Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорынның макро және микро ортасы

Автор:   •  Февраль 27, 2023  •  Эссе  •  1,431 Слов (6 Страниц)  •  130 Просмотры

Страница 1 из 6

           Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

                       Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

       

                                    Механика – математика факультеті

                                              Математика мамандығы

      СӨЖ

            Тақырыбы: Кәсіпорынның макро және микро ортасы

                                                       

                                                                                   Оқытушы: Есенгелдиева Г. Т

                                                                                     Студент: Тұрарбек Н.Ж

                                                                                       Тобы: ММ – 22 – 6

                                               

                                              Алматы 2023

      Қазір адамның жасап жатқан әрекеттері арқылы, әлемнің өзіндік бір мүмкіншіліктері де шектеусіз ашылып жатқаны сөзсіз. Оған көп факторларды, компоненттерді кіргізсек болады. Сол компоненттердің бір әрі бірегейі кәсіпкерлік қоғамға және адамға әсер етеу мен оны зерттеудегі негізгі қағидаларды енгізсек болады. Енді осы жайлы белшемізден батып сөз қозғайық.

      Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек. Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді. Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн.

      Қандай өндірісті тоқтату керек? Қандай өндірісті жалғастыра беру керек? Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет? Басқа басқару процесстері сияқты стратегиялық басқару да өзінің қабылдаған шешімдерін жүзеге асыру, жоспарлау  және талдау кезеңдерінен тұрады.

      Стратегиялық талдау кезеңі кәсіпорынның болашағына маңызды стратегиялық факторлардан тұрады.  Стратегиялық факторлар – бұл сыртқы ортаны дамыту бағыты. Оның біріншіден жүзеге асырылу мүмкіндігі зор, екіншіден кәсіпорынның қызметіне әсер етуі мол. Талдаудың мақсаты сыртқы орта мүмкіндігі мен кәсіпорынға төнер қауіп-қатерлерді, ұйымның немесе кәсіпорынның әлсіз немесе күшті жақтарын айқындау. Осы тарапта өте мықты талдау жүйесі SWOT-талдауды ұсынар едім. Өзім бұл талдауларды барынша қолданып көрдім, пайдасы баршылық. Енді осы талдаудың негіздеріне тоқталып өтейік.  Мүмкіндіктер – бұл сыртқы ортаның пайда мен сауда көлемін ұлғайтуы мүмкін жағымды көріністері мен тенденциялары. Мысалы, салықтың төмендеуі, халық пен кәсіпорын табыстарыны өсуі, бәсекелестердің әлсіреуі, кеден баждарының өсуі және т.б. Қатерлер – бұл кәсіпорынның қалыптасқан жағдайға сәйкес еш шара қолданбауының нәтижесінде пайда мен сауда көлемінің азаюына әсер етуі мүмкін жағымсыз көріністер мен тенденциялар. Сыртқы орта (бизнестің айналасы) екі бөліктер тұрады: – макро орта (үкімет, экономика, табиғи факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-демографиялық орта) – микро орта (акционерлер, жабдықтаушылар, кәсіподақтар, сатып алушылар, несие берушілер немесе алушылар, бәсекелестер).  Кәсіпорынға бизнес диагностика жүргізетін жақсы басқарушылық анализ кәсіпорынның ресурстары және мүкіндігін толық бағалай алады. Мониторинг жүргізіп болғаннан соң стратегиялық менеджменттің келесі кезеңі болашаққа бағытталуын талдау. Яғни кәсіпорын неге ұмтылады, мақсаты қандай? Сол үшін кәсіпорын корпоративтік миссия және кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаты анықталады.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (69 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club