Сыбайлас жемқорлық ұғымының құқықтық негіздері
Автор: Ayoka103 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 483 Слов (2 Страниц) • 900 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Академиялық адалдық пәні
№2 ОСӨЖ/СӨЖ тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымының құқықтық негіздері
Орындаған: Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау мамандығының 2 курс студенті Мыңтаева А. М.
Тексерген: Саутбаева С.Б.
Ақтөбе 2021-2022жж.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.
Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].
...