Жер кадастры
Автор: aidarbekov08 • Октябрь 8, 2020 • Лекция • 4,088 Слов (17 Страниц) • 506 Просмотры
«Жер кадастры» пәнінен лекция
1-дәріс
Кіріспе
Жер кадастрының халықшаруашылығында зор маңызы бар. Жер кадастр мәліметтері көмегімен мемлекетіміздің ұлттық байлығының құрамында жерді пайдаланғанда , шығымдылығын өсірудің тапсырмасын белгілеу және оның орындалуына бақылау жүргізу, жер қорының пайдалану түрін өзгерту, дәлелдеу. жерді бір категориядан екіншісіне ауыстыру және жақсарту, жерді мелиорациялау, жер қыртысы эрозиясымен, қышқылдануымен, сортаңдануымен, батпақтануымен күресу жолы. Жоспарлайтын шараларға экономикалық тиімділігіне баға беруге болады. Сонымен қатар жер кадастр проблемасында ренталық және шаруашылық есеп қатынастарды, ауылшаруашылық өнімдерін дайындайтын мәселелер, мемлекеттік сатылатын бағаларды белгілеу, жер қорын қорғаудың құқықтық мәселелері, жерді тиімді пайдалануды, таяудағы және алдағы болышақтағы болжауды ұйымдастыру мәселелері және т.б. жерді пайдалануды ұйымдастырудағы қатынасы бар мәселелерді тығыз шешеді. Сондықтан жер кадастр мынандай пәндер мен тығыз байланыста болады: саяси экономика, ауылшаруашылық экономикасы, агроөнеркәсәп кешенінің экономикалық негізі, жер заңы, жерге қоныстандырушылықтың ғылыми негізі, жер қорын жоспарлау, бағалау, ландшафт негіздері, топырақтану, жер мелиорациясы.
Жер қоры туралы мәліметтерді жинағанда, өңдегенде мына пәндер, математика, статистика негіздері, жерге орналастырудағы экономика, математикалық әдісті модельдендіру, есептеу техникасы және программалау, геодезия, жерге орналастырудағы өткізілетін геодезиялық жұмыстар, фотогромметрия, программалау және есептеу техникасы, жерге орналастыруды есептеу, зерттелетін әдістерді оқытады.
2-дәріс
Қазақстан Республикасы жер кадастрының міндеттері мен сипаттамасы
Кадастр ашық түсетін объектілердің тізімі деп білуге болады. Кадастр Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орман, жер учаскесінің мазмұны мен шекаралары, олардың сапалық сипаты туралы мәліметтердің, жер учаскелерін есепке алу және бағалау туралы, басқа да қажетті мәліметтердің жүйесін білдіреді.
Жер кадастры деп, жердің табиғат шаруашылық және құқықтық жағынан мәлімет алуға, төте нақты зерттеуге құжатты дайындауға, сақтауға бағытталған шаралар жүйесі. Жер кадастрының мақсаты – жерді уақытында пайдалануды және қорғалуын ұйымдастыру, жер қатынастарын жерге орналастыруды реттеу, жер үшін ақы мөлшерін негіздеу, шаруашылық қызметке баға беру мақсатында халықтық маслихат кеңестерінде, мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдар мен азаматтарды жер туралы жер туралы мәліметтерін қамтамасыз етуге арналған.
Мемлекетті жер кадастрының деректі жерлерді пайдалануды жоспарлау және күзету кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметтерді бағалау және жерлерді пайдалану мен күзетуге байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезінде негіз болып табылады және жермен мәліме жасау кезінде, жер үшін төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу кезінде де пайдалануы мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай жүйе бойынша бюджет қаражатының есебінен жер ресурстарын басқару және орталық жер ресурстарының органымен оның жергілікті жердегі органдары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №2718 заң күші бар жарлығына сәйкес мемлекеттік органдарды, азаматтарды және заңды тұлғаларды жер және жекеленген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жер кадастрының міндеті – жердің пайдалануын, иеленуін тіркеу, көлемі мен сапасын есепке алу,сапасын айыру және жерге экономикалық баға беруді жүзеге асыру.
Жер дегеніміз – биосфераның бір бөлігі. Ауылшаруашылығында жер кеңістік ретінде жер еңбектің жалпы құралы, өндірістің материалды негізі болып табылады.
...