Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН)

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Контрольная работа  •  617 Слов (3 Страниц)  •  527 Просмотры

Страница 1 из 3

Зертханалық жұмыс:   № 15

Тақырыбы: Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН) Мақсаты: Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН) елдерін анықтап, талдау жасай білу.

Тапсырма: 1. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығының қалыптасу тарихына анықтама беріңіз.

2. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығының дамуына талдау жасаңыз.

1.AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым.

1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің геосаяси белсенділік нəтижесінің көрінісі 1967 ж. АСЕАН сияқты аймақтық ұйымның пайда болуы. Зерттеушілердің пайымдауынша шиеленіс жағдайлары субаймақтың жас мемлекеттерінде ішкі жағдайдың тұрақсыздануына алып келді, басқарушы режимге қауіп төндірді». АСЕАН құрылуында ұлттық аймақтық, халықаралық қатынастардағы мүдделер сияқты факторлар негіз болады. Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтағы экономикалық артта қалушылық, Жалпы өндірістік потенциалын көтеру, халықаралық капиталистік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық тұрақтылыққа жету үшін нақты экономикалық кооперация мен интеграция ассосацияға бірігуінің объективті сұраныстары АСЕАН-тың  негізгі заңы болып табылады. Бонгкок декларациясында айтылғандай ассосацияның негізгі мақсаттары мыналар: экономикалық өсімді арттыру; əлеуметтік прогресс пен мəдени даму, Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының негіздеріне сүйене отырып халықаралық қатынастарда əділеттілік жəне аймақтағы ынтымақтастық пен тұрақтылықты дамыту, əлеуметтік мəдени, ғылыми, техникалық, əкімшілік жəне экономикалық (ауылшаруашылық өндіріс, сауда, транспорт) секторларда өзара көмек пен серіктестік; халқының салауатты өмір сүруіне жағдай жасау. АСЕАН құрылып болғаннан кейін бəрі ойдағыдай болып кетті деп айтуға да болмайды. Олардың да өзара шиеленістері болды, кейбір мамандар сондай кері əсер АСЕАН-тың өмір сүруін тоқтатады деп ойлайды. Алайда, оны да шешуге тырысты.

2. Білу.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы құрылу уақытына дейін оның болашақ құрылтайшылары мен мүшелерінің бір-бірімен ынтымақтастық тəжірибесі аз болатын. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы құрылуының алдында 1961 жылы Тайланд, Малайзия, Филиппины қатысуымен ОңтүстікШығыс Азия Ассосациясы жəне 1963 жылдан бастап Мафилиндо (Малайзия, Филиппины, Индонезия) конференциясы өмір сүрген болатын. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ұйымын құру туралы алғашқы ұсыныс 1958 жылы ақпанда Малайзия премьер-министрі Абдул Рахманның Коломбаға сапары кезінде айтылған еді, Абдул Рахман аймақта тұтастыққа қол жеткізу үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басшыларының кеңесіне шақырды.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (141 Kb)   docx (46.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club