Ұзақ мерзімді активтер есебі
Автор: GulsayaOmirali • Декабрь 5, 2018 • Курсовая работа • 9,361 Слов (38 Страниц) • 3,077 Просмотры
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі ҚЕХС көшу үшін бухгалтерлік есепті түрлендіру қажеттілігі, кәсіпорын үшін қазіргі кезде басты міндет болып табылатындығымен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің мәнін ашу және оның нарықтық қатынастар жүйесіндегі міндеттері мен маңызы.
Қойылған мақсаттар төмендегідей міндеттермен байланысты:
1. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің теориялық аспектілерін зерттеу;
2. «AtamekenProd» ЖШС ұзақ мерзімді активтеріне талдау жүргізу.
Зерттеу пәні ұзақ мерзімді активтерді есепке алу қағидалары және тәртібі болып табылады. Зерттелетін объект ЖШС «AtamekenProd».
Курстық жұмыс тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетілген осы кіріспеден; кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері бойынша теориялық негіздері, қаржылық жағдайының талдауы және есебі зерттелетін екі бөлімнен; қорытындыдан; пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып: нормативті актілер, монографиялар мен мақалалар, отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері, танымал оқу құралдары, «AtamekenProd» ЖШС жылдық қаржы есептілігі.
Кәсіпорынның активтері – оның ресурстары болып табылады, ол оның қаржылық әлеуеті туралы түсінік береді. ХҚЕС кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерін қысқа және ұзақ мерзімдіге бөліп қарастырады. Ұзақ мерзімді активтер – бұл ұзақ уақыт бойы кәсіпорынмен қолданылатын экономикалық ресурстардың бір бөлігі. Осы курстық жұмыста қарастырылатын ұзақ мерзімді активтер, ол – негізгі құралдар мен материалдық емес активтер болып табылады.
Негізгі құралдар кәсіпорынның балансына ақша қаражаттарына немесе несиеге алынғанда, басқа ұйымдардан қайтарымсыз келіп түскенде, жарғылық капиталға салым ретінде келгенде, басқа активтермен айырбастағанда, құрылыс жолымен және т.б. келіп түсуі бейнеленеді.
Кәсіпорын негізгі құралдарды басқа ұйымдарға тегін беруге, сатуға немесе айырбастауға; өзіне тиесілі ғимаратты, құрылысты, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, инвентарды жалға беруге; егер моральды немесе физикалық тозуға ұшыраса, толық амортизацияланбағанына қарамастан баланстан шығаруға толықтай құқығы бар.
Материалдық емес активтер материалдық-заттық (табиғи) формасының жоқтығымен сипатталады, бірақ қандай да бір объектке интеллектуалдық меншік құқығын көрсетеді (авторлық құқық, сауда белгісі құқықтары, сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және т.б.).
1. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ ЕСЕБІН ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ұзақ мерзімді активтердің түсінігі, жіктелуі
Ұзақ мерзімді активтер – бұл компанияның ресурстары, оларды пайдаланудан болатын экономикалық пайданы, ұзақ кезең ішінде алуға көзделген және олар сату үшін емес, кәсіпорын қызметінде пайдалану үшін алынады.
Ұзақ мерзімді активтер мынадай категорияларға бөлінеді:
1. Материалдық активтер – физикалық субстанциясы бар. Ғимарат және құралдар – өндірілген және офистік құралдар амортизациясына жатады. Демек, материалдық активтердің құнын мерзім ішінде пайдаланған кезде бөлу. Жер амортизацияға жатпайтын жалғыз материалдық актив болып табылады, себебі оның пайдаланылуы шексіз.
2. Материалдық емес активтер - физикалық субстанцисы жоқ, бірақ амортизацияға жатады. Материалдық емес активтердің құны пайда тапқанда кезеңдерге бөлінеді. Материалдық емес активтерге авторлық құқық, сауда маркалары, патенттер, франшизалар, ұйымдық шығындар мен істің деңгейі жатады.
Ұзақ мерзімді активтерге сонымен қатар инвестициялар, капиталдық салымдар және ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар жатады. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу процесінде қолданылмайтын активтер ұзақ мерзімді активтер категориясына жатады. Егер жерді пайдаланудың негізгі мақсаты спекуляция болса, онда оны инвестиция ретінде қарастырғаны жөн. Егер жерді қайта сату мақсатында пайдаланса, онда ол запас ретінде қарастырылады.
...