Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркстің экономикалық ілімдерін салыстыра отырып талдау

Автор:   •  Октябрь 2, 2018  •  Реферат  •  1,718 Слов (7 Страниц)  •  1,311 Просмотры

Страница 1 из 7

А.Смит

Д.Рикардо

К.Маркс

  1. Ақша

  • Смит үшін ақша тек тауар айырбасын жеңілдетуші, кездейсоқ аралық қызмет атқаратын айналыс құралы болды. Ол ақшаның қоғамдық еңбекті сіңіруші қоғамдық байлық түрі екендігін ажырата алмады.
  • Ол толық металл ақшалар мен қағаз ақшаларды да ажырата алмады, бірақ қағаз ақшаға артықшылық баға берді.
  • Банкноттардың артық шығарылуын болдырмау үшін Смиттің ойынша банкноталардың алтынға еркін айырбасталымының болуы қажет.
  • Ақша айналымына Рикардо елеулі кеңіл белді. Ол инфляцияға қарсы, ақша айналымының тұрақтылығы үшін күресті және ақша жүйесінің негізін құрайтын алтын деп есептеді.
  • Бірақ айналыс құралы ретінде алтынды пайдалану ақылға симайды, өйткені алтын монеталардың айналысы қоғамға қағаз ақшалардың айналысымен салыстырғанда қымбатқа түсетіндігін айтты.
  • Ақшаның сандық теориясы негізінде Рикардо алтынның халыкараық қозғалыс заңдылықтарын түсіндіруге тырысты Баға деңгейінің ақша санына байланыстылығы, Рикардоның ұғмына алтынның елдер арасындағы қозғалысын тудырады
  • Ақшаның артық мөлшері мен олардың құнсыздануы, ақшаның елден сыртқа шығарылуы мен бір мезгілде сырттан тауарлардың келуін күшейтеді. Және керісінше. Соңында ақша мен тауарлардың халықаралық қозғалысы нәтижесінде тепе-теңділік орнығады.

  • Ақшаның сандық теориясына ескерту жасаған.
  • Басты аргументі- блгіленген уақыттағы сауда айналымы мен ақша массасы айналымы санына бақылаудың тұрақты болмау сипаты.
  • Ақша жалпыға бірдей төлем және сатып алу құралы.
  • Ақша тауар айырбасы жоқ болғанда өмір сүре алмайды.
  • Ақша-капиталдың өмір сүру формасы.
  1. Капитал
  • Бұл капиталистің болашақта табыс алуына қажетті  өндіріс процесінде пайдаланатын босалқы қорлары.
  • Капитал қорлануының басты факторы- ұқыптылық.
  • Капиталды негізгі және айналым капиталы деп бөлді
  • Негізі капитал Смиттің түсінігінше айналым процесіне қатынаспайды, иесінің қолында қалатын қорлар.
  • Айналым капиталы айналым процесіне өз иесінен бір формада кетіп, екінші бір формада оралатын капиталды жатқызды.
  • Д. Рикардоның капитал туралы теориясында мына бір тұжырым алдымен өзіне назар аударады: товардың айырбас құнының төмендуі тікелей оны өндірудегі негізгі капиталды көп пайдаланумен байланысты және онын «негізгі капитал үлесі көп боллған сайын онын. төмендеуі көп болады» дегенге сенуі .
  • «Капитал» категориясының мәні жөнінде оны «елдін байлығының  бір бөлігі өндірісте пайдаланылады және ол тамактан, киімнен. құралдардан, шикі материалдан, машиналардан және т. б. еңбекті козғалысқа келтіретіндерден түрады».
  • Капитал – ақша, қосымша құн әкелуші, яғни өзінен –өзі  өсетін құн.
  • Өнеркәсіп капиталы-айналымда бір мезгілде үш формада: ақша, өндірістік, тауарлық.
  • Капиталдың үздңксіз айналымда болатын сатылары:
  1. Ақша формасынан өндіріс құралы мен жұмыс күшін құрайтын формаға;
  2. Өндірістік капитал тауар формасына өте отырып, өндіріс процесіне қатысады;
  3. Өнімдерді өткізу жолымен капиталдың тауарлық формасы ақша формасына айналады.
  1. Жалақы
  • Жалақыны құнның өзгерген формасы әрі жұмыс күшінің құны екендігін Смит білген жоқ, жалақыны ол еңбектің "бағалануы деп түсінді. Бірақ жалақы деңгейін анықтауда, ол жалақының негізінде жұмысшының отбасы мен болашақта өзінің жұмыс күшін ауыстыра алатын бала-шағасын асырауға, өмір сүруіне қажетті қаржылардың құны жатқандығы туралы айтты.
  • Қалыпты жалақы деңгейін жұмыс күшінің құнына жиынтықтады.
  • Жұмыс күші құнының құрылымын зерттей келе, ол оның ең төменгі шегін (минимум) белгіледі.
  • Жалақыны - еңбектің табиғи бағасы деп есептеді. Оның пікірінше, бұл жалдамалы жұмысшының күн көрісіне қажетті табысы.
  • Рикардо сонымен қатар мөлшері жұмысшының тұрмыс жағдайын анықтайтын нақты жалақыны да ажырата білді.
  • Рикардо сол сияқты жалақыға әсер етуші факторларды да анықтады, олардың қатарына: азық-түлік, тамақ, өмірге қажетті заттардың бағасының өзгерісі, еңбек сұранысы мен ұсынысының ара қатынастары, жұмысшылардың ұдайы өндірісі шығындары.
  • Жалақы туралы Рикардоның келтірген аргументтерінің ішіндегі    басты    орынды,    жалақыны    тұрғындардың қозғалысымен байланыстыруы алады.
  • Жалдамалы жұмысшылардың

