Дүние жүзілік аридті аймақтары
Автор: asxatovna2 • Апрель 18, 2022 • Реферат • 1,494 Слов (6 Страниц) • 234 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
[pic 1]
Практика №12
Тақырыбы: Дүние жүзілік аридті аймақтары
Орындаған: География-21 тобының студенті
Рахымжанова Аида
Тексерген: Сапаров Куат Табылдинович
Нұр-Сұлтан.2022 жыл
Тақырыбы: Дүние жүзілік аридті аймақтары
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Аридты (лат. arіdus - құрғақ) аймақтардағы бедер пішіндері негізінен желдің əрекетінен пайда болады. Желдің əрекетіне байланысты геоморфологиялық үдерістер мен бедер пішіндерін «эолдық» деп атайды (грек. аіlos - желдің тəңірі, құдіреті). Эолдық үдерістердің морфологиялық жағынан көрініс беру үшін мынадай физикалық-географиялық жəне геологиялық жағдайлардың белгілі түрде үйлесуі: жауын-шашынның өте аз болуы, қатты желдердің жиі болуы, өсімдіктер жамылғысының мүлдем жоқ болуы немесе өте сирек кездесуі, тау жыныстарының мейлінше физикалық үгілуі жəне үгілу заттарының өте ұсақ шаң-тозаң түрінде болуы қажет (О. Леонтьев, Г. Рычагов, 1988).
Негізгі бөлім
Қуаң жəне жартылай қуаң аймақтарда құмды шөлмен қатар тасты жəне сазды шөлдерде кең тараған. Оларда бедердің əр түрлі дефляциялық пішіндері дамыған. Бүкіл тасты шөл аймақтарында бытырай шашылып жатқан тау жыныстар сынықтарының сыртқы беті, сондай-ақ жартастардың беттері күнге күйген қоңыр-қошқыл немесе қара түсті жылтыр жұқа қабықшамен қапталған. Бұл – ылғалға тапшы аймақтардағы тау жыныстары температурасының күрт өзгеруі жағдайында, олардың біресе ылғалдану, біресе қақталу процестері алмасуы нəтижесінде жəне капиллярлық тартылуымен байланысты тау жыныстарының өзінен шыққан тұз қалдықтары. Бұны шөл тотығы (пустынный загар) дейді. Бұлар негізінен темір жəне марганец тотықтарынан тұрады немесе М. А. Глазовскаяның пікірі бойынша, оксидтық жəне гигрооксидтық марганецке, темір жəне басқа элементтеріне байланысты, микрорганизмдердің биохимиялық реакциясы.
Сазды шөлдердің үсті əдетте лёстен жəне лёске ұқсас борпылдақ тау жыныстардан құрылған. Бұл өлкелерді негізінде судың жетіспеуіне байланысты ғана шөлді дала деп атайды. Суарған кезде, əр түрлі өсімдіктердің өсуі арқылы бұл топырақ өзінің құнарлығын тез арада арттырып, гүлденген алқапқа айналуы мүмкін.
Сазды жəне шөлейт аймақтарда тақыр деген ерекше пішіндер ұшырасады. Тақырлар (түріктес - тақыр - тегіс, жалаңаш) түбі теп-тегіс өсімдік өспейтін, мезгіл-мезгіл кеуіп қалып отыратын саз көлшіктердің жазық түбі. Олар cy іркілетін ойпаң жерлерде пайда болады. Түбінің беріктігі сондай, аттың тағасы да із қалдыра алмайды. Тақырлардың аумағы бірнеше шаршы метрден 10-12 км2-ге дейін жетеді. Көктемде қар еріген кезде немесе нөсер жауғанда сазды даланың үстінде көптеген кішігірім ойпаңдардың түбінде саз балшық топыраққа қаныққан су жиналады. Жазда су буланып кеткеннен соң сазды материал тұнбаға айналып, құрғап жəне тығыздалып қатты тегіс жылтыраған жазықтыққа – тақырға айналады. Сонан соң тақырдың беті тобарсып, айқұш-ұйқыш жарықтармен шимайлана шатынап, көп бұрышты бөлшектерге бөлініп кетеді (1А-сурет), (1Б-сурет).
[pic 2]
1А-сурет. Көп бұрышты бөлшектерге бөлінген тақырдың беті (Суретті түсірген В. П. Бондарчук).
[pic 3]
1 б-сурет. Тақырдың көпбұрышты бөлшектерінің беті (Суретті түсірген В. П. Бондарчук).
Тақырдың беткі қабаты тығыздалып, берік болуына эфемерді су қоймасында өсетін микроскопиялық көкжасыл балдырлардың қатысы бар деген тұжырым бар. Тақырлар сорлардың эволюциялық процесінің нəтижесінде құрылуы да ықтимал.
Жылдық жауын-шашынның аз болуына қарамастан, сазтопырақты далаларда біртұтас өсімдіктер жамылғысы болмағандықтан, қарқынды эрозиялық пішіндердің дамуына алып келеді. Əсіресе нөсерлі жауын-шашын сазды топырақтарды шайып кетіп, əр түрлі эрозиялық бедер пішіндердің құрылуына қолайлы жағдай жасайды. Нəтижесінде өте жиі тілімделген бедленд (ағылш. bad land - “жарамсыз жер”, “дурные земли”) деген эрозиялық ландшафт пайда болады. Мұндай суөткізгіштігі өте қиын, жүруге қолайсыз, өсімдік жамылғысы жоқ, ауылшаруашылығына пайдалануға келмейтін жерлер Орта Азия мен Қазақстанның тау бөктерлерінде,0Қытайдың лесс провинциясында жиі кездеседі.
...