Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жабайы кәсіби жануарлардың туберкулез ауруына сезімталдығы мен аурудың сипаттамасы

Автор:   •  Апрель 13, 2020  •  Реферат  •  3,489 Слов (14 Страниц)  •  745 Просмотры

Страница 1 из 14

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

[pic 1]

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырып: «Жабайы кәсіби жануарлардың туберкулез ауруына сезімталдығы мен аурудың сипаттамасы»

Орындаған:  5В120200 «Ветеринариялық санитария»

мамандығының  3 курс 312топ студенті

Бостан Ақмарал Нұрланқызы

Тексерген: аға оқытушы  Байбулатова Жазира

Алматы, 2020жыл


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2.1  Туберкулез ауруына сипаттама

2.2  Кәсіби ауланатын жануарлардың туберкулезге сезімталдығы мен төзімділігі

2.3  Туберкулезбен ауырған мал етін анықтау және ауру мал етіне ветеринариялық санитариялық баға беру

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жабайы кәсіби жануарлардың туберкулез ауруына сезімталдығы мен аурудың сипаттамасы

І. Кіріспе

Кәсіби ауланатын жабайы жануарларда кездесетін аурулар үй жануарларымен ұқсас және оларды зерттеу мен ВСС үй жануарларыныңкіне ұқсас. Бір ерекшелігі жабайы жануарлар етін алдын ала қарап бақылау мүмкін емес. Кәсіби жануарлардың етін зерттеу тәртібі үй жануарларының етін зерттеу тәртібінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ жануар түріне байланысты кейбір ерекшеліктері бар. Ветеринариялық тексеруге алып келінген жабайы жануарлар ұшасының терісі сыпырылып және ішкі мүшелері алып тасталынады.

Кәсіби ауланатын жабайы жануарларда кездесетін кейбір аурулар:

Сібір жарасы жабайы жануарларда өте сирек кездеседі. Жиі жабайы тұяқты жануарларда (бұлан, жабайы солтүстік бұғы, бөкен), сонымен қатар қояндармен борсықта кездеседі.

Құтырық. Жабайы жануарлардың көп түрінде кездеседі. Құтырық кезінде ұшалар мен мүшелерге қарап диагноз қою мүмкін емес.

Пастереллез – кілегейлі және сірі қабықтың, тері асты клетчаткасының ішкі мүшелердің геморрагиялық қабынуымен сипатталатын жабайы жануарлар арасында тараған инфекциялық ауру.

Аусыл негізі жабайы жануарларда кездеседі.

Туберкулез жабайы жануарлардың көп түріне тән.

Псевдотуберкулез. Көбінесе кеміргіштертерде (қоян, сазқұндыз және т.б.) майда төмпешік  секілді құрамында некроз ошақтары сұр-сары немесе жасыл түсті казеозды массасы байқалады.

Бруцеллез – көп жабайы жануар түрінің ауруы.

Некробактериоз – терінің және кілегей қабықтың некрозды-жарамен сипатталатын қостұяқтылар және қояндар ауруы.

Эмфизематозды  карбункул бұлан және домбайда кездеседі.

Листериоз – бұл ауруға жиі қоян, жабайы қоян, қабан, бұғы тектес аң, бөкен бейім келеді.

Лептоспироз – жабайы жануарлардың көп түрі ауырады. Кеміргіштер, жабайы қояндар, теңбілді бұғы, елік және т.б. аса сезімтал.

Трихинеллез. Жабайы қабандарда, аюларда, борсықтар және жабайы етқоректілерде кездеседі.

Цистицеркоз (финноз). Цистицеркозбен бұғы, елік ауырғаны байқалған. Жабайы тұяқты жануарлардың эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседі.


2.1  Туберкулез ауруына сипаттама

Қоздырғышы —Мycobacterium tuberculosis. Мycobacterium bovium, Мycobacterium avium, Мycobacterium humanus. Туберкулездің қоздырғышы жіп-жіңішке түзу немесе жіңішкелеу келген, ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1,5—5 микрон таяқшалар болады. Бактериялық спора немесе сауытша немесе капсула түзбейді, Грам әдісімен боялады, жылжымайды. Туберкулезді қоздыратын микобактериялар қышқыл мен спирт әсер етпейтін таяқшалар қатарына жатады. Олардың минералды қышқыл және спиртпен өңдегенде түсін өзгертпейді. Сондыіқтан мұның негізінде туберкулез таяқшаларын бояуда дифференциялды, Циль-Нильсен әдісін қолданады. Патологиялық материалда таяқшалар шағын-шағын топ-топ болып, қатар-қатар немесе ұштары түйісіп жатады.

...

Скачать:   txt (50 Kb)   pdf (255.3 Kb)   docx (283.5 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club