Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесі

Автор:   •  Сентябрь 16, 2023  •  Реферат  •  684 Слов (3 Страниц)  •  120 Просмотры

Страница 1 из 3

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесі

Мейірбике ісіндегі әкімшілік ету үрдісі
9.1.
Амбулаторлы емхана және стационар қызметіндегі
әкімшілік ету үрдісі

Қазақстандағы денсаулық сақтау қызметі халыққа уақтылы,қолжетімді, сапалы және үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған, әлеуметтік-бағдар ұстанған, бірыңғай әрі жетік жүйеге айналуы керек. Басқару қызметінің құрамдас бөлігі ретінде, медициналық әкімшілік ету үрдісі мемлекеттік басқарудың жалпы
қағидалары негізінде құрылған. Әкімшілік ету барысында бұл жалпы қағидалар дараланып, қолданыс саласына сай нақты ерекшеліктерге ие
болады.
Амбулаторлы және стационарлық емдеудегі әкімшілік ету үрдісі –денсаулық сақтау мәселелерін шешу жолында жүктелген міндеттер мен
функцияларды жүзеге асыру үшін атқарушы билік органдары жүзеге асыратын шаралар жиынтығы.
Әкімшілік ету үрдісінің негізгі қағидаларын түсінуге ұмтылып көрелік. Олардың ең маңыздылары:
– заңға сай әрекет етуді қамтамасыз ету;
- объективті шындыққа қол жеткізу;
- қорғаныс құқығы;
- кінәсіздік презумпциясы;
- заң алдында барлығының теңдігі;
- жариялылық;
- шапшаңдық;
- әкімшілік ету үрдісін жергілікті халықтың тілінде жүргізу;
- әкімшілік жүргізу үдерісінің екі сатылы болуы;


Стандарттау, сертификаттау, аккредитациядан өткізу,лицензиялау
Азаматтардың денсаулығын сақтаудағы конституциялық құқығын іске асыруда, қолжетімді, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек беру
мақсатында медициналық қызмет көрсету формасы мен емдеу барысының мазмұнына бірыңғай талаптар қойылуы қажет. Еліміздегі денсаулық
сақтау мен медициналық ғылымның дамуын стандарттау, сертификаттау,аккредитациядан өткізу және лицензиялау жұмысына ерекше мән
беріледі. Бұл үш бағыт біртіндеп медициналық мекемелерді нормативтік қамсыздандыру шарасы ретінде енгізілуде. Олардың қызметін реттеп,
бақылап отыруға мүмкіндік береді, осылайша денсаулық қорғау саласында азаматтардың құқығын қорғау мәселесі қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің субъектілері ретінде, денсаулық сақтау мекемелері мен жеке меншік қызмет көрсетуші дәрігерлер өз қызметтерін
ұсынуда осы талаптарды сақтауы тиіс.
Стандарттау жөніндегі бірқатар шараларды іске асыру арқылы медбикелік көмектің сапасы жетілдірілетін болады.

Стандарттарды өнеркәсіпте қолдану тәжірибесі көрсеткендей,стандарттарға қанша талаптар мен нормалар енгізілсе де, барлық факторлар ескерілгеніне сенімді бола алмайсың. Денсаулық сақтауға келетін болсақ, медициналық көмек стандарттарының сенімділігі өте көп құрамдастар факторларға байланысты. Мәселенің шешімі ықтималдық теориясының әдістерін қолдана отырып, статистикалық аппаратты енгізу
арқылы табылды. Математикалық әдістер көмегімен медициналық манипуляцияларды стандарттаудың кейбір мәселелерін шешу,
асқынулардың ықтималдылығын есептеу, стандартталған медициналық
технологиялардың нәтижелерін болжауда статистикалық үлгілер жасалды.
Медициналық қызметтердің сапасын арттыру және медициналық
ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық ұйымдарды
аккредитациядан өткізу әдістерін дамыту бойынша шаралар қабылдады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін аккредитациядан өткізудің ұлттық
стандарттары енгізілді.
Медициналық ұйымды аккредитациядан өткен мекеме халыққа
уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсете алатын, медициналық
стандарттарға және медициналық қызметкерлерге қойылатын бірыңғай
біліктілік талаптарына жауап беретін, жоғары деңгейдегі барлық
жағдайларға ие деп ресми түрде танылады. Емдеу мекемесінің
аккредитациядан өтуі тұтынушыға қызметтердің немесе тауарлардың
сапасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Аккредитацияға жататын қызметтер санатына қазіргі кезде білім
беру, зертханалық қызмет, медициналық диагностика, сертификаттау
қызметтерін және т.б. қосуға болады.
Денсаулық сақтау саласындағы аккредитациядан:
- медициналық ұйымдар – медициналық және фармацевтикалық
қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен
стандарттарға сәйкестігін таныту мақсатында өтеді;
- жеке тұлғалар – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне
тәуелсіз сараптама жүргізу үшін өткізеді.
Аккредитациядан өту ерікті болып табылады және аккредитациядан
өтуге тілек білдірген субъект есебінен жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да тыйым салынбаған
қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Денсаулық туралы кодекстің 14-бабына сәйкес, денсаулық сақтау
субъектілері, сондай-ақ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (105.2 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club