Жергілікті ұйымның менеджерімен сұхбат жасаңыз
Автор: aruzhan.apenova • Февраль 2, 2021 • Контрольная работа • 547 Слов (3 Страниц) • 818 Просмотры
№1 Білім алушының өзіндік жұмысы
- Жергілікті ұйымның менеджерімен сұхбат жасаңыз. Ол өзінің қызметін қалай атқаратынын зерттеңіз. Оның атқаратын рөлі және сол жұмысты істеу үшін қандай дағдылар қажет?
Мекендегі «Солнечный» мейрамханасының менеджерімен сұхбат ала келе, менеджердің тек басшы рөлін ғана атқармай, сонымен қатар штаттың жағдайын қарастыра білу керектігін түсіндім. Жақсы менеджер бірқатар рөлдерді атқара білу керек, және бірқатар қабілетке ие болу керек екен. Мейрамхана менеджері жұмысқа келе штатқа бірқатар осы күнге жоспар қойып, не істеулері керектігін түсіндірді. Және жұмыс уақыты бойынша қадағалап отырды. Бір жағдай жоспар бойынша болмаса, менеджер тез арада шешім қабылдап, өзінің шешім қабылдауға байланысты дағдысын көрсетеді. Мейрамхана менеджері болу үшін тұлғааралық қатынас дағдылары, бағалау дағдалары мен ой тұжырымдау дағдылары болуы керек деп ойлаймын.
- Ұйымның құрылымын зерттеңіз. Сіз оны кітапханадан немесе интернеттен таба аласыз. Жоғары орта және төменгі буын менеджерлердің ұйым құрылымына орналастырыңыз. Әрқайсысының атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.
Ұйым бұл ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін құрылған және қызметтері үйлестірілген түрде бірге жұмыс істейтін адамдар тобы. Ұйым құрылымы екі немесе үш (көп) деңгейлі болуы мүмкін. Екі деңдейлі құрылымда басқарудың жоғарғы буыны, яғни топ менеджерлер (жалпы ұйымды басқару) және төменгі буыны, төменгі буын менеджерлері (орындаушылардың қызметін басқару) құрылады. Үш және одан артық деңгейлері бар құрылымда ортаңғы буын пайда болады, яғни орта буын менеджерлері.
«Ұйым» терминін менеджмент концепциясы жағынан түсіну үшін ресурстар тұрғысынан түсінген жөн. Барлық ұйымдар қоршаған ортадан ресурстардың төрт негізгі түрін пайдаланады: адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстар. Адам ресурстары басқару таланты мен еңбектен тұрады. Қаржы ресурстары ұйымның ағымдағы операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын капиталы. Материалдық ресурстар шикізат, кеңсе және өндірістік нысандардан құралады. Ақпараттық ресурстар тиімді шешім қабылдауға қажет пайдалы деректер. Менеджерлер ұйымның мақсатына қол жеткізу үшін түрлі ресурстарды біріктіру мен үйлестіруге жауап береді.
...