Еңбек қорғаудың жағдайын қадағалау және бақылау
Автор: adiat008 • Июнь 22, 2022 • Реферат • 2,190 Слов (9 Страниц) • 340 Просмотры
Дәріс 4
Еңбек қорғаудың жағдайын қадағалау және бақылау
Дәріс жоспары:
- Еңбек қорғаудың жағдайын қадағалау және бақылаудың жалпы сипаты
- Мемлекеттік қадағалау
- Қоғамдық бақылау
- Ведомствалық (әкімшілік-қоғамдық) бақылау
1. Еңбек қорғаудың жағдайын қадағалау және бақылаудың жалпы сипаты
Еңбек қорғаудың жағдайын бақылаудың негізгі түрлеріне мына төмендегілер жатады:
- жұмыс жетекшісінің және басқада қызмет адамдарының оперативтік бақылауы;
- әкімшілік - қоғамдық (үшсатылы) бақылау;
- кәсіпорынның еңбек қорғау қызметімен іске асырылған бақылау;
- жоғарыдағы органдардың ведомстволық бақылауы;
- мемлекеттік қадағалау органдардың және кәсіподақтың техникалық және құқықтық инспекциясының қатысыуымен (мемлекеттік қадағалау) болатын бақылау.
Оперативтік бақылауды еңбек қорғаудың талаптарын сақтауды жұмыстың орындалу барысында тікелей басшылары іске асырады. Құрылымдық бөлімшелердегі еңбек қорғау бойынша жұмыстарды басқару функцияларының орындалуын, өзінің қызметінің міндеттеріне сай басшылар іске асырады.
Әкімшілік - қоғамдық бақылауды еңбек қорғаудың жағдайын сақтауы бойынша үшсатылы бақылауды жүргізу туралы шарттарға сай кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен қызметтегі адамдар іске асырады.
Ведомствалық бақылау құрылымдық бөлімшелерді жоғарыдағы ұйымдармен немесе олардың басшыларымен комплекстік және мақсаттық тексерістер жүргізуді қарастырады.
Мемлекеттік қадағалауды еңбек қорғау бойынша талаптарды сақтауды, өзінің қызметімен кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің әкімшілігіне және олардың жоғары тұрған органдарына бағынбайтын, арнайы мемлекеттік органдар мен инспекциялар іске асырады, сонымен қатар өзінің техникалық инспекциясы арқылы кәсіпшілік одақтар іске асырады.
Барлық экономика объектілерінің еңбек туралы заңдарының орындалуын және олардың қызмет адамдарын жоғарғы мемлекеттік қадағалау ҚР Бас Прокурорына және оған бағынышты прокурорларға жүктеледі. Прокуратураның функциялары мен өкілеттігі, заң шығаруының бұзылуын және бұзу себептерінің білінуімен, сонымен бірге бұзылуды ескертуімен байланысты.
Жалпы қадағалау ретінде, прокуратура тексерістің нәтижесі бойынша кәсіпорынның басшыларына еңбек қорғау бойынша заң шығаруды бұзуды болдырмау туралы ұсыныс жасайды, жоғары тұрған органдар басшылардың әрекетіне наразылық енгізеді (білдіреді), кінәлі қызмет адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы сұрақтар көтереді ал, олардың құрамында қылмыстық іс болса, онда оларды қылмыстық жауапқа тартады. Өлім, ауыр және топталған сәтсіз оқиғалар бойынша прокуратура өз бетінше тергеу жүргізеді.
2.Мемлекеттік қадағалау
Еңбек қорғау бойынша ереже мен норманы, стандарттарды, еңбек туралы заң шығаруды сақтауды мемлекеттік қадағалау органдарына жататындар: Өндірісте қауіпсіз еңбекті жүргізуді қадағалау бойынша және тау қадағалау (Мемтаутехқадағалау) бойынша ҚР МТЖ Департаменттері, өрттен қорғау бойынша (Мемөртқадағалау); Энергияны қадағалау бойынша мемлекеттік инспекция, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министерствасы (Мемэнергияқадағалау), ҚР Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқару денсаулық сақтау министрлігі (Мемсанэпидемқадағалау), ҚР Президентінің жанындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бойынша Мемлекеттік комитет (Мематомқадағалау), ҚР әлеумқорғау және Еңбекминистрлігінің еңбек бойынша мемлекеттік қадағалау.
ҚР Мемтаутехқадағалау таукен, кені жоқ, металлургиялық, мұнай және газшығарушы, химиялық, мұнай және газды қайта өңдеуші өндірістеріндегі, геологиялық барлау жұмыстарындағы, газдан құтқару және техника қауіпсіздігін сақтаудағы мемлекеттік қадағалауды іске асырады; газданқұтқарушы және әскеритаукенқұтқару қызметінің жағдайын, қалаларда және селоларда газбен жабдықтауды; объектілердегі, табиғи және сұйылтылған газдарды тасымалдаумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарды енгізу кезіндегі және барлық жарылысқа, өртке қауіпті химиялық және мұнайлыхимиялық өндірістегі, сақтаумен, қолданумен және өндірістік жарылғыш материалдарды есепке алумен; көтеру құралдарын қауіпсіз пайдалану, қысым мен жұмыс істейтін қазан қондырғысы мен сауытты, ыстық су мен буға арналған құбыр өткізгіштерді; пайдалы қазбалардың кенорындарын қазып шығару кезіндегі, жер қойнауын қорғау және орынды, комплексті түрде пайдаланумен қамтамасыз етуді.
...