Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеңіл өнеркәсіп

Автор:   •  Февраль 24, 2022  •  Реферат  •  1,111 Слов (5 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 5

Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесі 1,1 %-ды құрады.

2015 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде, 20 – ірі, 35 – орта және 1479 шағын кәсіпорын. Кәсіпорындардың ең көп саны (874) киім өндірісі бөлігінде шоғырланған, 476 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын және 184 кәсіпорын былғары және оған қатысты өнімді шығарумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысы (9) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарығының жақын орналасуына және еңбек ресурстарының болуына байланысты.

Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан тек 58%-ы ғана жұмыс істеп тұр. Жеңіл өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды. Аталмыш үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталып келеді. Ірі бизнес нарықтағы тербелістерге өте тұрақты, ал шағын бизнес, бұған дейін айтылғандай, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 90%-ын құрайды, бағасы жағынан, оның ішінде, ҚР және өзге де елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетелдік компаниялармен де бәсекеге шыдай алмайды. 

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2014 жылы                   2008 жылмен салыстырғанда, 2,4 есе артты

2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, өндірістің айтарлықтай өсімі өнімнің мынандай түрлері бойынша байқалады: 

- бас киімдер - 3,6 есе (2-сурет);

- ІҚМ терісінен немесе жылқы терісінен былғары – 3,5 есе (3-сурет);

- дайын тоқыма бұйымдар – 1,5 есе (4-сурет).

2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сала өнімінің өндіріс көлемі номиналды түрде 0,8% өсті және 21,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:     

- жалпы көлемнен 11,9 млрд. теңге немесе 56% тоқыма бұйымдар өндірісіне; 

- 7,9 млрд. теңге немесе 37% – киім өндірісіне;

- 1,4 млрд. теңге, жалпы көлемнің бар-жоғы 6,6%-ын ғана құрайтын – былғары және оған қатысты өнім өндірісіне тиесілі (5 сурет).

[pic 1]

[pic 2]

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін физикалық көлем индексі (бұдан әрі - ФКИ) серпіні 2010 жылдан бастап тұрақсыз үрдіс сипатына ие болды. Осылайша, тоқыма өнеркәсібінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2011 және 2013 жылдары қысқарды, 2010, 2012 және 2014 жылдары өсті. Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, аяқ киім өндірісінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2010 және 2013 жылдары қысқарды, өсуі – 2011, 2012 және 2014 жылдары. Тұрақты өсімді соңғы 6 жыл ішінде киім өндірісі көрсетті.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (426.2 Kb)   docx (283.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club