Географиялық карталарды жасаудың әдістері
Автор: Denis Shamsutdinov • Ноябрь 20, 2020 • Лекция • 4,167 Слов (17 Страниц) • 633 Просмотры
Мазмұны
КАРТАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ПРОЕКЦИЯЛАУ
7.1 Географиялық карталарды жасаудың әдістері.
Картаны проекциялаудың, құрастыру дың және басып шығарудың негізгі кезеңдері
Географтар жұмыс барысында тек дайын картаны қолданып қоймайды, сонымен қатар оларды құрастыруға да басты назар аударады.
Географиялық карталарды дайындау процесін бәлу географқа жұмыс барысында карта ерекшеліктерін, оған қатысты процесті, қажетті картаны дайындауға арналған тапсырмаларды орындауға, карта эскиздерін дайындауға мүмкіндік береді.
Картографиялық жұмыс жалпыгеографиялық, тақырыптық және әртүрлі карталар мен атластарды құрастыру мемлекеттік картографиялық қызметте географтардың қатысуын қажет етеді. Жалпы географ карта жасау туралы негізгі мәліметтерді жетік меңгеру керек, сонымен қатар көп жағдайда картографиялық жұмыстар картаның басып шығаруымен аяқталатындықтан картаны шығару саласында тәжірибелі болу керек.
Географиялық карталар екі әдіспен құрастырылады: дала жұмыстары деректері мен материалдарын өңдеу; саяси экономикалық, географиялық, картографиялық, түсірілімдік, астрономия-геодезиялық материалдардан және т.б. жұмыстардан тұратын әртүрлі дереккөздерді өңдеу нәтижесінде зертхана немесе кабинет жағдайында құрастыру.
Түсірілімдер (немесе далалық картографиялау) жергілікті жердегі картографиялық құбылыстардың зерттеу жұмыстарында болады.
Топографиялық карталарды құрастыруға арналған түсірілімдер әдісі мен оларды өңдеуді топография мен аэрофототопография қарастырады. Геоморфологиялық, геологиялық, топырақ және т.б. тақырыптық түсірілімдер Геоморфологиялық, геологиялық, топырақ және т.б. картографиялаудың қызметіне кіреді. Карталарды зертханада дайындаудың мәні нақты тапсырманы орындауға арналған жаңа кеңістікті үлгілерді жасап шығару мақсатымен сәйкес дереккөздерді біріктіру болып табылады.
Кез келген картаның сәтті жасалғанын екі шартпен анықтайды: біріншіден, картографиялық құбылыстардың ерекшелігіне және карта мақсаты (бағытынан) есеп алуына негізделген тапсырманы дұрыс жасай білу; екіншіден, картография ғылымының нормалары, принципі, ережесі бойынша үлгілерді құрастыра алу.
Зертханалық жағдайда карта түпнұсқаларын, яғни олардың бастапқы экземплярларын құрастыруды екі кезеңге бөліп қарастырылады: картаны проекциялау және оның түпнұсқасын құрастыру. Картаны проекциялау картаның түпнұсқасын дайындаудағы барлық жұмыстың орындалуына және ұйымдастырылуына қажетті құжаттарды өңдеуден тұрады. Картаның құрастырылуы карта түпнұсқасының графикалық құрылымын мақсат етеді. Проекциялаудың негізгі нәтижесі карта программасы болып табылады. Ол картаның типін және түрін, мақсатын, оның математикалық негізін, мазмұнын, генерализация принциптерін, кескіндеу әдістері мен графикалық таңбалар жүйесін, дереккөздер мен олардың қолданылу ретін, сонымен қатар картаны құрастырудың технологиясын анықтайтын құжат. Техникалық экономикалық есептермен және т.б. толықтырылған программа карта жобасын құрастырады.
Картаны көбейту қажет болмаған жағдайда картаны проекциялау мен құрастыру қажетті жұмыстардың жиынтығын қамтиды.
Картаны құрастыру картография өндірісінде және көптеген арнайы зерттеу және өндірістік қызмет орындарында оларды қайта жасап шығаруды іске асыруды және қажетті мөлшерде түрлерді көбейтуді мақсат етеді. Мысалы, мектеп карталары үшін. Мұндай жағдайда картаның экономикалық және жоғары сапалы түрлермен қамтамасыз ету үшін полиграфикалық өндірістің арнайы талаптарын ескеру керек, алдымен талапқа сай келетін баспа үлгілеріне қол жеткізу. Алғашында жасалған түпнұсқалар бұл талаптарға сай келе бермейді. Сондықтан, қазіргі картографиялық өндірісте картаны құрастыру оны көбейту процесінен полиграфия сұраныстарын қанағаттандыратындай екінші ретті түпнұсқаны жасап шығару орындалатын ерекше кезеңмен ажыратылады. Әдетте, картаны басып шығаруға дайындық деп аталатын бұл кезең полиграфиялық процестерге қажетті қызмет атқаратын бірнеше қосымша жұмыстардан тұрады.
...