«Sinooil» ЖШС -ке, Ernst & Young аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері
Автор: timkaaxa • Март 4, 2022 • Реферат • 3,616 Слов (15 Страниц) • 428 Просмотры
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖƏНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
[pic 1]
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЕСЕП
3 – КУРС СТУДЕНТІ
0518000 – «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ (САЛАЛАР БОЙЫНША)
Орындаған: Нуркасымов.Т
АЛМАТЫ, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .......................................................................................................... | |
3.1 «Sinooil» ЖШС -ке, Ernst & Young аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері ....... | |
3.2 Аудитті өткізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері ................ | |
3.3 Ұзақ мерзімді активтер аудиті мен ревизиясы........................................ 3.4 Ағымды активтер аудиті мен ревизиясы ................................................ | |
3.5 Ақша қаражаттар аудиті мен ревизиясы ................................................. 3.6 Міндеттемелер аудиті мен ревизиясы ..................................................... 3.7 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті мен ревизиясы ..................... | |
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................. ҚОСЫМШАЛАР............................................................................................... | |
3.1 «Sinooil» ЖШС -ке, Ernst & Young аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері
1. Ernst & Young аудиторлық фирма жұмысының құрлымы. 2016 жылғы 27 қаңтарда «Sinooil» ЖШС мен Ernst & Young аудиторлық фирма келісім шартқа отырып аудиторлық жұмыстарын жүргізеді. Ernst & Young Қазақстанда 1992 жылдан бастап жұмыс істейді, Қазақстандағы Ernst & Young-тың Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында кеңселері бар, қызметкерлердің жалпы саны 700 адам. Сызба 1-де Ernst & Young фирмасының құрлымы көрсетілен.
[pic 2]
Сызба 1. Ernst & Young фирмасының құрлымы
2. Ernst & Young аудитордың қызмет міндеттері.
Ernst & Young аудиторлық фирма анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктердіжою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
3. Ситуациялық тапсырма:
Бұл кезде аудиторлық фирманың іс-әрекетін анықтау керек. Аудиторлық фирма өзінің қызметін көрсетпестен алдын, өзінің аудиторлық принциптер мен қағидаларға сәйкесінше талабын айтуға құқығы бар. Ал бұл ситуациялық жағдайда клиенттің төлем көлеміне байланысты ұсынысы күдік туғызады. Үйткені, аудиторлық фирма өзінің қызметін көрсеткеннен кейін, клиент өзіне керектісіне жетіп, бірақ-та қалаған нәтижиеге жетпегенін айтып көрсетілген қызмет үшін төлем толық төлемей немесе мүлдем төлемей қоюы мүмкін. Сондықтан-да аудитор заңға сәйкес өз талабын қойып төлем көлемінің толық төленуін алдын ала қадағалауға немесе бұл жұмысты қабылдамауына болады.
4. Ernst & Young аудитордың қызметінің тексеру тәртібі.
Ernst & Young аудиторлық тексеру кезінде компанияның қаржылық және экономикалық қызметін зерттеуге бағытталған кешенді жұмыс жасайды. Тексеру кезінде аудитор бизнес-қызметтің нюанстарын, ішкі бақылау ережелерін, белгілі бір кезеңдегі негізгі оқиғаларды, субъектінің заңнама нормаларын орындауын, қалдықтарды түгендеудің дұрыстығын зерттейді.
3.2 Аудитті өткізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері
1. «Sinooil» ЖШС-нің ж/е Ernst & Young аудиторлық компаниясының арасындағы міндеттеме-хат рәсімделуін қарастыру.
...