Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мал шаруашылығы

Автор:   •  Ноябрь 26, 2022  •  Реферат  •  1,047 Слов (5 Страниц)  •  361 Просмотры

Страница 1 из 5

                                           

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүтмайет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүнтеріет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (атөгізтүйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиырқойешкіжылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Қазақстандағы мал шаруашылығы]

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Нағыз қазақша кәсіп-мал шаруашылығы.Неге мал шаруашылығы?

  • 1.Бүгінде әлем бойынша азық-түлік ,оның ішінде ауыл шарушылығы өнімдеріне сұраныс арта түсуде және  оның өсе беретіні анық,яғни сұраныс тұрақты.Сол себепті Қазақстан аграрлы мемлекет болғандықтан,бұл сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
  •  2.Қазіргі таңда мал шаруашылығын дамытып,жүргізуде  мемлекет тарапынан  қолдаулар көп.Қазіргі таңда шаруаларға көмек ретінде немесе елімізге құйылған инвестицияның  бір бөлігі  ретінде ,өнім бағасын арзандату үшін берілетін жәрдемақы.Еліміздің ауыл шаруашылығы министрі субсидияны 6 бағытта ұсынады.Субсидия -елімізге құйылған инвестицияның бір бөлігін өтеу мақсатында беріледі,мысалы фермер шетелден мол өнім беретін асыл-тұқымды  мал әкелді делік,сол малға кеткен шығынның бір бөлігін мемлекет субсидия ретінде өтейді.Мемлекеттік субсидияны фермерлерге ҚР АШМ-І тікелей береді.
  • 3.Ғылым мен ауыл шаруашылығын ұштастыра отырып,еуропалық үлгіде заманауи технологиялы ферма құру басты мақсатымыз.

Неге бұндай бизнесті жүзеге асыру қажет?

Казақстанның  ең басты артықшылығы-ол үлкен жері және ежелден келе жатқан ата кәсібіміз мал өсіру болып табылады. Бүгінгі таңда да мал шаруашылығы өз қажеттілігін жойған жоқ, яғни өңірлік нарықта дәстүрлі түрде сұранысқа ие. Оның үстіне,  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ет өнімдерін республиканың басқа облыстарына, шетелдерге экспорттау үлкен маңызға ие.Мал шаруашылығында ірі қара ең маңызды сала болып табылады, ол халықты біріншіден жоғары сапалы тағамдармен (сүт,  май,  ет,  т. б.); екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен(жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары т.б)қамтамасыз етеді;  үшіншіден органикалық тыңайтқыштар өндіреді.Қазіргі кезде малды етке даярлаумен айналысып жүргендер өте аз, нарықтың 0,1%-ын құрайды. Соған қарамастан соңғы 5 жылда еттің бағасы 900 теңгеден 1500-1800 теңгеге дейін көтерілген. Орташа алғанда бір сиырдан 45-60%-ға дейін ет өнімін алуға болады.Сонымен қоса мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жоспарланған және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың көлемі 717 млрд тг асады.

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (116.7 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club