Макро,микро және ультрамикро элементтер.S,P,D элементтерінің биологиялық рөлі және олардың қосылыстарын медицинада қолдану
Автор: Saltanat10012005 • Февраль 14, 2023 • Реферат • 354 Слов (2 Страниц) • 326 Просмотры
1-013 группа
Байдар Әйгерім Жақсылыққызы
Макро,микро және ультрамикро элементтер.S,P,D элементтерінің
биологиялық рөлі және олардың қосылыстарын медицинада қолдану
Химиялық элементтер менделеев кестесі бойынша s, p, d, f блоктарында орналасқан.
Әрбір элементтің биологиялық және медициналық маңызы зор.Мысалы S блогында орналасқан сутегі және калций элементтерін қарастырайық.Сутегі биосферада бос күйде болмайды. Биосферада ол табиғи суда, газдарда және органикалық заттарда кездеседі. Сутегі – көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың және организмнің нуклеин қышқылдарының құрамдас бөлігі.Тірі организмнің жасушалық массасының 90% құрайтын судың құрамында сутегі атомдарының негізгі мөлшері бар. Су жасушалық жүйеде еріткіш ретінде әрекет етеді.
Кальций. Ол адам ағзасында ең көп таралған элементтердің бірі. Кальций сүйек тінінің негізгі элементі болып табылады.Денедегі кальцийдің көп бөлігі сүйектер мен тістерде болады. Кальцийдің жетіспеушілігі гипертониялық кризді,қандағы холестерин деңгейін жоғарылатады, сүйектердің механикалық беріктігін төмендететін остеопорозды дамытады, жүйке жүйесінің қозғыштығын арттырады және шаштың түсуіне әкелуі мүмкін.P- блогында орналасқан элементтер медицинада кеңінен қолданылады. Мысалы:Көміртек.Ол адам ағзасы қандай да бір заттан уланған кезде қолданылатын активтелген көмір(карболен) құрамында болады.D-блогындағы Йод элементі. Йод – өмірлік маңызды элемент. Бұл қалқанша безі үшін құрылыс материалы. Өкінішке орай, бұл микроэлемент денеде өндірілмейді, адам оны тек тамақ арқылы алады. Йод қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады.Ағзадағы йодтың жетіспеушілігі ең алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.Йод тапшылығы иммундық жүйені әлсіретеді, қатерлі ісік қаупін арттырады және ең алдымен қалқанша безінің ауруын тудырады.
...