Қосымша білім беру саласында инклюзивтік білім беру
Автор: 070camry • Март 31, 2019 • Реферат • 603 Слов (3 Страниц) • 711 Просмотры
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №1 ӨНЕР МЕКТЕБІ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбаева Эльмира Букенбаевна
Тақырыбы: "Қосымша білім беру саласында инклюзивтік білім беру»
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген Н.Ә.Назарбаев Елбасымыздың сөзімен бастағым келеді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан барлық балаларды жалпы, арнайы, қосымша білім беру үрдісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімделу барысында кездескен кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бүл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін өзгеріске ұшырататын тұжырымдама жасалынады. Мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқытуға жіне тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
Мектепке жалпы мінездеме берсем:
Қосымша білім беру жүйесіндегі мекемелерінің бірі - 1983 жылдан бастап негізі қаланған Астана қаласы Білім Басқармасының «№1 өнер мектебі».
Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде: мынадай 6 бөлім бойынша жұмыс жасайды:
1.Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінде – домбыра, қобыз, дәстүрлі ән сыныптары.
2.Вокалды - хор бөлімі;
3.Аспаптық бөлімі – фортепиано, скрипка, гитара сыныптары;
4.Көркемөнер бөлімінде сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, жапсырма, өнер тарихы сабақтары өтеді.
5.Хореография бөлімінде: классикалық би, ритмика, Қазақстан хореографиясы, шетел хореографиясы және концертке дайындық пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі
6.Театр бөлімінде: актёр шеберлігі, сахна тілі, сахналық қимылдар негізі, ритмика, дауыс қою, театр тарихы, таңдау пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі.
Оқушылар жыл сайын сыныптан - сыныпқа көшу үшін емтихандар тапсырады және 4-7 жыл оқып, бекітілген мемлекеттік үлгідегі мектеп бітіргені туралы куәлікке ие болады.
2018-2019 оқу жылында «№1 өнер мектебінің» базасында, сонымен қатар, №65 мектеп гимназиясы, № 58 орта мектебі базаларында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беру моделін құру бойынша эксперименттік алаңдар ашу мүмкіндігі қарастырылған.
№1 өнер мектебінде оқушылардың білімін тиімді кеңейту, олардың танымдық қызығушылығын дамыту, балалардың ақпараттық-коммуникациялық мәдениетін қалыптастыру үшін www.ziyatker.org сайтының мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мектепте тегін оқитын инклюзивті балалар саны – 8 оқушыны құрайды. Ерекше білімді қажет ететін балалар ішінен 4 оқушы домбыра сыныбында, 1 оқушы гитара сыныбында, 1 оқушы вокал сыныбында және 2 оқушы көркемөнер бөлімінде білім алып келеді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білімнің қандай да бір түрін қамтамасыз ету және қабілеттеріне, ана тіліне, мәдениеттеріне, ата аналарының әлеуметтік статусына, психикалық физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан жағдай жасау инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты болып табылады.
...