Шпаргалка по "Менеджменту"
Автор: ulzhanshapi • Сентябрь 11, 2023 • Шпаргалка • 6,718 Слов (27 Страниц) • 154 Просмотры
1-билет
1) Басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Орта мектеп- күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Ұйымдастыру технологиясы белгілі мақсатқа жету барысында жасалатын әрекеттердің бөлігі.Әрбір сабақ алдын ала ұйымдастырылады және оның кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімі болады.Сабақ ұйымдастырылған бөлік арқылы өтіледі.Мысалы кіріспеде мұғалім амандасады,сабақ барысымен таныстырады.Жалпы алғанда сабақ барысындағы уақытты тиімді пайдалану мақсатында қолданылады.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”. Педагогикалық компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін технология тілін меңгеруі қажет.
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 1тармақшасында бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
2) бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер
3) білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау
4) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі
2) Оқу процесін жоспарлау педагогикалық іс-әрекеттің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Шет тілдерін оқыту саласында қатаң жоспарлы, ойластырылған жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасағанда ғана мақсатқа жетуге болады. Щукин жоспарлаудың 3 түрін ажыратады: сабақтық, тақырыптық және перспективалық. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс құжаты болып табылады. Ол сабақтың тақырыбын, оны жүзеге асыру жолдарын, материалдық қамтамасыз етуді анықтайды. Жоспар нақты және мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Ол қалыптасуы тиіс білім, білік, дағды, оларға жетуге арналған жаттығулар, мәтіндер, сабақтың әрбір компонентіне бөлінген уақытты көрсетеді
Силлабусқа келетін болсақ, бұл құжатты оқу жоспары деп атауға болады, өйткені оқу жоспарының негізгі ережелерін әзірлеу кезінде ол белгілі бір типтегі мектептегі білім мазмұнының үлкен нақтылығымен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың тілін дамыту үшін қолданылатын қосымша шаралар жүйесі болып табылады.Оқушын біліктері мен дағдыларын дамытады,мұндай жұмыс мұғалім көмегімен немесе оқушы жеке орындайтын тапсырмалар.
а) Сабақтың талапқа сай өткізілуі педагогикалық үдерістің барлық элементтерімен байланысты. Мұғалімнің оқушылар мен студенттердің жеке ерекшеліктерін білуі сыныптың, әр оқушының оқу үлгерімін қадағалап, оқуға ынталандыруы үлкен әсер етеді.Сонымен, сабақтың артықшылығы – сабақтың аясында фронтальды, топтық және жеке оқыту формаларын біріктіру мүмкіндігі. Оқу процесінде сабақтың мақсаты мен мәні,оқушы мен мұғалімді өзара қарым қатынас жасауға алып келеді,соның арқасында оқушылар білімді игереді,дамиды,сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.Қәзіргі таңда аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.Аралас сабақ сабақ жоспарын,сабақтың басталуын,матералдардың түсіндірілуін,жаңа тақырыппен танысу,үй жұмысы,игерген білімді жинақтап қолданудан тұрады.Сабақтың барысында барлық элементтер қамтылып,талап сай өткізіледі.
...