Испания мемлекеті
Автор: Akshunus • Август 26, 2020 • Реферат • 705 Слов (3 Страниц) • 570 Просмотры
Испания мемлекеті[pic 1]
- Испания мемлекетінің географиялық орны және табиғи жағдайлары
2. Әкімшілік бөлінісі, әлеуметтік- саяси құрылысы
3. Халқы
4.Экономикасы
[pic 2]
Испания королдығы (финикиялық И-Шпаним – «қояндар жағалауы» (берег кроликов)деген сөзен шығады) – Еуропаның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан ел. Пиреней түбегінің 5/6 бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиусс аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын алып жатыр. Ауданы 504,8 мың км2. Солтүстігінде Бискай шығанағы, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында Атлант мұхиты, оңтүстік және шығысында Жерорта теңізі шайып жатыр. Солтүстік –шығысында 677 км созылып жатырған Пиреней тауы Франция мен Андорра мемлекеттерімен табиғи шекара түзеді. Батысында Потугалиямен (1215 км.) оңтүстігінде Гибралтармен (1,5 км.) шектеседі.
Территориясының 65%-ы теңіз деңгейінен 500 м. биіктікте орналасқан. Оның ішінде 25%-ы 1000 метрден биік. Ең биік нүктесі Тенерифе аралындағы Тейде вулканы (3718 м.). Мемлекет территориясының солтүстік батыс, батыс және орталық бөлігін үстірт, орташа биіктіктегі таулы үстірттер мен жоталар алып жатыр. Солтүстік, солтүстік шығысында Пиреней, Кантабрий, Иберий және Каталон таулары, оңтүстігінде Андалусс және Сьерра-Морена таулары орналасқан.
Климаты қоңыржай және жерортатеңіздік және субтропиктік тип. Қаңтардың орташа температурасы – 4, 50 , шілденің орташа температурасы , 23 - 290 жетеді. Жауын шашын мөлшері жылына орта есеппен 300 – 1000 мм. жетеді. Жауын шашынның көп мөлшері қыс айларында түседі. Ірі өзендері Тахо (1,1 мың км.), Эбро (928 км.), Дуэро (925 км.), Гвадиана (820 км.).
Әкімшілік бөлінісі. Испания мемлекеті 50 провинцияны біріктірген 17 автономиялық облысқа бөлінеді:
- Андалусия
- Арагон
- Астурилия
- Балеар аралдары
- Валенсия
- Галисия
- Канар аралдары
- Кантабрия
- Кастилья-Ла-Манча
- Кастилья-Леон
- Каталония
- Ла-Риоха
- Мадрид
- Мурсия
- Наварра
- Баска елі
- Эстремадура
Африкада: Батыс Сахара енеді.
Испания конституциялы монархиялы ел. Мемлекет басшысы король (1975 ж. бастап). Жоғары заң шығарушы органы (генеральный) кортес – екі палаталы парламент. Жоғары атқарушы органы үкімет. Үкімет басшысы премьер-министр.
Саяси партиялары. Барлығы елде 500-ге жуық партия бар. Солардың ішінде ірілері: Халық партиясы - 1976 ж. бастап, Испан социалистік жұмысшы партиясы - 1879 ж. бастап, Испания коммунистік партиясы - 1920 ж. бастап, Солшыл радикалдар партиясы - 1905 ж. Бастап жұмыс жасап келеді.
...