алған жалақысы – сатылған

еңбек емес, «жұмысшы күшін» капиталистермен айырбастау нәтижесі деп түсіндірді.

  • Жалақы – жұмысшы мен оның

отбасы үшін қажетті товарллардың эквивалентіне

 тең, оның дәрежесі

еңбек өнімділігіне байланысты.

  • Жалақының өсуіне кедергі –

техникалық-экономикалық

прогресс үнемі артық жұмыс

күшін туғызады.Ал ол

капиталистер мен жұмысшылардың айырбас қатынасын қорытындылап, жұмысшыларға зиян келтіреді.

  1. Құн
  • Смит құнның сапалық мазмұнынан гөрі сандық қасиетіне көбірек көңіл бөлді.
  • Біріншіден құн - еңбек шығындарымен анықталады. Смит тұтыну құны мен айырбас құнды дәл ажырата білді. 
  • Екіншіден құн - айырбас процесі кезінде белгілі бір тауарды сатып алу үшін жұмсалатын еңбек мөлшерімен анықталады.
  • Үшіншіден құн- табыстармен анықталады , яғни құн табыс көзінің үш түрі: еңбекақы, пайда және ренталардың қосындысынан құралады.
  • Тауардың айырбас және тұтыну құнын ажырата білді.
  • Ол Смиттің құнның еңбектік теориясын қолдай отырып "кез-келген құнның негізі еңбек" екендігі туралы тұжырым жасады. 
  • Құн заңының капитализм жағдайында өмір сүретінін білді. Бірақ оның қалай іс-әрекет жасайтынынкөрсете алмады.
  • ол тауардың тұтыну құнына, оның пайдалылығына назар аударды. 
  • Тауардың құны қоғамдық қажетті еңбек жұмсалуы мөлшерінен бастау алады.
  • Тұтыну құны – тауардың адам тұтынысын қанағаттандыру қабілеті.
  • Айырбас құны – заттың басқа тауарға айырбасталу қабілеті.
  • Қосымша құн – жұмысшынң төленбеген еңбегі өнімінің құны. Осы ұғымды енгізу арқылы жұмысшы құн заңын бұзбай-ақ өз еңбегі ақысының бір бөлігін алатынын көрсетті.
  1. Рента
  • Бірнеше анықтамалар береді: 1) рента бұл- жұмысшының өнімінен шегеріп тастағандағы жер иесінің иеленетін теленбей қалған еңбегі

2) рента - бұл табиғи факторлардың іс-әрекет.нің нәтижесі,

3) рента - ауыл шаруашылық енімдеріне деген монополияның нәтижесі.

  • Рентаның қалыптасуын ол жерге деген жеке меншікпен байланыстырды.
  • Ол жер учаскілерінің құнарлылығы әрі орналасуы жағынан айырмашылықтары бар екендігін және осы айырмашылықтардың дифференциялдық рентаны құрау себептері болатынын байқады.
  • Смит астық өндіретін жер учаскілерінен алынатын рентаның, ауыл шаруашылығы өндірісі енімдерінің барлық түрінен алынатын рентаны анықтайтындығын дұрыс белгіледі. 

  • Рикардоның түсінігінше рента құн заңына сәйкес құралады. Ол табиғат өнімі емес, еңбекпен жасалынады.
  • Рента түсінігін пайдамен және капитал үшін алынатын процентпен араластыруға болмайды.
  • Жерге жеке меншіктің болуы, рентаны алудың жалғыз негізі болып табылады.
  • Рента Рикардоның кезқарасы бойынша орташа пайдадан артық жасалынған құн.
  •  Ол бағаның рентадан емес, керісінше рентаның бағадан байланысты болатынын дұрыс анықтады.
  • Рикардо тек дифференциалды рентаның болатынын мойындады. Ол дифференциалды рентаның шамасын құнарлылығы төмен немесе нашар жерден алынған өнім құны мен жақсы жерден алынған енім құндарының айырмашылығы арқылы дәл анықтай білді. Қоғамның дамуымен бірге дифференциалдық рентаның да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өсуі салдарынан есетінін білді.

