Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
Автор: dias453 • Февраль 22, 2022 • Контрольная работа • 3,834 Слов (16 Страниц) • 454 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері» пәнінің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты. Сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері курсы мемлекеттің және қоғамның негізгі құқықтық құрлымдарын, құндылықтарын және негізгі институттарымен танысыптырып, ерекшелігін көрсетеді. Сонымен бірге қазіргі күнде орын алып отырған әлеуметтік теріс құбылыс не негативті жағдай, сыбайлас жемқорлықпен күресудің алғышарттарын құрайды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы мен егемендігі қарсаңында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы бекітіліп отыр. Сондықтан мемлекет пен қоғамдағы билік жүйесі, заң, құқық, тұлға және басқа да ұғымдардың бекітілуі мен ұйымдастырылуы маңызды элементтер болып табылады.
Сондықтан жалпы білім беру пәні ретінде студенттерді қоғам мен заң саласының басты ұғымдарымен, құндылықтарымен таныстырып, білімдерін жетілдіруді қарастырады. Қоғамда, ізденушілер арасында, жас мамандар мен болашақ кәсіп иелерінің арасында осы бағыттарда білімдерін қалыптастыру және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болады.
Пәннің мақсаты:
- ҚР негізгі құқықтық құндылықтары мен ұғымдарын;
- Сыбайласжемқорлықтың мәні мен онымен күрестің шараларын, жүйесін;
- Мемлекеттік билік жүйесі мен құқық жүйесін;
- Құқықтық қатынастар, субьектілердің құқықтық мәртебелері, құқықтық жауапкершілік;
- Құқық салалары т.б. мәселерімен таныстырады.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері (білім, білік, танысу деңгейінде)
Студенттерге сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздеріпәнінің ерекшелігін ашып көрсету. Пән бойынша негізгі элементтер мен ұғымдарды зерттеп, оның мәнімен, қазіргі тенденциясымен таныстыру. Осы саладағы құқықтық-нормативтік актілердің маңызын анықтау және тәжірибеде қолдануын көрсету.
Білуі керек: сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның пайда болу себептері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-құқықтық жауапкершілік шарасы.
Істей білу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы жаңа білім алу дағдыларына ие болу - тұтас пәнаралық білім жүйесі.
Игеру қажет:құқықтық реттеу саласы көз-қарасынан оқиға мен әрекеттерді талдау және керекті нормативтік актілерге жүгіне алу; әрекет ететін заңнаманы қоладана білу; өзіндік құқықтар мен қызығушылықтарды заңды қолдану білу.
1.3 Пәннің оқу үрдісіндегі орны
- жалпыміндетті;
- міндетті;
6В04220 «Құқықтану», 6В12330 «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына:
- пререквизиты: Оқушыларға орта мектепте алатын құқықтық және тарихи білім қажет.
-постреквизиты: Әлеуметтану, Саясаттану
6В04119 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04117 «Есеп және аудит», 6В06124 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В04118 «Қаржы», 6В01606 «Тарих», 6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01708 «Екінші шет тілін қосымша меңгерумен ағылшын тілі (неміс, түрік)», 6В03115 «Психология» мамандықтарына:
- пререквизиты: Оқушыларға орта мектепте алатын құқықтық және тарихи білім қажет.
-постреквизиты: -
1.4 «Оқыту форматы»: Аралас (online, offline)
2. Пән мазмұны
2.1 Сабақ түрлеріне сағат бөлінісі
Сабақтың тақырыптық жоспары
№ | Тақырыптар | Дәріс сағаты | Тәжірибеліксағат | ОЖСӨЖ, сағат | СӨЖ, сағат |
Модуль 1. « Мемлекет және құқық туралы жалпы теориялық ұғымдар » | |||||
1 | Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік теріс құбылыс | 1 | 1 | ||
2 | Сыбайлас жемқорлыққа байланысты халықаралық әріптестік | 1 | 1 | ||
3 | Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрестің стратегиясы | 1 | 1 | 2 | |
4 | Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызы | 1 | 1 | 2 | |
5 | Қызметтік этика сыбайлас жеқорлықтың алдын алудың ресурсы ретінде | 1 | 1 | ||
8 | ҚР Конституциясы қоғамныңнегізгі заңы. | 2 | |||
9 | Адам мен азаматтың конституциялық құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері | 5 | |||
Күтілетін нәтиже:Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы теориялық ұғымдарды қалыптастыру | |||||
Модуль 2. « Мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық жүйе » | |||||
1 | Мемлекет туралы түсінік | 1 | 1 | ||
2 | Құқық- қоғамдағы ерекше категория және оның негізгі мәні | 1 | 1 | ||
3 | ҚР конституциялық құқығы | 1 | 1 | ||
4 | ҚР әкімшілік құқығы. | 1 | 1 | ||
5 | ҚР қылмыстық құқығы | 1 | 1 | ||
10 | Қылмыс қоғамдағы негативті құбылыс | 2 | |||
13 | Мемлекеттік қызмет пен оның заңдық сипаттамасы | 5 | |||
15 | Азаматтардың мүліктік және мүліктік емес жеке құндылықтарын қорғау механизмдері | 5 | |||
Күтілетін нәтиже:Мемлекет пен құқық бойынша негізгі құқықтық ұғымдар мен жүйелермен танысу | |||||
Модуль 3. « Қоғамдық қатынастарды реттеудегі жекелеген құқық салалары» | |||||
1 | ҚР азаматтық құқығы | 1 | 1 | ||
2 | Процессуалдық құқық- құқық салаларының ерекше саласы | 1 | 1 | ||
3 | ҚР еңбек құқығы | 1 | 1 | ||
4 | ҚР құқық қорғау жүйесі | 1 | 1 | ||
5 | Адам құқығы және халықаралық құқық нормалары | 1 | 1 | ||
8 | Азаматтың еңбек құқықтарының жүйесі. | 2 | |||
11 | Сот билігі мен сот төрелігі. | 5 | |||
Күтілетін нәтиже:Қоғамдық қатынастарды реттеудегі жекелеген құқық салаларымен танысу, олардың ерекшеліктерін білу | |||||
Барлығы | 15 | 15 | 10 | 20 |
...