Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Автор:   •  Ноябрь 27, 2020  •  Научная работа  •  3,004 Слов (13 Страниц)  •  697 Просмотры

Страница 1 из 13

Халықаралық Бизнес Университеті

[pic 1]

Ғылыми жұмыс

Бағыты: Бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу

Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Орындаған: Саурамбай Н.Ғ.

Тоқтаған Қ.С.

Ғылыми жетекші: Жұмабаева Қ.Ж.

Алматы, 2020

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мазмұны мен міндеттері
  2. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
  3. Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комиссияның міндеттері

      3. Қорытынды

      4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

«Бағалы қағаздар нарығын реттеу» ғылыми жұмысы бағалы қағаздар нарығына қатысты туындайтын теория мен практиканың өзекті мәселелерін терең зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысында бағалы қағаздар нарғын реттейтін ұлттық заңнамалар; бағалы қағаздар нарығы саласындағы өзекті түйінді проблемалар қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты – бағалы қағаздар нарығын реттеудің міндеттері және мазмұны туралы мәліметтер жинақтап, Ұлттық Комиссияның міндеттерімен танысып, тереңірек зерттеу.

Жұмыстың міндеті –  мақсатқа жету барысында түрлі ғалымдар мен сарапшылардың мақалаларын іздестіру, жинақтау.

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістемесі жинақтық негізде жүзеге асырылды.

Осы зерттеу жұмысында қолданыстағы заңнама негізінде бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу мен мемлекеттік реттеу саласындағы негізгі мәселелер, бағалы қағаздар нарығының түсінігі мен құрылымы дәйекті түрде қамтылды. Сонымен қоса, бағалы қағаздар нарығының экономикадағы орны жайлы деректер қарастырылды.

Зерттеу кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде бағалы қағаздар нарығы туралы жалпы шолу, оның мазмұны мен міндеттері қарастырылды.

  • Екінші кезеңде Қазақстаның бағалы қағаздар нарығы және оны мемлекеттік реттеу туралы жазылды.

  • Үшінші кезеңде бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комиссияның міндеттеріне талдау жасалды. 

[pic 2]

[pic 3]

         Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құралдар ретінде болуы да септігін тигізді.

    Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.

   Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.

   Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының  негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:

  • әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудан барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
  • Бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.

    Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты – ішкі және сыртқы реттеуге болады. Ішкі реттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

...

Скачать:   txt (43 Kb)   pdf (761.2 Kb)   docx (619.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club