  • Рикардодан айырмашылы – дифференциалдық рентамен қатар абсолюттік рентаның бар екенін айтқаны.
  • Абсолютті рента – ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен және жерге жеке меншіктің болумен байланыстырады.
  • Жер иесі арендатор-фермерден рентаның табиғи деңгейінен  

жоғары аренда ақысын талап етеді,

 яғни құнарлығы жоғары, өткізу рыногына жақын орналасқан жер участкілері келтіретін артық пайдаға тең болуы тиіс.

  1. Табыс
  • Табыстың негізгі үш түрін белгіледі: 1) жалақы, 2) пайда, 3) рента. Құнның еңбектік теориясына сүйене отырып бұл табыстардың қайнар көзіне еңбекті жатқызды.
  • Смиттің пікірінше таза табыс - бұл бір жылдағы еңбекпен жасалынған жаңа құң яғни ұлттық табыс. 
  • Табыс Рента, пайда және жалақы түріндегі негізгі үш класстың табысынан тұрады
  • Табыс жалақы пайда және рентадан тұрады. Жұмысшы жалақысы еңбек өнімділігіне байланысты, еңбек өнімділігі жоғары болған сайын жұмысшы жалақысы азаяды. Пайда Жұмысшыны эксплуатациялау арқылы алынады. Рента. Жердің иесі арендатордан рентаның табиғи деңгейінен жоғары рента сұрауға құқылы.
  1. Ұдайы өндіріс

  • Өндірістің басты буыны ауыл шаруашылығы өндірісі емес, жалпы өндіріс саласы.

  • Өндірілген қоғамдық өнім құны жанадан жасалған құнға тең болды, ал сол өнімді өндіруге қатынасқан өндіріс құрал-жабдықтарының құны ескерусіз қалды. А.Смит бойынша «әңгіме ұлғайтылған емес, жай ұдайы өндіріс жөнінде» болып отыр.
  • Рикардо құнның табыстардан құралуы туралы Смиттің көзқарасымен келіспеді. Керісінше, құнның табыстарға белінетіндігіне күмән келтірмеді.
  • Рикардо үшін капиталистік өндіріс тәсілі ұлғаю шегі болмайтын абсолютті ұғым. Капитализм тұсында оның пікірінше, ара-тұра артық өндіріс орын алғанымен жалпы артық ендірудің мүлдем болмайтындығы туралы көзқарас болды.
  • Ақшаны айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырғандықтан, Рикардо тауардың тауарға тікелей айырбасы (Т-Т) мен тауар айналымының (Т-А-Т) арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмады.
  • Ұдайы өндіріс типтерін талдау схемасын ұсынды. Экономика екі бөлімше салаларынан:өндіріс құрал-жабдықтары және тұтыну заттары өндірісінен тұрады.
  • Экономикалық дағдарыстар доктариналарының бір вариантының мәні мынада: тұтынушылардың көп бөлігін құрайтын жұмысшылар жалақысының төмен болуы өздері өндірген тауарлы өнімдерді құндылығы бойынша сатып алла алмайды. Дағдарыстың болуы – артық жинақты аз тұтынудан, яғни артық жинақты пайдаланбау.
  • Капиталистер ұмтылған пайданы максимилизациялау мақсатында қорлану үшін жиынтық сұраныстың өсуінен басталады
  1. Пайда

Әртүрлі  көзқарасы болды:

  1. Табыстарды жұмысшылардың еңбегінен алынып, капиталист пен жер иесіне қосылатын паразиттік;
  2. Капиталдың қызмет етуінің нәтижесі.
  • Ол капиталистік пайданың қанаушылық табиғатын түсінді, пайданың жұмысшы еңбегінің нәтижесі оны капиталистің қайтарымсыз түрде иеленетінін, қосымша құн теориясын ашпаса да білді.
  • Тұрақты капиталдың өндіріс процесіндегі алатын орнын, оның тауардың құнына кіретінін көрсетті.
  • Пайда – жалдамалы жұмысшыны қанау процесінде жасалатын қосымша

 құнның өзгерген түрі.

  • Рикардодан айырмашылығы: жай

 пайда нормасы емес, қосымша құн нормасынан ерекшелігі.

  • Пайда нормасының төмендеу тенденциясы, бұл – капитализмнің күйреуінің тарихи феномені:

пайда нормасын үздіксіз көбейту жолында капиталдың органикалық құрылымында

тұрақты капиталдың үлесіұлғайып, өзгермелі капитал азаяды.

