Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық сектор экономикасы

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Реферат  •  2,965 Слов (12 Страниц)  •  1,376 Просмотры

Страница 1 из 12

4-бөлім

Қоғамдық сектор экономикасы  

9  Салық жүйесі

  Салықтар ежелгі заманда пайда болған.Мысалы,Киелі кітапта Исаның ата-анасы салық төлеу үшін Назаретке оралуға тиіс болғаны,ал кейіннен Иса атақты салық жинаушыны шәкіртіне айналдырғаны туралы айтылады.Сонымен қатар,Құранда да “джизияға” сілтеме келтіріліп,оны “салық”сөзіне аударуға болатыны жазылған.Осман империясында Джизия салығы-мұсылман емес,еңбекке жарамды әскер жасындағы ер-азаматтан алынатын салық болған.Жалпы анықтамаларда салық-жеке тұлғалар мен ұйымдардан заңды түрде ақша алудың құралы болғандықтан,оның төнірегінде қызу саяси пікірталастар жүреді.  

  8-тарауда салық,субсидия және салық салуды қарастырдық.Бұл тарауда салық жүйесінің құрылуындағы бірнеше теорияны зерттеп,салық салудың негізгі принциптерін қарастырамыз.7-тарауда қолданылған құралдарды салық салудан кейінгі әл-ауқатты талдауға да қолданамыз.

   Салық және тиімділік

Көптеген елдердің үкіметтері салықты екі негізге бағыт бойынша салады.Олардың бірі-үкімет ұсынатын түрлі қызметтерді төлеуге көмектесу үшін кірістерді көбейту.Екіншісі-мінез-құлыққа әсер ете отырып,қажетті нарық нәтижесіне қол жеткізу.Мысалы,үкімет тұтынуды шектеу үшін темекі және алкогольге салынатын салықты көтеруді таңдауы мүмкін және қоршаған орта зиянын тигізетін энергия түрін тұтынуды төмендету(немесе соңында көлемі азайса да,бағасы қымбаттауы мүмкін)үшін тұрғын үйге арналған күн батареяларын тұтыну сияқты жаңартылған және “жасыл ”энергияны өндіруді және тұтынуды ынталандыруға тырысуы мүмкін.Бұдан да басқа,түрлі мақсаттарға жетудің көптеген жолдары бар,бірақ саясаткерлер салық жүйесін құруда екі негізгі:тиімділік пен әділдік ұстанымына сүйенеді.

    Бірінші салық жүйесі екіншсіне қарағанда тиімдірек,себебі,мұнда төлеушілер мен үкімет үшін салық біршама төмен баға түрінде болады.Жалпы,салық төлеушіден үкіметке ақша аудару-кез келген салық жүйесінің басты ерекшелігі және айқын түрі.

     Сонымен қатар,салықтар тағы басқа екі фактор:қайтымсыз шығындар және әкімшілік ауыртпалықтар арқылы салынады.Салықтар тұтынушы мен өндіруші мінез-құлыққа әсер ете отырып,еркін нарық нәтижелеріне қарағанда,түрлі нарық нәтижелерін өндіреді.Тұтынушы және өндіруші ұтысы нәтижелерінің өзгерістеріне қарап,түрлі нәтижелерінің әлеуметтік қамтамасыз етілу көрсеткіштерін салыстыруға тырысамыз.

  Салық салынғаннан кейінгі еркін нарықпен салыстырғанда,соңғы нарық нәтижесіндегі жиынтық ұтыстың кез келген азаюы қайтымсыз шығын деп аталады.

 Қайтымсыз шығын-салық сияқты нарықтың бұрмалануы нәтижесінде пайда болатын жиынтықұтыстың төмендеуі.

 Біз білуіміз керек екінші шығын-салық заңнамасын бұзбайтын салық төлеушілерге жүктелетін әкімшілік ауыртпалықтар.Бұл-онша көп емес әкімшілік ауыртпалық пен таза шығынға алып келетін тиімді салық жүйесі.

Салықтың қайтымсыз шығыны

Салық халықтың мінез-құлқын өзгерте алады,себебі,ынталандыру да өзгеріске ұшырайды.Үкімет шайға салық салса,кей адамдар шай ішуді азайтып,есесіне кофе ішуге көшеді.Үкімет тұрғын үй құнын қымбаттатса,халықтың кейбір бөлігі кішігірім үйде тұрып,тапқан табысының көп бөлігін басқа заттарға жұмсайды.Үкімет салық арқылы табыс табуды көздесе,яғни еңбекақыға салық салынса кейбір адамдар қосымша жұмыс істемейді және оны қосымша табыс деп есептемейді,сонымен қатар,аз жұмыс істепбос уақытты өз мақсатына пайдалануды ұйғаруы мүмкін.

  Салықтың әл-ауқат деңгейіне әсері анық көрінеді.Үкімет өз табысын көбейту мақсатында салықтарды арттырса,онда бұл табыс біреудің қалтасынан шығуға тиіс.Сатып алушылар көбірек салық төлесе,сатушылап аз табыс алады.Салықтың экономикалық әл-ауқатқа әсерін анықтау үшін,ең алдымен,үкіметтің салық көтеруін және салықтың қайда жұмсалатынын және сатушы мен сатып алушы әл-ауқатының төмендеуін салыстыруымыз қажет.

  Халық таза табыс пен пайданың,олар сатып алатын және сататын тауар мен қызмет орнына салықтық ынталандыруға сәйкес қаражат бөлсе,онда салық салуға енгізілген қайтымсыз шығындар тиімсіз болуы мүмкін.8-тараудан сатушыға салынатын салық әсерімен таныса аламыз.Алайда,салықтың сатыпалушыға әсері де тура сондай нәтиже береді.Сатып алушыға салық салынған кезде,сұраныс қисығы салық мөлшеріне байланысты төмендейді;сатушыға салынған кезде,ұсыныс қисығы тура сол шамаға жоғарылайды.Дегенмен,салық енгізген кезде сатып алушы төлейтін баға жоғарылайды,сатушы мен сатып алушы салық ауыртпалығын бірдей бөліседі.

...

Скачать:   txt (46.9 Kb)   pdf (887.4 Kb)   docx (354 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club