Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Автор:   •  Ноябрь 21, 2022  •  Курсовая работа  •  19,267 Слов (78 Страниц)  •  219 Просмотры

Страница 1 из 78

Кіріспе

     ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 мамырындағы Қазақстан халқына елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Қазақстан халқына  жолдауында, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жайлы баяндады. Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі жеті басымдылықты ұсынды. Екінші басымдылық Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мәселесіне арналды. Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды екендігін және де өндірісті дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесін төмендету қажеттігін.

Ірі салық төлеушілерден түскен салық түсімдерін жинауды тексеру үшін Қаржы министрлігінің Салық комитетінде арнаулы бөлім құруды ойластыру керек. Ол бөлім тексеру ісіне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиіс. Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиістігі жайлы айтылды.

 Елдің экономикалық жағдайының дамуын елдегі бюджет және салық саясатының дамуынан көруге болады.

Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.

Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет. Салық салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен алынатын барлық қосымша кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.

ҚР бюджет және салық саясатын жүйелі реттеудің маңыздылығының байқалуына байланысты мен осы маңызды тақырыпты таңдадым  бұл жұмысыста бюджет, салық  жүесі және де бюджет пен салық саясаты туралы айтылады.


  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

                     1.1 Бюджет жүйесі және бюджет кұрылысы

  Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру-мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмүнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

...

Скачать:   txt (269.5 Kb)   pdf (815.4 Kb)   docx (247.2 Kb)  
Продолжить читать еще 77 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club