Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«IZOTERM» минералды мақта өнімдер зауытының желдету жүйесі

Автор:   •  Апрель 17, 2019  •  Курсовая работа  •  3,043 Слов (13 Страниц)  •  1,102 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Курстық жұмыс

Пәні: Өнеркәсіптік желдету

Тақырыбы: «IZOTERM» минералды мақта өнімдер зауытының желдету жүйесі

                                                              Орындаған: Кабдуллина Ж.Е.

Тексерген: Ғылыми жетекші: т.ғ.д.

 профессор  м.а Абдибаттаева М.М.

                                                    Алматы 2018ж

Мазмұны

Кіріспе        

I. Әдеби шолу

1.1 Шыны балқыту цехының желдету жүйесі

II. Зерттеу нысаны

2.1 «IZOTERM» зауыты туралы жалпы сипаттама

2.2 Шыны балқыту цехындағы технологиялық үдеріс

III. Тәжірибелік бөлім

3.1 Цехтағы жылу бөлінулерді есептеу

3.2 Цехтағы ылғал бөлінулерді есептеу

3.3 Цехтағы газ бөлінуді есептеу

3.4 Ауа алмасымды есептеу

3.5 Аэродинамикалық есебі

3.6 Желдеткішті таңдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік үй-жайлардың ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаңдар, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысынң жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, олады сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін-өзі ақтамайды. Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау – жабдықтарды цехтарды желдету үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың негізгі шарты. Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі техникалық сипаттамалары болып табылады                                            

Жұмыстың мақсаты: Шыны балқыту цехының желдету жүйесін қарастыру. 

        Жұмыстың міндеті:

1.Шыны балқыту цехын ондағы технологиялық үдерісті қарастыру;

2.Шыны балқыту цехындағы қажетті желдетуді қамтамасыздандыру үшін есептеулер жүргізу.         

        Зерттеу нысаны:«IZOTERM» зауыты

1. Әдеби шолу

1.1 Шыны балқыту цехының желдету жүйесі

        Өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын тудыратын қонлдырғы – желдеткіш қондырғылары. Олар ғимараттарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процесстерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады. Өнеркәсіптік желеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен таралған.  Кейбір аппараттарда желдеткіштер тарту күшін  тудыратын құрал ретінде пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (961.5 Kb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club