Бейбітшілік қорғаны
Автор: Nurbolat021 • Март 25, 2022 • Эссе • 381 Слов (2 Страниц) • 584 Просмотры
БЕЙБІТШІЛІК ҚОРҒАНЫ
Мақала 2017 – жылдың 11- шілдесінде Жамбыл облыстық Ақ жол газетінің 76 санында жарық көрген. Автор материалы талдамалы жанрда, мақала форматында жазылған. Стилі- публицистикалық. Мақаладағы көтерілген басты мәселе еліміздің ядролық қимылдан бас тарту маңыздылығы. Аталмыш мақалада К. Сәттібайұлы отыз жыл бұрынғы Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атқарған ерен еңбегінің маңыздылығын қазіргі заман тарапынан саралап жазады .Осы орайда тұңғыш президентіміздің қауіпсіз Қазақстанды қалыптастыруындағы атқарған қызметінің орасан екендігі шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отырғандығын да алға тартады. Бұған дәлел ретінде автор «Bike for Peace» ұйымының жетекшісі норвегиялық тарихшы Торе Наерландттың мына сөзін мысалға келтіреді. « Қазақстанның ядролық қаруға қарсы атқарған қыруар және жансебіл жұмысы туралы барша әлем жұртшылығы білуі тиіс . 1994 жылы Н.Ә.Назарбаев ядролық қарудан бас тарту жөніндегі тарихи шешімінен кейін , Украина мен Беларусь елдері осы ізгі жолды таңдады. Қазақстанның территориясында 1400 ядролық арсенал Ұлыбритания, Франция мен Қытайды екі орап алатын еді.
Сонымен қатар мақалада әлем халықтары өткен ғасырда ядролық қарудың зардабын 1945 жылы Жапонияның Хиросима , Нагасаки қалаларындағы атом бомбаларының жарылысы нәтижесінде куәгер болғандығын, ал қазақ даласы да бұл жайттан кенде еместігін айтады. Автордың журналистік шеберлігі материалды деректемелермен толықтыра отырып, тарихи мәліметтерді сөйлете білуінен анық байқалады . Мәселен, Көсемәлі Сәттібайұлы Елбасының « Бейбітшілік кіндігі» атты кітабынан мысал келтіре отыра , Кеңестік кеңістікте ядролық қаруға қарсы бастама ең алғаш Н.Ә.Назарбаев тарапынан болғандығын айтады. Сол кезеңдегі социалистік элита өкілдері тұрғысынан туындаған түрлі қарсы пікірлер мен жалған жалалардың көбейе түсуіне қарамастан, Елбасының батыл бастамасының әсерінен бұқара халық арасында да ядролық қаруға қарсы дүмпулер пайда болады. Ал сол қозғалыстың көшбасшысы белгілі қоғам қайраткері , ақын Олжас Сүлейменов болғандығын айтады.
...