттағы екпе материалдары алынып, ондағы пайда болған колониялар саны шығу тегіне байланысты, яғни микроскопиялық саңырауқұлақтар, ашытқылар және бактерияларға (споралы не болмаса споралы емес, шырышты (слизистые) және қышқыл түзуші) жіктеле отырып саналады. Сонғылары кұрамында мелі бар сусло-агарда өскенде колония маңындағы қоректік ортанын ағаруына алып келеді.
Петри тостағындағы колониялар санын анықтағаннан кейін, екпе материалының араластырылуы мен көлемін есепке ала келе, онын 1 мл мөлшерін анықтайды. Сонан кейін екі қоректік ортадағы (тостақтағы)
...