Өрттен қорғану шараларын ұйымдастыру
Автор: Bakhyt • Апрель 12, 2018 • Контрольная работа • 5,955 Слов (24 Страниц) • 1,167 Просмотры
1ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер
Өрт қауіпсіздігі – белгілі көрсеткіштері бар, әрбір нысандағы факторларға байланысты.
Өрттің қауіпті факторлары, бұл адамдардың қаза болуына немесе шығынға және жарақатқа, материалдық құндылықтарға әсер ететін факторлар.
Қауіпті факторлардың келесі тұрлерге бөлінеді және өрттің қауіпті факторларының шекті мәндері келтірілген:
- ортаның температурасы – 700 С;
- жылулық сәулелену – 500 Вт/м2;
- көмір тотығының құрамы – 0,1 %;
- екі тотықты көміртегінің құрамы – 6 %;
- оттегінің құрамы кіші - 17 %.
Сонымен қатар өрт кезіндегі адамдар мен материалдық құндылықтарға әсер ететін басқа да зақымдаушылар болады, оларға жататындар:
- сынған апараттар, агрегаттар, қондырғылар, әртүрлі конструкциялар бөліктерінің сынықтары;
- қираған апараттар мен қондырғылардан шығатын улы және радиоактивті заттар мен материалдар;
- конструкциялардың, аппараттардың, механизмдердің, агрегаттардың ток өтетін бөлігіндегі жоғары кернеу нәтижесінде пайда болған электр тоғы;
- өрттің нәтижесінде жарылған сұйықтардың, газдардың, шаңдардың қауіпті факторлары.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығын, өрт қорғанысы беріктігін (тиімділігін) бағалау кезінде міндетті түрде ескеру қажет.
Өрттің пайда болу мүмкіндігін, жанудың пайда болу шартымен анықтайды (жаңғыш ортаның, тотықтырғыштардың және жану көздерінің бар болуы). Бұл шарттар негізінен мүмкіндігі бар көптеген факторларға байланысты. Сондықтан, өрттің даму мүмкіндігі, өрттің қауіпті факторларының өзгеру қарқындылығымен сипатталуы мүмкін.
Өрттің қауіпті факторлары – ғимаратты пайдалану кезіндегі құрлыстық конструкциялар белгілі тұрақты күш әсерімен болады; технологиялық қондырғылар белгілі қысымда, температурада және осы қондырғыны қоршаған сыртқы және ішкі ортада болады, ал адам үйде, жұмыста, демалыс кезінде жайлы ауа алмасу жағдайы мен температуралы ылғалды режимде болады. Бұл ауыр күштер мен әсерлердің сипаттары болады. Бірақта, өрт кезінде пайда болатын эпизодикалық кұштер мен әсерлерде болады. Ондай күштер мен әсерлерге, жылулық әсері тұрақты және динамикалық күштер, өнімдердің толық және жартылай жануы, улы заттар, түтін жатады, олар қауіпті өрт факторлары болып табылады (ҚӨФ).
Өрт күші – өрт кезінде бөлінген жылу ақырындап құрылыстың конструкцияларын, ғимаратқа сырттан келетін ауаны қыздырып, жанған өніммен сыртқа кетеді. Өрт кезінде жанған заттардан бөлінген жылу құрылыс конструкциясымен қондырғыға ғана әсер етпей, атамдарға да тікелей әсер етеді. Жылу бөлінген кездегі қирату әсері, олардың қарқындылығына және әсердің ұзақтығына байланысты. Өрт барысында бөлінген жылу күші мен жану бетінің бірлігімен, яғни уақыт бірлігі өрт күшіне ауысады және q – мен белгіленеді.
Халақаралық жанбай қалу коэфициентінің тәжірибелік есептеулер үшін: сұйық көміртегінің жануы кезінде – 0,9; қатты жанғыш заттар жану кезінде - 0,95-0,99.
Заттардың жануының салмақтық жылдамдығының өзгеру коэфициенті, заттардың жану бетінің ауданының қатынасы мен олардың көлеміне, олардың тығыздығына, жылулық ағындағы жағдайына, жанғыш заттардың бетінің жағдайына, газ алмасу шартына байланысты.
Өрт күшінің өзгеруіне үлкен ықпал ететін, жанудың салмақтық жылдамдығы мен жану бетінің ауданын азайтатын өрт сөндіру құралдары.
Әсіресе өрт күшіне зор ықпал ететін автоматты және тұрақты өрт сөндіргіш құралдары.
Ғимараттағы температураны есптеу кезінде, өрт кезінде бөлініп шығатын жылу санын жылу алмасу беттерінің Ft – өлшемдерімен немесе ғимараттың көлемімен W байланыстыру керек.
...