Әлеуметтанулық тұрғыдан 21 ғасырда депрессияның деңгейінің көбею себебі
Автор: Assel0012 • Ноябрь 3, 2021 • Реферат • 542 Слов (3 Страниц) • 274 Просмотры
Әлеуметтанулық тұрғыдан 21 ғасырда депрессияның деңгейінің көбею себебі.
Адамдар жағымды да жағымсыз да эмоцияларды бастан кешіреді. Алайда үнемі көңіл-күйдің жоқтығы, қайғы-қасірет, сенімсіздік депрессияға алып келуі мүмкін. Деппрессия-қазіргі кезде кеңінен таралған психикалық аурулардың бір түрі.21 ғасырда ғалымдардың айтуы бойынша депрессиядан әрбір бесінші әйел адам, оныншы ер адам жапа шегеді екен. Депрессияның себебіне мыналарды жатқызуға болады
- Генетика (егерде отбасы мүшесінде өзіне-өзі қол жұмсау үрдісі немесе депрессия болса, бұл ауруға шалдығу мүмкіндігін арттыра алады);
- Психологиялық факторлар (адамды депрессияға ұшыратуы мүмкін себептерден де, симптомдардан да бас тарту немесе бас тарту, жалғыздық сезімі);
- Стресстер(жұмыстан шығып қалу, жақындарының қайтыс болуы, қарым-қатынас қақтығыстары заңға қатысты мәселелер)
Жоғарыда айтылғандар депрессия себептерінің аз ғана бөлігі.
Қазіргі психиатрияда депрессияның дамуын,пайда болу себептерін 3 факторға бөліп қарастыруға болады. Олар: психологиялық, биологиялық және әлеуметтік. Біз әлеуметтік тұрғыдан депрессияның пайда болу себептерін қарастырып көрейік. Менің ойымша депрессия тақырыбында қоғам мен отбасының маңызы зор. Адамның бала кезінде отбасында болған мәселелері өсе келе, қоғамдағы ауқымды проблемаларға әкелуі мүмкін. Мысалы:
- Тәрбиелеудің қатыгез түрлері.
- Ата-ана мен баланың арасындағы шиеленіскен қарым-қатынас.
- Балалық шақтағы жағымсыз естеліктер.
- Отбасында болатын түсініспеушіліктер.
Немесе керісінше қоғамда қалыптасқан стеоретиптер шаңырақтың шайқалуына әсер етіп жатады.
- Баланың өзгелерге еліктеуі.
- Адамдардың өздерін өзгелермен салыстыруы.
- Әртүрлі әлеуметтік жағдайлар т.б.
Және бұл жерде ескеретін бір жағдай әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілеті ,түрлі ситуацияларда әрекет етуі ,өзін-өзі ұстауы әртүрлі. Сонымен қатар қоғам мен отбасы депрессияның туындауына себеп болса , адамдардың депрессиядан жазылуына да себеп. Өзімізге де, өзгелерге де зиянымызды тигізбей, тәуелсіз елде бақытты өмір сүрейік.
...