Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтегі менеджмент мәселелері және жетілдіру жолдары
Автор: Maulendad • Февраль 19, 2023 • Реферат • 2,060 Слов (9 Страниц) • 225 Просмотры
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ (ROS) 1
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтегі менеджмент мәселелері және жетілдіру жолдары (Мысалы бір немесе екі түристік фирманы мысалға ала отырып)
Сіздің жұмысыңыз келесі құрылымдық бөліктерден тұруы керек: Кіріспе, Негізгі бөлім (үш бөлімнен), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
Кіріспеде Қазақстан республикасындағы туристік қызметтегі менеджментке қысқаша сипаттама бересіз, бағыттың өзектілігін, практикалық маңыздылығын айқындайсыз. Зерттеуде пайдаланған әдісті жазасыз. Осы тақырыптын өзектілігін жазасыз.
Негізгі бөлім Бірінші бөлімде үш бөлімшеден тұрады: бірінші бөлімшеде зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер мен дереккөздерге талдау жасау керек теориялық ақпарат беру. Материал жеткілікті ме, қандай көздер басым, заманауи және өзекті ме (әсіресе кітап басылымдары, мақалалар, авторефераттар, диссертациялық жұмыстар) деген сұрақтарға жауап беріңіз. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жазу міндетті! Қазақстан республикасындағы туристік қызметтегі менеджментке талдау жасаңыз, аумаққа тартымды стратегиялық даму бағыттарын бөліп көрсетіңіз (менеджменттің қандай қызмет түрлерін дамыту және қолдау керек; менеджменттің дамуын қандай факторларға байланысты қамтамасыз етуге болады; менеджменттің тұрақты бәсекелестік артықшылығын қалай қамтамасыз ету керек) деген сұрақтарға жауап беру керек.
Әр бөлімде соңында зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау міндетті! (бірінші бөлім қорытындысы)
Екінші бөлімде Сіз Қазақстан Республикасындағы бір туристік фирманы мысалға алып сол фирманың менеджменін зерттеу SWOT талдауын немесе PEST талдауын пайдалану Сізге 3 тармақ бойынша қажетті зерттеулер жүргізуге көмектеседі (https://gaikarapetyan.ru/pest-analiz-vneshnej-sredy/). Шығармашылық әлеуетіңізді көрсетіңіз, өз пікіріңізді білдіріңіз менеджментінің жақсы жақтары қандай, кемшіліктері қандай, іске асыруда кедергі қиындықтары бар ма, алға жылжу және даму перспективалары қандай Туристік қызметті дамытудың оң және теріс салдарын анықтаңыз.
Әр бөлімде соңында зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау міндетті! (Екінші бөлім қорытындысы)
Қорытынды үш бөлімде қарастырған мәселелер бойынша сіздің ойыңызша, сіз анықтаған мәселелерді шешудің қандай жолдары болуы мүмкін екенін тұжырымдаңыз менеджмент мәселелері және жетілдіру жолдары қандай!
Жұмыс топтық. 3 адамнан аспайтын топтар. Екі адам орындасада болады. Жауапты топтың бір өкілі бекітеді, қалған қатысушылардың аты-жөнін көрсете отырып сурет жібереді,
Қосымша 1. Әдебиеттер тізіміне шолуға қойылатын талаптар
Қосымша 2. Research proposal ресімдеуге қойылатын талаптар (зерттеу тұжырымдамасы)
Қосымша 3. Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістерінің тізімі ROS үшін
Қосымша 4. Зерттеу жұмысы туралы есепке қойылатын талаптар (ROS)
Қосымша 5. ROS қорытынды есебінің презентациясына қойылатын талаптар PowerPoint форматында
Word құжатының мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 70% болуы керек.
Қосымша 1
Әдебиетке қойылатын талаптар
1. Тақырып. Зерттеу сұрақтары.
Зерттеу тақырыбына әдебиетті шолу-авторы оқырмандарды зерттеу контекстімен және/немесе оның теориялық негізімен таныстыратын зерттеу бөлігі. Әдебиеттерге шолуда зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттерді қарастыру және осы әдебиетті таңдауды негіздеу маңызды.
2. Шолу көлемі.
Зерттеу тақырыбындағы қатысты әдебиеттерге шолу кем дегенде 10 ғылыми әдебиет немесе еңбекті қамту керек
дереккөздер: оқытушы ұсынған 5 әдебиеттер тізімі дереккөз, сондай-ақ 5 немесе одан да көп дереккөз, авторлар өз бетінше тапқан.
...