  1. Таптар теориясы

Қоғамда өмір сүретін үш тап: жер иеленуші , капиталист және жұмысшы бар деп көрсетті.

  • Негізгі үш тап: жер иелері, капитал мен ақша иелері және жұмысшы таптары.
  • Рикардо буржуазияның мүддесін қорғады. Бірақ ол қоғамның өндіргіш күштерінің прогрессивті даму мүддесін қорғауды өзінің міндетне көбірек алды. 
  • Екі үлкен тап – жұмыс күші бар пролетариат және қосымша құнды иемденетін капиталистер.
  • Табыстардың еңбек, капитал және жер өңдеушілер арасында бөлу проблемаларымен айналысты.
  • Буржуазия үстем тап ретінде өндіргіш күштерін ұлғайтады, ал көпшілікті құрайтын пролетариат қайыршылыққа қалады.

  1. Еңбек өнімділігі
  • Смит ғылымға еңбектің енімді және өнімсіз түрлері болатынын енгізді. Өнімді еңбек- бұл тауар өндіруге жұмсалғач еңбек, ал өнімсіз еңбек- қызмет көрсету түрлері.
  • Байлық еңбекпен жасалынады, ал еңбек өнімдері өздері үшін емес айырбас үшін өндіріледі.

Пайданы көбейтудің ол тек бір ғана жолын ұсынды- ол еңбек өнімділігін аргтыру. Ап еңбек өнімділігі жұмысшының жалақы түршде элатын құнын азайтады. 

  • Еңбек өнімділігін – қосымша құн теориясымен сипаттайды.
  • Еңбек өнімді:
  • Біріншіден, егер қосымша құн

өндірісі абсолютті емес, ол тіршілік заттары құндылығын арзандататын относительді

қосымша құн түрінде өссе;

  • Екіншіден, егер өнімді еңбек

қосымша құнды айналыста емес, тек өндіріс саласында жасайды деп мойындаса;

  1. Еңбек бөлінісі
  • Еңбек бөлінісін рыноктың ауқымдылығымен тығыз байланыстыра білді.
  • Жұмысшылардың өз ісіне мамандануы арқылы еңбек өнімділігі мен өнім көлемін бірнеше мәрте өсіруге болатындығын айтты;
  • Смит еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін үш түрлі тәсілмен арттыратындығын көрсетті: жекелеген жұмысшының ептілігі мен іскерлігін жоғарылату арқылы; бір жұмыс түрінен екінші жұмыстүріне ауысуға қажетті жұмыс уақытын үнемдеу арқылы; машиналар мен қондырғыларды ойлап табуға ықпал жасау арқылы;
  • Халықаралық еңбек бөлінісінің маңыздылығын ескере отырып Смит өзара елдер арасындағы еркін саудаға да жол берді. Әрбір ел басқа жерлермен салыстырғанда арзанға түсетін тауарларды өндіруге маманданғаны дұрыс. Халықаралық еңбек бөлінісі осылайша қалыптасады. Бұл барлық елдерге де тиімді. Мемлекеттің саясаты осы мамандануға қарсы болса, халықаралық масштабта елге зиян шектіруі сөзсіз деген пікірлерді ұстанды.

  • Рикардо халықаралық еңбек бөлінісінің салыстырмалы артықшылық теориясын алғашқы жасаушы. Халықаралық сауда жүргізудің орындылығын ол Смит секілді абсолюттік шығын шамаларын емес, салыстырмалы шығындарды салыстыру негізінде көрсетті. Ел мен елдің саудаласуынан туындайтын пайдаға. ендірістің тиімді салалық құрылымын орнату арқылы жетуге болатынын айтты.
  • Маркстің айтуынша нағыз еңбек бөлінісі тек материалды және рухани болып бөлінгенде ғана пайда болады.

Мемлекеттің экономикаға араласуы

  • Либерализм тұрғысында экономикалық еркіндікті және мемлекеттің араласпауы қағидасын қолдады.
  • Мемлекет келесідей  қызметтерді атқаруы керек:
  1. Елді қорғау;
  2. Қоғамдық мекемелерді қамтамасыз ету;
  3. Пайыз мөлшерлемесін бекіту.
  • Мемлекеттің экономикаға араласуын қаламады. Қоғам байлығының басты шарттарына еркін бәсекелестікті, еркін сауда мен еркін кәсіпкерлікті жатқызды. Рыноктық механизм ол үшін мәңгі әрі жалғыз, оңтайлы экономикалық жүйе болып есептелді.

Әлеуметтік- экономикалық қатынастарға қарағанда саясат пен мемлекетті екінші қатардағы құбылыс деп қарағандардың бірі болды.

Англияның саяси экономия өкілдерінен экономикалық либерализмді алды.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (356.6 Kb)   docx (23.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club