Ежелгі Хетт мемлекеті
Автор: berkin00 • Ноябрь 25, 2018 • Реферат • 4,533 Слов (19 Страниц) • 4,288 Просмотры
Қожа Ахмет Яссауи атындағы универстиеттің гуманитариялық факультеті тарих мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі Хетт мемлекеті
Орындыған: Самиғолла Беркін
Қабылдаған: Динашева Ляззат
Түркістан 2018 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Патшалықтың құрылуы
- Хетт мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты
- Ежелгі Патшалық
- Жаңа патшалық
- Хетт мемлекетінің құлауы
- Хетт қоғамының мемлекеттік және социалды – экономикалық құрылымы
- Хетт мәдениеті
- Қортынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Хетт патшалығы қазіргі Түркия мемлекетінің орынында өмір сүрген ежелгі әскери мемлекет. Оның Кіші Азияда үш дүние бөлігінің – Азия, Европа, Африка – ортасында орналасуы оның ерте кезден бастап сауда қатынастары мен халықаралық маңызының дамуына себепкер болады. Негізінен тақырып осы себептерге байланысты таңдалды.
Жұмыстың мақсаты – ежелгі Хетт патшалығының тарихы мен мәдениеті, сыртқы ішкі саясаты. Міндеті – Хетт патшалығының құрылуын, Хетт мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын, Ежелгі патшалық және Жаңа патшалықтарын, Хетт мемлекетінің құлауын, Хетт қоғамының мемлекеттік және социалды – экономикалық құрылымын, Хетт мәдениеті анық көрсетіп суреттеу.
Тақырыпты зерттеудегі деректер Кузищиннің 2003 жылғы “История Древнего Востока” кітабынан, Д.Г.Редердың 1976 жылғы “Ежелгі дүние тарихы” кітабынан жәнеде т.б. дереккөздерінен алынды. Дерек көздердің негізгісі Кузищиннің кітабы болып табылады. Оның кітабындағы нақты, толық деректер менің жұмысыма көп пайдасын тигізді.
Жұмыстың деректік негізі Геродоттың жазбаларынан алынған, одан басқа Хаттуса архивтері, Аккад, Ахейлік Грекия, Вавилон, Египет жазбалары, Египетпен жасалған алғашқы бейбітшілік келісімі туралы құжат хетт сыртқы саяяатынан , Хаттуса маңындағы Язылык релефіндегі суреттер хетт дінінен көп деректер береді.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы б.з.б. XVIII – XIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл уақыт аралығы Хетт патшалығының құрылғанға дейінгі уақытпен құлағанға дейінгі аралық.
Хетт патшалығының географиялық шегі Кіші Азияны, Қосөзеннің Вавилонға дейінігі аймағы, Палестина және Қызыл теңізге дейінгі аумақтарға дейің жеткен.
Негізгі бөлім
Патшалықтың құрылуы
Хеттардың рулық – тайпалық құрылысы б.з.д. III және II мыңжылдықтар шекарасында ыдырай бастайды. Бұл процесстің жеделдеуіне семиттік колонисттердің келуі де ықпал еткен. Аккад (кейінірек кезде Ассирия) көпестері б.з.д. XXIII – XX ғасырларда Галис өзенінің жағасына өздерінің колонияларын құрған. Олар жергілікті шонжарлармен келісімге келу арқылы (мысалы боышқа батыру арқылы) жергілікті мал және егін өсіруші халықты қанап отырған.
Б.з.д. II мыңжылдықта Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалды. Мемлекеттің алғашқы ұлы патшасы – Анитта, мемлекеттің астанасы және тілге өз атауын берген – Неса қаласы болды. Хетт патшалығы б.з.д. 1660 – 1650 жылдары ғана Табарна (Лабарна) патшаның тұсыныда ғана біржола қалыптасып болды. Бұл державаның негізгі орталығы Галис (Каппадокия) өзенінің бассейні болған. Б.з.д. XVI ғасырдан кейін оның астанасы Хаттуса болды. Хетт державасының негізгі тарихы екі кезеңге: Ежелгі патшалық және Жаңа патшалық кезеңдерге бөледі.
Хетт мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты
Хетт патшалығы б.з.д. XVIII –XV ғасырлар аралығы. Б.з.д. II мың жылдық басында “хетт”-палайлықтарда, Кіші Азияның шығыс бөлігінде мемлекет жарқыншақтары байқала бастады. Олардың Цалпе, Канише және басқаларының арасында бөлінетін Куссаре – ішінде жатжерліктердің тобы “неситтіктер” басқарды. Бұларды қазір “хеттер” деп атаймыз. Б.з.д. XX – XVIII ассириялық (Ашшурлақтар) сауда колониялары,аморейлер, Ефрат бассейі хуриттері Кіші Азияның кейінгі дамуында маңызды рөл атқарды. Олардың арасынан орталық орынды бүкіл факторияны басқарған Канише сауда коллониясы атқарды. Бұл коллонияларыдың барлығы номолық мемлекеттердің территориясында болып олардың патшаларына бағынды, бірақ олар негізінен өз – өзін билеулеріне толық құқықтары болды. Олардың бойымен халықаралық сауды жолдары жүрді, және бұл жағдайда бір жағынан Ашшур екінші жағынан Галиса бассейні және Туз көлі үлкен пайдаға кенелді. Ассириялық – аморейліктердің арқасында жергілікті билік өкілдері көз тартар асыл бұйымдарға кенеліп Месопотамия бойының мәдениетімен танысты. Колонияның құрылуының өзі жергілікті халықтың халықаралық саудаға араласуына, жергілікті өндірістің дамуына, класс аралық қатынастардың қалыптасуына көп жәрдем берді. Жиелеген соғыстар көп орын алды. Осындай жағдайда б.з.д. XVIII ғасырда Шығыс Кіші Азияның ірі бөлігінің Куссар патшаларымен – Птихан және Аниттамен бірікті. Біріншісі “хеттердің” ірі орталығы Неса қаласынан орын теуіп оны астанасы етсе, екіншісі Цальпуды бағындырып хатт тайпаларынмен соғыста олардың астанасын Хаттусаны алды. Бурусханда билеушісі Аниттаның билігін өзі мойындап оған өз байлығын – тақпен алтын скипетрді табыстады. Сонымен Анитта “Хетт” патшалығының негізін қалаушы болып саналды.
...