Атмосфералық жауын-шашынның жер бетіне таралу заңдылықтары
Автор: AruzhanAA03 • Октябрь 17, 2021 • Реферат • 721 Слов (3 Страниц) • 685 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУСЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет:Жаратылыстану
Кафедра:География
РЕФЕРАТ
Пәні:Жертану
Тақырыбы:Атмосфералық жауын-шашынның жер бетіне таралу заңдылықтары
Орындаған:Арстанбекова Аружан 1511-21 топ
Тексерген:Турданова Малика
Жоспары:
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жауын-шашынның қысым белдеулер бойынша таралуы ----------------4
2. Жауын-шашынның географиялық ендіктер бойынша таралуы ------4
3.Жауын-шашынның рельфтер бойынша таралуы ---------------------------6
Пайдалынған әдебиеттер тізімі--------------------------------------------------------7
Кіріспе
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршақ тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 мм-ге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.Қазақстанда Атмосфералық жауын-шашынның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады. Жер бетіндегі жауын-шашын өте біркелкі емес таралған. Кейбір аумақтар артық ылғалдан зардап шегеді, басқалары ылғалдың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Атмосфералық жауын-шашынның ең көп мөлшері Черрапунджиде (Үндістан) тіркелді-жылына 12 мың мм, ең азы-араб шөлдерінде жылына шамамен 25 мм. Жауын-шашын мөлшері қабаттың қалыңдығымен өлшенеді, ол судың ағуы, ағып кетуі немесе булануы болмаған кезде пайда болар еді.
...