Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясы
Автор: Dianamukhit • Сентябрь 24, 2019 • Реферат • 1,545 Слов (7 Страниц) • 955 Просмотры
2 Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясы
Автосаяхаттардың ерекшелігі болып,олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашықтыққа жасалуы табылады .Туристер группаларын тасымалдау үшін автобустар қолданады.Автобус бұл көп орынды,вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі.Микроавтобустардың ұзындығы 5 метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.
Автобустың өзінің классификациясы болады : -орындардың санына қарай; -орынның түрі бойынша ; -категориясына байланысты; -камфорттық атрибуттары бойынша;
Халықаралық автобус туралары өзінің ұзақтығымен, экскурсиялық бағдарламаның мазмұнымен және саяхат кезінде қызмет көрсету жағдайымен ерекшеленеді.Осы факторларға байланысты олар экономикалық, стандартты,фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді.Экономикалық турларда саяхатқа жақсы экскурсиялық бағдарлама, 2*-3* жұлдызды отельде түнеу,түнде жүру кіреді.Стандартты турларға 3-5* отельде орналасу,түнгі жүру, жақсы экскурсиялық бағдарлама, саяхаттайтын ірі пунктерде бос уақыт берілуі кіреді.Эксклюзивті турлар: фирмалық турлар негізінде құралады.Бірақ мұнда клиенттің жеке сұраулары көңілге алынады.
Автосаяхаттарды ұйымдастырған кезде нормотивтік – құқықтық актілермен танысу қажет.құжаттармен танысу автотасымалдауды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет.Оның ішінде «Жолаушыларды және жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдау туралы келісімінің конвенциясы»,ол 01.03.1973 жылғы Женева конвенциясының негізінде құралған,1989 жылы туризм бойынша Гаага деклорациясы, Шенген келісімі және т.б туризм жөніндегі деклорациялар.ТМД шегінде туристік тасымалдаулар 1993 жылы жасалған. Автобустық турларды ұйымдастырған кезде маңызды болып автомекемемен немесе туристерді тасымалдау үшін автокөлік иесімен шарт жасау болып табылады.Мекемеге маршрут бойынша мәлімет ,керекті құжаттар беріледі Саяхаттың режимі бойынша , бір немесе екі жүргізуші тағайындалады.Осы жағдайлар алдын ала келісіледі. Келісімде автомекемелермен туристік мекемелердің міндеттері қарасытырлады.Автомекемелердің міндеттерінде автобустың санитарлық жағдайы мен дұрыс жұмыс істеуі,автокөлікпен қамтамасыз ету, егер бұзылып қалған жағдайда ақысыз қосымша көлікпен қамтамасыз ету қарастырылады.Сонымен қатар Келісімде немесе оның қосымшаларында көрсетіледі:
...