Қонақжай индустрия жарнамасы
Автор: 101598 • Декабрь 9, 2020 • Статья • 1,513 Слов (7 Страниц) • 300 Просмотры
УДК- 3977
Сүлейман Альбина Қуанышқызы
«Тұран» Университеті, «Мейрамхана ісі
және қонақ үй бизнесі» мамандығы, 1 курс студенті.
Алматы, Қазақстан
e-mail: albina_kisa@inbox.ru
Аңдатпа: бұл мақалада, қазіргі XXI ғ. жарнама мақсаттары және ноның қонақ үй өнімдерін қонақ үй кәсіпорны бақылайтын, осы өнімдердің бірегей қасиеттері, оларды сатып алу тәртібі мен шарттары есебінен бәсекелестерден ерекшеленетін нарықтың мақсатты сегменттерінің талаптарына бейімдеуге бағытталған позициялау негіздері қарастырылған.
Анотация: в данной статье рассмотрены современные рекламные цели XXI в. и основы позиционирования но гостиничной продукции, контролируемые гостиничным предприятием, ориентированные на адаптацию их к требованиям целевых сегментов рынка, отличающимся от конкурентов за счет уникальных свойств этих продуктов, порядка и условий их приобретения.
Adaptation: in this article the modern advertising purposes of the XXI century and bases of positioning of the hotel products controlled by the hotel enterprise focused on their adaptation to requirements of target segments of the market differing from competitors at the expense of unique properties of these products, an order and conditions of their acquisition are considered.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА ЖАРНАМАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кілт сөздер: қонақ үй, индустрия, бизнес, қонақ, қызметкер,тұтынушы, сервис және т.б.
Ключевые слова: гостиница, индустрия, бизнес, отель,персонал, потребитель, сервис и т. д.
Keywords: hotel, industry, business, hotel, staff, consumer, service, etc.
Қазіргі әдебиетте маркетинг бойынша жарнаманы анықтаудың алуан түрлілігі бар. Бірақ жарнама қазіргі таңда маркетингтегі коммуникативтік қызметтің ең маңызды бөлігін білдіреді деген жалпы түсінікке қайшы келмейді. Осы ұстанымдардан қонақ үй кәсіпорнының жарнамасын анықтаймыз.
«Жарнама», яғни «реклама» (франц. рецламе, лат. рецламо — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды.
Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (аффіцһер — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді [1].
...