Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Управление качеством продукции

Автор:   •  Апрель 22, 2019  •  Курсовая работа  •  17,815 Слов (72 Страниц)  •  384 Просмотры

Страница 1 из 72

КІРІСПЕ

Қазақстанның Ұлттық бағдарламмасында "Қазақстан - 2050"  көрсетілгендей, отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін жоғарылату - оның барлық ішкі мүмкіндіктерін, қорларын тиімді басқару негізінде шешілетін міндет [1]. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.А. зор назар аударудың қажеттігін өз жолдауларында атап көрсеткен болатын. [2]

Өнім сапасы- кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның сапасын арттыру кәсіпорынның нарық жағдайында өмір сүре алуын, техникалық прогрестің қарқынын, инновацияның енуін, өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында қолданылатын ресурстың барлық түрін анықтайды. Қазіргі кезде кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктер шығарған өнім сапасына байланысты олардың өздерінің бәсекелестік қабілетін көруге болады.

Сапа – белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігін көрсететін өнім қасиеттерінің жиынтығы. Сатып алушы қандай спецификалық қасиеттерді қанағаттандыруға байланыссыз тұтыну шарттарына сәйкес келетін өнімді сапа деп атайды. Сапа жаман не жақсы болмайды, ол тек салыстырмалытүрде болады. Егер өнімнің сапасына баға беру керек болса, онда оның қасиеттерінің жиынтығын қандай да бір эталонмен ауыстыру қажет. Эталон ретінде отандық және халықаралық үлгілер стандарттары мен техникалық жағдайларға бекітілген талаптар бола алады.

Бұндай салыстыру жүргізілген кезе сапа деңгейі деген термин қолданылады. Шетел әдебиеттерінде бұл термин салыстырмалы сапа немесе өлшемді деген мағынаны білдіреді.

Кез-келген құжат немесе эталон белгілі қасиеттер жиынтығын белгілі бір уақытқа ғана белгіленеді. Қажеттіліктер үнемі өзгеріп отыратындықтан, кәсіпорында өнімді пормативті техникалық құжаттарға сәйкес өндірілгеннің өзінде оның сапасын тұтынушы қанағаттандырмауы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан оның сапасын бағалауды негізгі орынды тұтынушыға береді.

Сапа экономикалық категория ретінде тауар құрамындағы қасиеттер жиынтығын нақты тұтыну жағдайларындағы тұтынуды қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын баға беру болып табылады. Қажеттіліктер оның қасиеттерінен көрінеді.

Соңғы жылдары өнімнің экологиялық, эргономикалық, эстетикалық сияқты сипаттамалары мен қасиеттері маңызды орынға ие болып жүр. Экологиялық көрсеткіштер тауардың қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін сипаттайды және табиғатты рационалды түрде пайдалануға негізделеді. Эргономикалық көрсеткіштер адам организмінің қасиеттерімен және ерекшеліктерімен байланысты және гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, психологиялық және басқа да талаптарды орындауға негізделген. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы түрі мен формасын, дизайны мен көз тартымдылығын анықтайды және т.б.

Өнім сапасының мәселесі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие. Ол бұрын да қарапайым мәселе болған жоқ, алайда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында басты мәселелердің бірі болып тұр. Біздің кәсіпорындар үлкен қиыншылықтармен кездесуде: өндірістің қысқаруы, жабдықтаушылармен проблемалар, бәсекенің күшеюі. Осы сияқты мәселелердің шешуші кілті болып, көптеген елдердің тәжірибесінен көргендей, сапа табылады.

Нарықтық экономика өнім сапасына жаңаша талаптар қояды. Өйткені, қазіргі кезде кез-келген фирманың өмір сүруі, оның нарықтағы тұрақты жағдайы оның бәсекелестік қабілет деңгейімен анықталады. Өз кезегінде бәсекелестік қабілет бірнеше факторлармен байланысты, соның ішінде екі негізгісі – баға деңгейі мен өнім сапасы. Алайда, өнім сапасы бірінші орынға шығады, себебі еңбек өнімділігі, барлық ресурс түрлерін үнемдеу өнім сапасына орын босатады.

Бұл диплом жұмысытақырыбының өзектілігі жоғарыда көрсетілгенмен айқындалады.

Бұл жұмыстың басты мақсаты нақты кәсіпорын мысалында қызметтердің  сапасы мен бәсекелестік қабілетіне әсер ететін жағымсыз факторларды анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа жетуге арналған келесі міндеттер шешілуге тиіс:

  • өнім және қызмет сапасының теориялық мәнін және құрамын зерттеу;
  • нақты кәсіпорын қызметі мысалында сапа мен бәсекелестік қабілет көрсеткіштерін талдау;
  • қызмет атқару көлемдерінің құрамы мен құрылымын, өңдірілу ырғақтылығы мен маусымдылығын талдау, қорытынды жасау;
  • жүргізілген талдау негізінде қызмет сапасын жақсарту резервтерін анықтау, оны жетілдірудің жолдарын, шараларын құрастыру.

Зерттеу объектісі ретінде Семей қаласының «Семипалатинская транспортная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі  мен өндірістік процесі алынады.

Зерттеу пәні – фирманың өнімі мен қызметі сапасын және бәсекелестік қабілетін жоғарлатуға бағытталған қызметпен байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы болады.

...

Скачать:   txt (256.3 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (545.7 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club