Маркетинг коммуникациялары
Автор: aliya5555 • Апрель 21, 2022 • Лекция • 3,079 Слов (13 Страниц) • 247 Просмотры
Маркетинг коммуникациялары
10.1. Коммуникациялық саясат
Маркетингтік коммуникация – табысты жоғарлату мақсатында сұ - ранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған кəсіпорынның ішкі ортасына жəне қоғамға əсерін тигізетін шаралар жүйесі.
Маркетингтік коммуникация:
- коммуникатор (ақпаратты жіберуші);
- адресат (ақпаратты қабылдаушы);
- ақпарат;
- коммуникациялық саясат (коммуникация нысандары) сияқты төрт негізгі компонентті енгізетін жүйе ретінде анықталады.
Соңында оған алынған нəтижені де жатқызуға болады.
Кəсіпорынның маркетингтік коммуникациясының мақсатты аудиторияларына тоқталып кетейік. Маркетингтік коммуникацияның негізгі адресаттарына келесілер жатады:
1. Фирма қызметкерлері. Қойылған мақсатқа қол жеткізу көп жағдайда фирма басшылығының өз қызметкерлерімен тіл табысу жағдайына, оларды ынталандыру əдістеріне жəне ұжымдағы психологиялық климатқа өте тəуелді болып келеді. Бұл кезде жиі қолданылатын коммуникация құралдарына: жұмыс нəтижелерін материалдық ынталандыру; қызметті жоғарылату жүйесі; артықшылықтар жүйесі, қызметкерлер арасындағы байқаулар, демеушілік жатады.
Фирмамен күтілетін жауапты реакция қызметкерлердің өз жұмыстарына ынталы қарауымен, еңбекке шығармашылық қатынасымен, ұжымда жағымды моральдік-психологиялық климатты қалыптастыруымен анықталады.
2. Шынайы жəне əлеуетті тұтынушылар (мақсатты нарық) – маркетингтік коммуникация кешенінің маңызды адресаты. Мақсатты нарықтағы коммуникация жүйесі, басқа нарықтарға қарағанда, ерекше болып саналады. Өйткені тұтынушы тауарды не қызметті тұ тынатын маңызды компонент. Фирмамен күтілетін жауапты реакция нақты маркетингтік жағдайға байланысты ерекшеленеді. Соңында фирмамен ұсынылатын өнімді тұтыну ең маңызды мақсат деп айтуға болады.
3. Маркетингтік делдалдар. Оларға: сауда делдалдары, жеке маркетингтік функцияларды атқаратын жеке тұлғалар мен фирмалар (мысалы, маркетингтік зерттеулер агенттігі, жарнамалық агенттіктер, т.б.) жатады. Коммуникацияның бұл адресатының ерекшелігі – маркетингтік делдал мақсатты нарықтағы фирма мен нақты аудиториялар арасындағы коммуникацияның аралық тізбесі ретінде қолданылуы.
Маркетингтік делдалдарға қолданылатын коммуникация құралдарға: жарнама, шегерімдер жүйесі, біріккен жарнама, байқаулар, насихат, т.б. жатады. Күтілетін реакция – маркетингтік іс-шараларды іске асыруда өзара байланыстар мен өзара қатынастар атмосферасында іскерлік əріптестік.
4. Байланыс аудиториялары. Фирманың табыстылығына əсер етеді. Коммуникацияның негізгі құралдарына насихат, жарнама, демеушілік, қалалық, аудандық əлеуметтік мəселелерді шешуге қатысу, ал фирманың байланыс аудиторияларынан күтетін жауапты реакцияларына оның қызметіне оң əсер ету, фирманың жағымды беделін қалыптастыруға ықпал ету, қарама-қайшылықтарды жою жатады.
5. Қызметті өндірушілер. Коммуникациялық құралдар ретінде жарнама мен насихат қолданылуы мүмкін. Күтілетін жауапты реакция – өзара тиімді шарттарда іскерлік ынтымақтастық.
6. Мемлекеттік билік пен басқару органдары – заң шығарушы жəне атқарушы органдар. Олармен қарым-қатынасты орнату мен қолдау үшін лоббизм, жалпымемлекеттік бағдарламаларға (экономикалық, экологиялық, мəдени) қатысу, көрмелер мен жəрмеңкелерге қатысу жəне т.б. жүзеге асады. Күтілетін жауапты реакция – кəсіпорын қызметіне жағымды климат қалыптастыру.
Өнімді жылжыту – тұтынушылық нарықта клиенттерді тартуға, сатыс көлемін ұлғайтуға, фирманың жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған іс-əрекеттер жиынтығы.
Өнімді жылжыту мақсаттары:
- кəсіпорынның жаңа ұсынысымен таныстырған қажеттіліктерді ынталандыру;
- өнімнің жағымды жақтарын немесе ерекше артықшылықтарын тұтынушыларға сендіру;
- фирманың əйгілі өнімдеріне сұранымды ұстап тұру;
- қызметті көп көлемде жəне жиі тұтынып тұруға сендіру;
- белгілі бір жыл мезгілдерінде қызметтерге сұранымды ынталандыру;
- ерекше қызмет түрлерін тұтынуға ынталандыру шараларын жүргізу;
- қоғамда фирманың жағымды беделін ұстап тұру.
Өнімді жылжыту бойынша іс-шаралар тізіміне (промоушенмикс) келесілер енеді (10.1-кесте):
...