Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру

Автор:   •  Март 5, 2018  •  Реферат  •  30,080 Слов (121 Страниц)  •  1,350 Просмотры

Страница 1 из 121

Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру (умерщвление).

Тәжірибелік практикада жануарларды жансыздандырудың түрлі әдістерін қолданады: басын кесу (декапитация), наркоздың көмегімен жансыздандыру, жануар денесі арқылы электр тогын өткізу, қантамыр жүйесіне ауа енгізу(инемен жүрегіне немесе венаішілік) немесе эфирдың плевралық қуысына (хлороформға).

      Қай әдісті таңдау жануар түріне және зерттеу мақсаттарына байланысты, бірақ тәжірибелік практикада жансыздандырудың алғашқы екі тәсілі кең тараған.

      Басын кесу (декапитация) майда лабораториялық жануарларды (бақа, тышқан) жансыздандырудың негізгі әдісі болып табылады және қайшының көмегімен іске асады.

       Ірілеу лабораториялық жануарлардың(теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер) декапитациясы үшін арнайы станоктарды қолданады: олардың бас жағында жануар басын фиксациялайтын құрылғы  және мойынға түсетін ауыр пышағы болады (гильотин).

Лабораториялық жануарларды сою.

      Жансыздандырғаннан кейін жануардың денесін арқасымен жатқан күйде бекітіп қояды. Бақаларды, тритондарды, тышқандарды және басқа майда лабораториялық жануарларды балауызды немесе пробкалық пластинкада, тақташаларда аяқтарын созып, шаншып бекітеді. Орташа немесе ірі жануарларды бекіту үшін арнайы станоктарды немесе сол мақсатпен жасалған тақталарды қолданады (цинктелген немесе шет жағынан ілгектермен, шегелермен қағылған және боялған).

     Кеуде және құрсақ қуыстарын сою техникасы барлық лабораториялық жануарларға бірдей. Бірақ түкті жабыны бар жануарлардан, алдымен, жеткілікті кең аумақты тері бөлігін кесіп алу керек. Бұл ішкі мүшелердің ластануының алдын алады. Ол үшін хирургиялық пинцеттың көмегімен іштің қабырғасының төменгі бөлігін көтеріп тұрып, пайда болған қатпарды бас жаққа бағыттап кеседі.

     Кейін қайшыны ауыстыру керек (немесе жабысқан түктен тазалау керек) және  ылғалды тампонмен пайда болған «жолақтағы» түкті сүртіп тастау керек.

     Құрсақ қуысын сою. Іш қабырғасының төменгі бөлігін пинцетпен ортаңғы сызықтан көтереді (мүшелерді зақымдап алмау үшін), құрсақ қуысына кіре беріс жерді қайшымен кеседі, сонда браншеялардың бірін енгізеді (міндетті түрде өтпейтін ) және қабырғаны (стенку) жоғары қарай кеудеге дейін кеседі. Сонан соң қан тоқтататын қысқыштарды (зажимы) алады, онымен іш қабырғасының ішкі қабаттарын ішпермен қоса қысып, сыртқа қарай қайырады. Сол кезде құрсақ қуысы ашылады.

Кеуде қуысын сою. Союды кеуденің екі жағынан, төменнен жоғарыға қарай, қабырға сіңірлері арқылы жүргізілген екі тіліктер арқылы іске асырады. Пайда болған сүйекті-шеміршекті бөлікті алып тастайды.

     Майда лабораториялы қ жануарлардың бір уақытта құрсақ та, кеуде бөлімін де сою дұрыс. Осылай істеу арқылы біз ішкі мүшелерге жету жолын жеңілдетеміз. Ал ірі жануарлардың тек керек орган алатын бөлімін сойған жөн.

Материалды алу және этикеттеу.  

Материалды алу кезіндегі басты міндеттер: алу мерзімін мүмкіндігімізше қысқарту, ұлпаларды зақымдау мүмкіндігін максималды төмендету, бекіту (фиксация) үшін оптималды жағдайлар жасау.

      Бірінші және екінші міндеттемелерді жансыздандыру мен сою техникасын жақсы меңгеру қамтамасыз етеді, сонымен қатар, өте өткір кескіш құралдарды пайдалану да (скальпель, ұстара (бритва), қайшы) рөл ойнайды.

      Материалды кескенде ұлпалармен өте ұқыпты жұмыс істеу керек:  органның зақымдалған учаскелерін (мысалы, пинцетпен қысқандағы) зерттеу үшін қалдырмаған жөн.

       Сою үшін арналған құралдарды, әсіресе материалды алуға арналғандарды, бөле сақтау керек, уақытылы қайрап тұру қажет және басқа мақсаттар үшін пайдаланбаған жөн.

Бекіту үшін қолайлы жағдайлар бекітілетін материалдың өлшемін дұрыс таңдаумен қамтамасыз етіледі, өйткені бекітетін сұйықтықтың бекітілетін материалға толық енуі біртекті және салыстырмалы түрде тезірек  болуы керек. Сондықтан қалыңдығы 5-10 мм аспайтын бөліктер кесіп алу керек. Ені мен ұзындығының өлшемі аса маңызды рөл ойнамайды  және зерттеу мақсатына байланысты.

...

Скачать:   txt (393.3 Kb)   pdf (993.8 Kb)   docx (173.3 Kb)  
Продолжить читать еще 120 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club