Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер сілкініс кезінде қорғану шаралары

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Реферат  •  1,346 Слов (6 Страниц)  •  477 Просмотры

Страница 1 из 6

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Жалпы жер сілкінісі туралы түсінік
  3. Жер сілкінісінің түрлері
  4. Жер сілкіністерінің қарқындылығы мен салдарлары
  5. Жер сілкінісін зерттеу
  6. Жер сілкініс кезінде қорғану шаралары

                                         Кіріспе

Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуына себепші болатын процестер геологиялық процестер деп аталады. Бұл құбылыстарға үгілу, өзендердің, көлдердің, теңіздердің геологиялық әрекеті, жер сілкіну, вулканизм сияқты табиғи құбылыстар жатады. Күннің жылу энергиясы мен Жердің ішкі энергиясы осы процестердің қозғаушы күштері болып саналады. Әсер етуші энергияныңкөзіне қарай геологиялық процестер экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) болып ажыратылады.

Ішкі күштердің әсерінен тау жыныстарының алғашқы қабаттары орналасуы өзгеруінің салдарынан жер қыртысында қатпарлар, жылжулар(ығысулар), түсулер(төмен) пайда болып тұрады. Вулкандардың атқылаулары мен жердің сілкінуі осы ішкі күштердің жұмысына байланысты. Ішкі күштер жер қыртысында ыдыр бұдырлақтар, таулар мен терең ойпаттарды келтіреді(жасайды). Осылардың салдарынан жердің қыртысының бір бөлігінің ақырын көтерілуі мен төмендеуі болып тұрады, яғни жердің ғасырлық өзгеруі

Жер қыртысының көтерілуі мен төмендеуі әдетте жердің ұлан байтақ бөлігін қамтып, құрлық пен теңіздің ығысуына алып келеді. Теңіз осының салдарынан бірде құрлыққа қарай жылжып, бірде одан шегініп тұрады

Жер қыртысының өзгеру қозғалысы жердің барлық дәуірінде және қазіргі уақытта да болып тұрады

Қазіргі күнде солтүстік теңіздің оңтүстік жағалауларында жер қыртысыныңақырын төмендеуі, Скандинавия мемлекеттерінің солтүстігінде 40-80см дейін жердің көтерілуі анықталған. Жер қыртысының вертикаль бойынша көтерілуі, төмендеуінен басқа горизонталь бағытта ығысуы да болып тұрады

Жер қыртысының қозғалысын оның құрылымы мен формасының өзгеруін (қатпарлар, төмен түсуі ж.б.) үйрететін геологияның бөлігі Тектоника деп аталады.

 

Жалпы жер сілкінісі туралы түсінік

Жыл сайын Жер аумағында күші жағынан 100000 әлсіз және 100 күшті  жер сілкінісі орын алады.

Жер сілкінісі барлық жерде бола бермейді, ол белгілі бір сейсмикалық аймақтарды құрайды. Сейсмикалық аймақтар литосфералық тақталардың шегараларын білдіреді. Бұлар – сөнбеген жанартаулардың көпшілігі шоғырланған және жер сілкіністері жиі болатын қозғалмалы аймақтар. Жердің негізгі сейсмикалық аймақтары – Тынық мұхит жанартау белдеуі. Жерорта-Трансазиялық белдеуі(бқл белдеу Атлант мұхитының ортасынан Жерорта теңізінің бассейні арқылы Гималай таулары  және Шығыс Азияға дейін созылып жатыр), Атлант-Арктикалық белдеуі орта Атлант суасты жотасынан Исландия арқылы Арктикадағы Ломоносовжотасына дейін созылып жатыр.

Жер сілкіністері  - бұл жылдам жерасты дүмпулері және жер бетінің тербелістері. Жер қыртысындағы немесе Жер мантиясыныңжоғарғы бөлігіндегі тектоникалық жылжу және үзілулер(жарықтар) – бұлар жер сілкіністерінің туындау себебі. Осы жарықтар арқылы жер қыртысының қабаттары жылжиды , яғни жоғары көтеріледі де төмен түседі. Тау жыныстарының үзілуі мен жылжуы орын алатын тереңдігі нүктені жер сілкінісінің ошағы деп атайды .

Жер сілкінісінің ошағы 700шақырымға дейінгі тереңдікте болуы сирек кездеседі.

Жер сілкінісі ошақтарынан литосфералық тақталардың жылжуы нәтижесінде жер қыртысы арқылы тербелістерді тудыратын  толқындар тарайды. Жер сілкінісі ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте жер сілкінісінің эпицентрі деп аталады. Жерасты дүмпулері нақ осы эпицентрде ең күшті болады, эпицентрден қашықтаған сайын , дүмпу күші әлсірейді.

Жер сілкіністерінің қарқындылығы мен салдарлары

Жер сілкіністерінің серпінді сейсмикалық  толқындар түріндегі тербелістерді орасан қашықтыққа жетеді. Алайда жер сілкіністері ошақтарының маңында олар ғимараттардың бұзылуы мен адамдардың қаза табуының себебіне айналады. Бірақ жер сілкінісі салдарларының ауқымын қалай бағалауға болады? Қарқындылық – бұл жер сілкінісінің сапалық сипаттамасы және жер сілкінісінің сілкініс аймағындағы жер бетіне , адам , жануап, табиғи және жасанды құрылыстарға ықпал ету сипаты мен ауқымын білдіреді. Дүниежүзінде қарқындылықтың бірнеше шәкілі пайдаланылады: Еуропада-еуропалық макросейсмикалық шәкіл(EMS), Жапонияда – Жапония метеорология агенттігінің шәкілі(Shindo), АҚШ-та жетілділдірілген Меркалли шәкілі(MM),Қазақстанда 1964 жылы Медведев – Шпонхойер – Карник құрастырған және жетілдірілген MSK-64 (K) шәкілі қолданылады.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (106.5 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club