Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызды тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің

Автор:   •  Апрель 19, 2024  •  Реферат  •  1,572 Слов (7 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 7

Кіріспе

Қазақ халқы  өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, шебер,  қылықты болуын үнемі қадағалап, еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие беріп отырған. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі – қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Демек, бойжеткеннің бойы мен әдебін түзейтін, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні туралы кеңірек тоқталғым келіп отыр.

Зерттеудің проблемасы: халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тек әсемдік үшін ғана емес, қыз бала сымбатына, тәрбиесіне, денсаулығына маңыздылығын айқындау.

Зерттеудегі проблеманы шешудің болжамы: бұрымды бойжеткендерге шаштарыңыз ұзын әрі қалың болсын деген тілек білдіре отыра дендеріңіздің саулықтары үшін шолпы, шашбау тағуды әдетке айналдырып, қолданысқа енгізу.

Зерттеудің пәні мен нысанасы: тақырып негізінде жинақталған материалдар тарих, қазақ тілі, әдебиет пәндеріне қосымша ретінде қолдануға және тәрбие сағаттарында пайдалануға болады. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі.

Зерттеудің мақсаты: ұлттық құндылықтарымыздың кенеулісі және бойжеткен қыздардың көркі болып табылатын шолпының тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін зерделеу, кеңірек насихаттау және шаш өсіріп, шолпы тағуға деген қызығушылықтарын арттыру.

 Зерттеудің міндеті: қазақ халқының шолпының түрлерін анықтап,  зерттеу және тәрбиелік мәнін ұғыну.

Зерттеудің әдіс – тәсілдері: жинақтау, салыстыру, талдау, сұқбаттасу, сауалнама алу, мониторинг жасау.

Зерттеудің ақпарат көзіне талдау: әдеби оқулықтар, интернет ресурстары, ақын – жазушылардың пікірі, әженің ақыл – кеңесі.

Зерттеуді шешу жолдары: алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауи стильде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашады.

Зерттеуден алынған нәтижені талқылау, қорытындылау: Зерттеу жүргізу барысында өз әжемнен сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын  байқадым.  Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 6 - 7 сыныптарда оқитын қыз балалардан  сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 12-14 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты.

2.1. Қызды тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің

        Қазақ халқы  өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, шебер,  қылықты болуын үнемі қадағалап, еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие беріп отырған, яғни қыз баланың бойына қарапайымдылық, сыпайылық, биязылық, инабаттылық, ұяңдық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, имандылық сияқты қасиеттерді сіңіріп өсірген.

Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Әсіресе, қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі – шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Шүберек адам көркі болса, ұзын шаш та кез – келген қыз баланың көркі. Ертеректе қазақ қызының шашы тобыққа дейін түсіп тұратын болған. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі – қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Қыз баланы ер баладан ерекшелеп тұратын да ұзын шаш болып табылады. Талай ақын – жыршылар жырларына қосқан шаштың әйел адамы үшін алатын орны зор.[1]

...

Скачать:   txt (21.7 Kb)   pdf (803.6 Kb)   docx (726 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club