Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау
Автор: Asem03aa • Апрель 1, 2023 • Курсовая работа • 1,925 Слов (8 Страниц) • 264 Просмотры
[pic 1]
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Экономика ҒББД
«OM 1211, Менеджмент негіздері» пәні бойынша
1-СӨЖ. Жазбаша жұмыс
Тақырып: «Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау»
Студент: 2 курс
6B04117 «HR және бизнес жоспарлау» мамандығы бойынша
Аты-Жөні: Абдурашитова Асем
Байланыстар: тел. +7 707 7537772
E-mail: assem.abdurashitova@narxoz.kz
Пән жетекшісі: Кабдолдаева Асель Жумагуловна
Алматы, 2022
Экономиканың нарық секторындағы «Кока-кола» ұйымын ішкі және сыртқы ортасын талдау
Миссиясы - тұтынушыларды қанағаттандыру, ақша табу және алдыға ұмтылу, өсу. Әлемді, денені, ақыл мен рухты сергіту, сусындармен оптимизмді ояту.
Мақсаты-бүкіл әлемде танымал масс-мәдениетте өз орнын алу және сол жерде орнығу. Әлемнің кез-келген нүктесінде алкогольсіз өнім нарығын толығымен басып алу. Бағасы мен сапасын ең жақсы деңгейде көрсету.
Кока-кола компаниясын тандаған себебім – бұл әлемдік нарықта жүрген ең ірі компаниялардың бірі. 1880 жылдан бері келе жатқан компания жаһандық өзгерістерге қарамастан, өзінің сусындарын қазіргі күнге дейін шығаруда. Бұл тек менеджменттің арқасында ғана осындай жетістікке жетіп отыр деп ойлаймын. Қалай деген сұраққа кока-кола компаниясына талдаулар жасай отырып жауап беретін боламын.
1888 жылы Coca‑Cola сусынын өндіру құқығын Оса Кендлер (Asa Candler) есімді кәсіпкер сатып алды. Ол сондай‑ақ біз бүгін білетін The Coca-Cola Company кәсіпорнын құрды. Содан бері компания жаһандық деңгейге көтеріліп, бүкіл әлем бойынша жүздеген түрлі брендтердің астына түрлі сусындар ұсынады. Алкогольсіз сусынддар өндірісімен айналысатын әлемдік «Кока-кола» кәсіпорны өзінің үлкен көлеміне қарамастан, өз әлеуетін кеңейтуге көп ақша жұмсай отырып, қарқынды дамытуды жалғастырып отыр.
Кока-кола Қазақстанда өз қызметін 1994 жылы бастаған болатын. Ол елде алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі ретінде ресми тіркелген. Сусындары бар алғашқы шөлмектер Түркиядан импортталды, ал 1995 жылдың басында компания Алматы қаласында газдалған сусындар өндірісі бойынша жергілікті желіні іске қосты. Бұл Қазақстандағы әлемдегі ең танымал сусынды өндірудің көпжылдық тарихының бастауы болған. Бүгінгі таңда компания өз өнімдерін екі зауытта 13 өндірістік желіде шығарып отыр.
Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін 500 млн. астам АҚШ долларын инвестицияландырды және жеткізу, өндіру және дистрибуция тізбегінде қазақстандықтар үшін 8000-ға жуық тікелей және жанама жұмыс орындары құрылды.
Бүкіл әлем бойынша Бизнес табысының маңызды бөлігі корпоративтік жауапкершілік болып табылады. Кәсіпорынның перспективалық дамуы стратегиялық жоспарлау негізінде стратегиялық басқару арқылы қамтамасыз етіледі, бұл ішкі және сыртқы ортасын алдын-ала талдаусыз, оның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен сыртқы ортаның ықтимал қауіптерін анықтау мүмкін емес.
Ұйымның жұмыс істеу ортасын талдау-бұл стратегиялық басқарудың бастапқы процесі. Ол сыртқы және ішкі ортаны зерттеуді қажет етеді.
Ұйымның ішкі ортасы оның өмірлік көзі болып табылады. Ол ұйымға белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеуге, өмір сүруге мүмкіндік беретін әлеуетті қамтиды. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын ашу үшін ішкі орта зерттеледі.
Сыртқы орта ұйымды ішкі әлеуетін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін көз болып табылады. Ұйым сыртқы ортамен тұрақты алмасу жағдайында, осылайша өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаны стратегиялық басқару ұйым өз мақсаттарын анықтауда және оларға қол жеткізуде ескеруі керек қауіптер мен мүмкіндіктерді ашу үшін зерттейді.
Сыртқы орта - бұл кәсіпорынға қатысты сыртқы күштер: бәсекелестер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, инвесторлар (1-кесте). [pic 2]
...