Тұтынушылар іс-әрекеті және маркетинг
Автор: Katuxa_5555 • Декабрь 1, 2022 • Курсовая работа • 4,425 Слов (18 Страниц) • 233 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
1. Тұтынушылар іс-әрекеті және маркетинг..........................................................................4
1.1. Тұтынушылар іс-әрекетінің мазмұны және моделі........................................................4
1.2. Тұтынушылық мінез-құлқының моделі...........................................................................4
2. Тұтынушы – ұйымдар маркетинг субъектілері ретінде....................................................4
2.1. Өндірістік белгілеудегі тауарларды сатып алушылардың сипаттамасы......................5
2.2. Сатып алулар түрлері.........................................................................................................5
3.Тұтынушылардың мінез–құлқына әсер ететін ішкі факторлар..........................................6
3.1. Мотивация түсінігі және оның мазмұны...........................................................................7
4. Тұтынушылардың мінез–құлқына әсер ететін сыртқы факторлар....................................7
4.1. Мәдени факторлар...............................................................................................................10
4.2. Әлеуметтік факторлар.........................................................................................................10
4.3. Жеке тұлға факторлары…………………………………………………………………...11
5. Шешім қабылдау процесі.......................................................................................................11
5.1. Тұтынушылық талғамның мазмұны және варианттары..................................................12
5.2. Тұтынушылық шешім қабылдау процесінің сатылары...................................................12
5.3.Шешім қабылдау процесінің типтері.................................................................................13
Қорытынды..................................................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................................15
Кіріспе
Тұтынушылармен жұмыс жасау, яғни сараптау, болжамдау, шын мәнінде оның іс-әрекетін басқару маркетинг саласында қызмет жасайтын, мейлі ол сатушы, не сауда агенті, маркетинг – менеджер, не маркетинг – директор болсын, оның күнделікті кәсіби қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда мақсатты рынокты білу, рыноктың жаңа сегменттерін қалыптастыру және рыноктарды сақтай білу қажеттілігі тек маркетологтар үшін ғана, сондай-ақ басқалар үшін арта түсті. Нарықтық қатынастардың дамуымен және бәсекелестіктің күшеюімен қатар нарықтық қатынастардың әрбір қатысушы үшін тұтынушымен жұмыс істеу өзектілігі ұлғая түсуде. Нарықтық экономика жағдайында әрбір маман өз қызметіне деген тұтынушылардың сұранымын қалыптастыра және сақтап қалуы тиіс.Тұтынушылардың іс-әрекеті маркетинг бағыттарының бірі. Оның әдісімен зерттеу мен коммерциялық кәсіпорындар үшін ғана, сондай-ақ жалпы мемлекетке қызмет жасауға ықпал етеді. Тұтынушылардың іс-әрекеті – салыстырмалы түрде жас ғылым саласы. «Тұтынушылар іс-әрекеті» пәні экономика, маркетинг және психология пәндерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан және бірте-бірте басқа да көптеген білім салаларынан әдістер жиынтығын қамтыған.
1.Тұтынушылар іс-әрекеті және маркетинг
1.1.Тұтынушылар іс-әрекетінің мазмұны және моделі
Тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары ретінде адамдар және әртүрлі деңгейдегі және саладағы ұйымдар бола алады. Сайлаушылар, үй шаруашылықтары, кіші фирмалар мен ғаламдық компаниялар, елдер немесе ұлттар, халықаралық ұйымдар, сондай–ақ біртұтас әлемдік қауымдастық – осылардың барлығы материалдық формадағы нақты тауарлар мен қызметтер тұтынушылары ретінде де қарастырылуы мүмкін. Ғаламдану кезінде және бәсекелестіктің терендей түсуі жағдайында әртүрлі елдердегі қызметтер мен тауарлар өндірушілердің мүдделері тұтынушылардың мінез–құлықтарын зерттеу механизмдеріне және өз мақсаттарына жету үшін осы механизмдерді пайдалану мүмкіндіктеріне ауыса бастады. Тұтынушылардың мінез–құлқы дегеніміз қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай–ақ шешім процестеріне тікелей бағытталған іс-әрекет. Тұтынушылардың мінез–іс әрекеті саласы білімнің салыстырмалы түрде жаңа сала болып табылады. Бұл сала алғаш рет 1960–шы жылдары зерттеліне бастады.
...