Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Талдықорған облысы

Автор:   •  Март 31, 2019  •  Реферат  •  1,489 Слов (6 Страниц)  •  1,004 Просмотры

Страница 1 из 6

Талдықорған

Координатасы        44°59′58″ с. е. 78°22′52″ ш. б. (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты – 1944

Жер аумағы        74 км²

Облысы - Алматы облысы

[pic 1]Елтаңбасы

Талдықорған облысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы әкімшілік аумақ. 16.3.1944 – 6.6.1959 ж. және 23.12.1967 – 22,4,1997 ж. аралығында жеке облыс болған. Қазіргі кезде Алматы облысының құрамында. Жер аумағы 118,5 мың шаршы км, тұрғындар саны – 712,1 мың адам болды (1996). Облыс құрамында 12 аудан (Ақсу, Алакөл, Бөрлітөбе, Гвардия, Қапал, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқант, Талдықорған, Үйгентас), 2 облыстық (Талдықорған, Текелі) бағыныстағы және 4 аудандық (Жаркент, Сарқант, Үшарал, Үштөбе) бағыныстағы қалалар, 9 кенттік және 136 ауылдық округ болған.Облыс орталығы – Талдықорған қаласында 113,4 мың адам тұрды (1996). Облыс аумағында ауыл шаруашылығына жарамды 9,4 млн. га жері болып, оның экономикасының негізін агр. сала құраған. 1990 жылдың ортасында, Талдықорған облысы республика аумағында өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің 6%-ға жуығын беріп, сол кездегі 19 облыстың ішінде 7-8 орындарды бөліскен.1996 жылы облыс аумағында 300 мың т-дан астам астық, 135 мың т картоп, 35 мың т-ға жуық көкөніс пен бау-бақша өнімдері жиналып, 90 мың т ет, 225 мың т сүт, 7 мың т жүн, 40 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Облыста 300 мың бас ірі қара, 2 млн-ға жуық қой мен ешкі, 44 мың шошқа, 90 мың түйе мен жылқы болған. Өнеркәсіп саласында: 230 млн. кВт·сағ. электр қуаты, 30 мың м³-ден астам темір-бетон бұйымдары, 35 мың т қант, 3 млн. дана трикотаж бұйымдар, 35 млн. теңгенің жиһаздары, т.б. өндірілген. Ең биік жері Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы – Бесбасқан шыңы (4622 м). Облыс аумағын негізінен қазақтар, одан басқа орыстар, неміс, корей, ұйғыр, украин, татар, т.б. ұлт өкілдері мекендеген.

Тарихы

Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды[3]. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбр деректерде 1921 жылы) "Гавриловка" селосының атауы ресми түрде "Талды-Қорған" селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады.

Талдықорған облысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Солтүстіктен – оңтүстікке дейін 375 км, батыстан – шығысқа дкйін 48 км созылып жатыр. Солтүстігінде Балқаш бойының шөлді даласы созылып жатыр, оңтүстігі мен оңтүстік – шығысында Жоңғар Алатауының жоталары көрмеген, шығысында Балқаш – Алакөл ойпаты орналасқан. Территория оңтүстік және оңтүстік – батысында Алматы облысымен, солтүстігінде, солтүстік – шығысында Семей облысымен шектеседі.

Әкімшілік жағынан 12 ауданға, 6 қала, 10 қала типтес поселкаға бөлінеді.

Жер бедері

Полезой эрасына дейін территорияда геосинклинальды зона болды.Кембрий мен төменгі силур кезеңінде ұсақ көлдер пайда болды. Жоғары силурда көлдің көлемі ұлғайып, девонның бас кезінде Жоңғар Алатауының біраз бөлігін, карбонда түгелімен теңіз суы басты. Герцин қатпарлығында Жоңғар Алатауы көтеріліп, кермеде интенсивті вулкандық атқылаулар болды. Коледон мен герцин қатпарлығында көтерілген тау, мезозой эрасының басында кененленженді. Триас кзеңінде территорияда сулар тартылды. Юра мен Бор кезеңдерінде территорияда аса көп өзгерістер болмады. Мезозой эрасында территория құрғақ тегіс жазық аймаққа айналды. Кайназой эрасында қазіргі рельеф қалыптаса бастады. Жалпы территорияның бүгінгі ландшафтық – климаттық ерекшеліктері басым болды. Полеоген кезеңінде тектоникалық қозғалыс өте баяу болды. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болғанмен, рельеф сипатында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Жоңғар Алатауында осы кезде әлсіз көтерулер мен төмен түсулер байқалды. Неогеннің екінші жартысында тау массивтері қарқынды көтерілді. Тау бөктерлері төмен түсіп, тау аралық ойпаттар пайда болды. Қарқынды көтерулер мен төмендеу нәтижесінде жер қыртысында жарылыстар болды, бұған Жоңғар Алатауының баспалдақты құрылымдары мысал бола алады. Неогеннің аяғында таулы массив биіктеп, Жоңғар Алатауында барлық бағытта арналар қалыптасты. Төртік дәуірде тау көтеріліп жаңпарлы – қатпарлы таулы өлке қалыптасты.

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (158.9 Kb)   docx (76.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club