Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Климат

Автор:   •  Сентябрь 8, 2022  •  Реферат  •  687 Слов (3 Страниц)  •  274 Просмотры

Страница 1 из 3

Климат - бұл аймаққа тән көпжылдық ауа-райы режимі. Ауа-райынан айырмашылығы Климат тұрақтылықпен сипатталады. Оған тек метеорологиялық элементтер ғана емес, сонымен қатар құбылыстардың қайталануы, олардың басталу уақыты, барлық сипаттамалардың мәні тән.

Негізгі белдеулерде жыл бойы ауа массасының бір түрі басым болады, өтпелі белдеулерде ауа массаларының түрлері жыл мезгіліне және атмосфералық қысым аймақтарының ығысуына байланысты өзгереді.

Ауа массалары-көп немесе аз бірдей қасиеттері бар (температура, ылғалдылық, шаңдану және т.б.) тропосфера ауасының үлкен көлемі. Ауа массаларының қасиеттері олар қалыптасатын аумақпен немесе су айдынымен анықталады.

Климатты адамдар бұрыннан зерттеп келеді. Олар оны ежелгі Грецияда алғаш зерттей бастады. Сол күндері ауа-райы күн сәулесі түсетін көлбеуге тікелей байланысты екенін түсінді. Сондықтан ежелгі грек тілінен аударғанда "климат" сөзі "көлбеу"дегенді білдіреді.

Климат мәселесі бүгінде күндеде өте маңызды мәселерлердің бірі. Біздің планетамыздағы Климат өте тез өзгереді, біз оны температураның көтерілуін біле аламыз . Жылыну тек Климаттың өзгеруі ретінде қарастырылады. Жыл сайын қауіпті Климаттық апаттар саны артады. Климат өзгеруде және дәл қазір де болып жатыр. Климаттық өзгерістердің салдары қазір байқалады . Ауа температурасының жоғарылауы адам денсаулығына қауіп төндіреді, сонымен қатар ауылшаруашылығына да зиян келтіреді . Климаттың өзгеруі адам өмір сүруіне де әсер етеді. Маңызды мәселелердің бірі-азық-түлік. Көптеген елді мекендерде су тасқыны мен өрт күшеюде. Климаттың өзгеруінен негізінен кедей елдер зардап шегеді.  Климаттық өзгерістердің салдары қазірдің өзінде көрінеді,соның ішінде әртүрлі аймақтардағы ауа-райының жиі өзгеруі, болашақта адамзат үшін жаһандық және қауіпті проблемаларға әкелуі мүмкін. Климаттық жағдайлардың өзгеруі жекелеген елдердің проблемасы емес, бұл жалпы планетаның проблемасы.

Жер бетінің климатын зерттеуге үлес қосқан ғалымдарды айтатын болсақ: мысалы ретінде, В. Кеппен климатты зерттеуде бірінші орынға ылғалдану деңгейі туралы айтса, Л.С.Берг территориялық зоналық ландшафттар туралы айтты.Осы климаттын өзгеруін  белгілі бір кезеңдер туралы айтқым келіп отыр.

VIII-XIV ғасыр викингтер кезеңі дейміз. Осы кезде климат жұмсақ әрі жылы болған. Солтүстік мұзды мұхитта мұздықтар көлемі кішірейген. Викингтер 800-1200 жыл бұрын қазірге кезде мұз басып жатырған жерлерді емін еркін кемемен жүзе алды. 750-1200 жылдары Батыс Европада жылу мен ылғалдылықтын азаюымен ерекшеленді. Англия мен Балтық теңізінің жалағалауында жүзімдер өсірген. Бұл кезең кіші климаттық оптимум деп аталған

XIII-XIV ғасырда климат қайта суыған, және Солтүстік Мұзды мұхитта мұздықтар саны артып, Греландияны мұздықтың басуы викингтердің мүлде жоқ болуына әкелді. Тауларда мұздықтардың артуы осы кезге тұспа-тұс келді. Бұны біз кіші мұз басу кезеңі дейміз.

XIX ғасырдың соңынан, XX ғасырдың бірінші жартысына дейін климаттың жылынуы, кейіннен аса байқалмайтын суынумен байқалады. Осындай жылынуыдың нәтежиесінде теңіз деңгейі көтерілген. Негізінде ұзақ жылдар бойы зерттеудің нәтижесінде мұхит суының деңгейі 100 жылда 14-15 см-ге өсіп отырғанын дәлелдеген. Глобальды климатқа әсер ететін процестерге мыналарды айтамыз:

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (58.8 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club