Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Курс лекций  •  30,931 Слов (124 Страниц)  •  400 Просмотры

Страница 1 из 124

[pic 1]

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ  РМК

044 – 40/15

 

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы

«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013[pic 2]

Дәріс кешені «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА  Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___   _______ 20__ ж.

«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері»

  1. Тақырыбы №1. Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері.

  1. Мақсаты: студенттерге ҚР тұрғындарына фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері туралы түсінік беру.
  1. Дәріс тезистері:

Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін негізге ала отырып, Республика тұрғындарына дәрі-дәрмектік көмекті көрсетудің принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік түрлі меншіктегі дәріханалық ұйымдар арқылы ұйымдастырып, мемлекет тарапынан реттеу;
  • дәрі-дәрмектік көмектің көрсетілу деңгейін қалалық және ауылдық тұрғындарға бірдей мөлшерде жүргізе отырып, оларға мейлінше жақындату;
  • дәрі-дәрмектік көмекті қамтамасыз етуді фармацевтикалық ғылым мен тәжірибелердің бірлігі негізінде ұйымдастырып жүргізу;
  • фармацевтикалық қызметтің сапасын мемлекет тарапынан қамтамасыз ету;
  • тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсетудегі мемлекеттік саясатты дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды тұтынудың қысқа және ұзақ мерзімді жобалануы негізінде жүргізу.

Республика тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құрамды бөлігі болып саналады. Фармацевтикалық саланың дамуы еліміз үшін әлеуметтік, экономикалық және стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.

Елімізде экономикалық қайта құрылу жылдары фармацевтикалық салада үлкен өзгерістер болды. Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің Кеңестер дәуірінде қалыптасқан жүйесінің орнына фармацевтикалық нарықтық жүйе қалыптасты. Нәтижесінде ірі фармацевтикалық компаниялар, фирмалар және дәріханалық ұйымдар пайда болды. Отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп қарқынды дамуын бастады.

Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектік саясаттың мақсаты – тұрғындарды қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен медицина бұйымдарымен және медициналық техникалармен үзіліссіз, уақытында, жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмектік саясаттың негізгі мендеттеріне келесілер жатады:

  • тұрғындардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды тұтынуларына жағдай жасау;
  • дәрілік заттар айналысы саласында, оның ішінде дәрілік заттар өндірісіне, дәріханалық ұйымдардан босатылып – өткізілуіне және тиімді пайдаланылуына мемлекет тарапынан жүйелі түрде реттеу, бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейту;
  • фармацевтикалық ғылымдарды дамыту, нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді практикалық тұрғыда қолдануды жүзеге асыру;
  • шет елдік дәрілік заттарға тәуелділікті азайту, отандық ғылымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде дәрілік заттар өндірісін дамытудың басымдылығын қамтамасыз ету;
  • елімізде стратегиялық маңызы бар дәрілік заттар өндірісін дамыту;
  • отандық жаңа дәрілік заттарды, бірінші кезекте қауіпті және әлеуметтік маңызды ауру түрлерін емдеуде қолданылатын дәрілерді өндіруге қолайлы жағдайларды жасау;
  • дәрілік заттардың сапасын және дәріханалық ұйым, кәсіпорындар жұмыстарын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру шараларын жүргізу;
  • Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналысы саласын реттейтін құқықтық-нормативтік базаны нағайту;
  • халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, дәрілік заттар айналысы саласында басқару, ақпараттық және бақылау, қадағалау жүйелерін жақсарту;
  • халықаралық ынтымақтастық байланыстарды дамытудың негізінде әлемдік фармацевтикалық нарыққа енуді және фармацевтикалық мамандардың кәсіби білім деңгейлерін жоғарылату.

Тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының ажырамас құрамды бөлігі болып саналады. Дәрі-дәрмектік көмек халықаралық денсаулықтарын нығайтуға, азаматтардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін жоғарылатуға және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етуге ықпалды түрде әсер етеді.

...

Скачать:   txt (471.6 Kb)   pdf (908.5 Kb)   docx (224 Kb)  
Продолжить читать еще 123 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club